ҚР-ғы сақтандыру компанияларының қызметіндегі проблемалары және оны шешу жолдары.
Аннотация. Қазақстанда онлайн-сақтандыру және электронды полис бір жылдан астам уақыт сәтті жұмыс істеп келеді. Келесі қадам ерікті нысанда, атап айтқанда, жол жүру және мүліктік сақтандыру бойынша онлайн-сақтандыруды дамыту болады. Сонымен қатар, сақтандыру нарығында алаяқтық өсіп келеді
Жалпы сақтандыру саласы бойынша көрсеткіштер (ЖСК)
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 509 млрд теңге сомасына сақтандыру сыйақыларын жинады, бұл 2018 жылға қарағанда 32%-ға артық, оның ішінде жалпы сақтандыру саласының компаниялары 311 млрд теңге жинады, өсім 21%-ды құрады.
Міндетті сақтандыру бойынша ЖСК-ның сақтандыру сыйақыларының көлемі 84 млрд теңгеге жетті, 2018 жылға қарағанда өсім 13% құрады, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 48 млрд теңге, өсім – 48%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 180 млрд теңге, өсім 19%-ды құрады.
АвтоКАСКО (өсім – 31%), Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (өсім – 28%), мүлікті сақтандыру (өсім – 23%), жүктерді сақтандыру (өсім – 88%) сияқты сақтандыру кластары бойынша елеулі өсім байқалып отыр.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының көлемі 79 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйақыларының барлық көлемінің 25%-ын құрады. Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының 24%-ы берілді.
ЖСК сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 2019 жылы 199 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 150% -ға артық. Оның ішінде таза төлемдер (қайта сақтандырудан кейін) 83 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 17% -ға артық.
Сақтандырудың ең кең таралған түрі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлемдер саны 2018 жылмен салыстырғанда 59 835-тен 74 914-ке дейін артты. Оның ішінде орташа төлем 368 мың теңгеден 396 мың теңгеге дейін өсті, демек өсім – 8%-ды құрап отыр.
Жалпы сақтандырудағы сақтандыру секторы активтерінің көлемі 767 млрд теңгеден асты, өсім – 7%. Міндеттемелер 2% -ға, 293 млрд теңгеге дейін азайды. Сақтандыру резервтері көлемінің төмендеуі 9%-ды құрады (232 млрд теңгеге дейін). Жеке капитал - 474 млрд теңге, өсім – 13%.
Достарыңызбен бөлісу: |