А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Шаруа (фермер) қожалығының заңдық мәртебесі



Pdf көрінісі
бет32/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Шаруа (фермер) қожалығының заңдық мәртебесі
туралы 
ережелер ҚР АК 224-225-226-б. және «Шаруа (фермер) қожалығы 
туралы» Заңда (әрі қарай ШФҚ туралы Заң) кӛрініс тапқан.


72 
ШФҚ туралы Заңының 1-бабына сәйкес, адамдардың жеке 
кәсiпкерлiктi жҥзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған 
жерлердi ауыл шаруашылығы ӛнiмiн ӛндiрумен, сондай-ақ осы 
ӛнiмдi ҧқсатумен және ӛткiзумен тығыз байланысты отбасылық-
еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп танылады. 
Осы баптың нормаларына сәйкес, заңды тҧлға қҧрмай және 
заңды тҧлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен 
айналысатын жеке тҧлғалар шаруа (фермер) қожалығы 
субъектiлерi болып табылады.
Шаруа 
(фермер) 
қожалығының 
мҥшелерi 
ортақ 
шаруашылықты бiрлесiп жҥргiзетiн жҧбайлар, балалар, асырап 
алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын 
туыстар болып табылады.
Сонымен қатар, ШФҚ туралы заңда ШФҚ мҥшелікті тану 
ҥшін ортақ шаруашылықты бірлесіп жҥргізу айтылып ӛтеді.
Шаруа (фермер) қожалығы:
1. кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына 
негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жҥзеге асырылатын 
шаруа қожалығы;
2. ӛзiндiк кәсiпкерлiктi жҥзеге асыруға негiзделген фермер 
қожалығы;
3. бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шарт негiзiнде, 
жалпы ҥлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында 
ҧйымдастырылған фермер қожалығы сияқты нысандары болуы 
мҥмкін. 
Шаруа (фермер) қожалығы ерiктi негiзде қҧрылады және жер 
учаскесiне жеке меншік қҧқығын немесе жер пайдалану қҧқығын 
мемлекеттiк тiркеуден ӛткiзген кезден бастап қҧрылды деп 
есептеледi (Қазақстан Республикасының азаматтары ҥшін).
Шаруа (фермер) қожалығы шаруашылық жҥргізу нысаны 
ретінде Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының 
тең қҧқықтық ӛндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығы ӛз қызметiнiң бағытын
ӛндiрiсiнiң қҧрылымы мен кӛлемдерiн дербес айқындайды, ӛнiмдi 
ӛсiредi, ҧқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жҥргiзумен 
байланысты басқа да мәселелердi шешедi.


73 
18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының iс-әрекетке 
қабiлеттi кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының 
басшысы бола алады. ШФҚ басшысы ҧйымдармен, азаматтармен 
және мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста оның мҥдделерiн 
бiлдiредi және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-қҧқықтық 
мәмiлелердi жҥзеге асырады.
Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және 
банктегi ӛз ақшаларына иелiк етуге қҧқылы.
Шаруа (фермер) қожалығына салық салу тәртібі мен 
ережелері, мҥшелерінің табысы Қазақстан Республикасының 
Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жҥзеге асырылады. ШФҚ 
мҥшелерінің табысы және қожалықта шарт бойынша жҧмыс 
істейтін азаматтардың табысы толық кӛлемде табыстар туралы 
декларацияда кӛрсетілуі керек.
ШФҚ туралы Заңның 17 бабына сәйкес, ШФҚ қолданылып 
жҥрген заңдарда белгiленген тәртiп пен ережелер бойынша 
мҥлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану қҧқығын кепiлге салып 
несие алуға қҧқылы, сонымен қатар ШФҚ сақтандыру туралы 
қолданылып жҥрген заңдарға сәйкес жалға алынған және жеке 
меншiк ӛндiрiс қҧрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауылшаруашылық 
дақылдарының егiсiн (екпелерiн), кӛпжылдық екпелердi, шығарған 
ӛнiмдерiн, 
шикiзатты, 
материалдарды 
жойылуы 
немесе 
зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жҥзеге асырады.
АК 224-б. 1-т. сәйкес, ШФҚ мҥлкі, мҥшелерінің бірлескен 
меншік қҧқығында тиесілі болады. Дегенмен, бҧл жағдайда ШФҚ 
әртҥрлерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. ҚР АК 224-б. 1-т. 
ережелері шаруашылық қожалықтарына қолданылады.
ШФҚ ортақ мҥлкін иелену және пайдалану азаматтық 
заңнаманың жалпы ережелері бойынша жҥзеге асырылады. 
Алайда, қожалықта қызмет атқаруға мҥшелік негізде емес, еңбек 
шартымен немесе басқа да негіздермен тартылған тҧлғалар 
қожалықтың мҥлкінің иесі болып табылмайды және меншік 
иесінің қҧзыретін атқармайды.
Жалпы ережелермен (212, 220-б.) салыстырғанда, ортақ 
меншікке билік жҥргізудің ерекшелігі болып, оны әдетте қожалық 
басшысының жҥзеге асыруы танылады. Қожалық басшысы басқа 


74 
қҧқық субъектілерімен қарым-қатынаста қожалықтың мҥддесін 
білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-қҧқықтық 
мәмілелерді жҥзеге асырады.
Шаруа (фермер) қожалығымен ауылшаруашылық қызметін 
жҥргізудің негізі болып жер учаскесі танылады. Жер учаскелерін 
беру және пайдалану тәртібі ҚР Жер кодексімен және ШФҚ 
туралы Заңның 2-тарауымен анықталады. Жер учаскелерi шаруа 
(фермер) қожалығын жҥргiзу ҥшiн - жеке меншiк қҧқығымен 
(Қазақстан Республикасының азаматтарына) немесе 10 жылға 
дейiнгi мерзiмге (шетел азаматтары ҥшін) уақытша ӛтеулi жер 
пайдалану қҧқығымен берiледi.
ШФҚ тоқтатылған жағдайда, ортақ мҥлік ҚР АК 218 және 
221-баптарында кӛзделген ережелер бойынша бӛлінуге тиіс, себебі 
бҧл мҥліктің бірлескен немесе ҥлестік меншікте болғаны 
ескеріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығы мҥшелерінің бірі одан 
шыққан кезде, шаруашылықтың ӛндіріс қҧрал-жабдықтары 
бӛлінуге жатпайды. Алайда, қожалықтан шыққан адамның бҧл 
мҥлікке ортақ меншіктегі ӛз ҥлесіне сәйкес ақшалай ӛтем алуға 
қҧқығы бар.
Қожалық мҥлкін бӛлген немесе қожалықтан шыққан кезде 
бірлескен меншік қҧқығындағы қожалық мҥшелерінің, егер 
олардың арасындағы келісімде ӛзгеше кӛзделмесе, қожалық 
мҥлкіне ҥлестері тең деп танылады. 
ШФҚ қызметі:
1. егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-
бiр қожалық мҥшесi, мҧрагер немесе басқа адам қалмаса
2. банкрот болса; 
3. жер учаскесiне жеке меншiк қҧқығы немесе жер пайдалану 
қҧқығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады. 
Шаруа (фермер) қожалығының қызметiн жҥзеге асыру 
нәтижесiнде туатын мҥлiктiң, жер даулары мен ӛзге де даулар сот 
тәртiбiмен қаралады.


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет