70
ерікті тҥрде тең қҧқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК 233-б. 1-
т.).
Консорциум – бҧл заңды тҧлғалардың бірлесуінің бір нысаны.
Дегенмен, ӛздері заңды тҧлға болып табылатын және
коммерциялық
болуы
мҥмкін
(бірнеше
шаруашылық
серіктестіктер шаруашылық серіктестік нысанында коммерциялық
бірлестік қҧрады) немесе коммерциялық емес ассоциация (одақ)
нысанында қҧрылатын бірлестіктермен араластырмау керек.
Консорциум заңды тҧлға болып табылмайды. Бҧл шарттық
бірлестік және консорциумға
қатысушылардың арасындағы
барлық қатынастар бірлескен қызмет туралы шартпен және
консорциум мҥлкіне қатысты мәселелер ортақ ҥлестік меншік
туралы нормалармен анықталады.
Консорциум
қатысушылары
заңды
тҧлғалар
болып
табылатын, жай серіктестіктің бір тҥрі. Сондықтан, жай
серіктестік туралы барлық ережелер толық кӛлемде консорциумға
да қолданылады. Бҧл уақытша бірлестік,
себебі консорциум
белігілі бір уақытқа немесе белгілі бір мақсатқа қол жеткізу ҥшін
қҧрылады. Дегенмен, кейбір кезде қҧрылу мақсаты соншалықты
анықсыз болғандықтан, консорциум іс жҥзінде мерзімсіз болып
қалады. Мысалы, балалардың ойын-сауық
орталығын салу және
оның кейінгі қызметі бойынша консорциум.
Консорциумға қатысты бірлескен қызмет туралы шарт
«консорциалдық келісім» деп аталынады. Шарттық қҧқық
теориясында консорциалдық келісім бірлескен қызметті жҥзеге
асыру белгісі бойынша топтастырылған шарттардың қатарына
жатқызылады. Шарттардың аталмыш топтарының ішінде
бірлесудің мақсатына қарай ажырату жҥргізіледі: не бҧл заңды
тҧлға қҧру немесе заңды тҧлға қҧрмай-ақ бірлескен шаруашылық
қызмет.
Консорциалдық келісімнің мақсаты қҧқық субъектілігіне ие
емес бірлестік қҧру, міне, бірлестіктің осы нысаны Қазақстанның,
сонымен қатар ТМД-ның басқада мемлекеттерінің кәсіпкерлері
ҥшін қызығушылық танытады.
Біріншіден, оны қҧрушыларға
заңды тҧлға қҧрып қажет емес және тіркеумен және одан кейін
қайта тіркеумен байланысты уақыттық, ҧйымдастырушылық және
71
қаржылық шығындар кӛтерудің де қажеті жоқ. Екіншіден,
консорциумда заңды тҧлға мәртебесінің жоқтығына қарамастан,
соның арқасында істерін оның қҧрамына кіретін заңды тҧлғаның
бірі жҥргізеді, сәйкесінше, ол заңды тҧлғаның барлық белгілеріне
және мҥмкіндіктеріне ие болады. Ҥшіншіден, консорциум икемді,
себебі оның қҧрамынан жекелеген қатысушыларының қосымша
тіркеу және рҧқсат алу ҥрдістерінсіз
тез ену және тез шығумен
сипатталады, әрине ол ӛз кезегінде кӛптеген кәсіпкерлерді
қызықтырады. Тӛртіншіден, консорциумның артықшылығы оны
басқарудың икемділігі мен нҧсқамалық сызбасының болуы
табылады, консорциумды барлығы емес, ал
бірнеше арнайы
тағайындалған
қатысушылары
басқарғанда,
«меңгерушілік
бойынша» басқару мҥмкіндігіне ие болады, яғни бір қатысушы
стратегиялық жоспарлау мен дамытуды «меңгерсе», екінішісі –
жарнаманы ҧйымдастыруды, ҥшіншісі- қаржылық қызметті
меңгереді. Бесіншіден, консорциум
қатысушыларының алдында
тҧрған ӛзекті бағыттағы басымдық бағдарламалар мен міндеттерді
шешуге капиталдарды бірлестіру әрі шоғырландыру мҥмкіндігі
артықшылық болып табылады. Алтыншыдан, консорциумның
басты пайдасы ӛзінің икемділігі шегінде оның қатысушыларының
арасында әртҥрлі ҧйымдық-қҧқықтық комбинацияларды қолдану
мҥмкіндігінде, ӛз кезегінде ол тәуекелді азайтуға мҥмкіндік
бермек. Мысалы, жекелеген мәмілелерді жасауды шектелген
мҥліктік жауапкершілік мәртебесіне ие консорциумның қандай да
бір қатысушысына тапсыру мҥмкіндігінің болуы. Әрине, мҧндай
жағдайда басқада бір қатар
ережелерді сәйкестендіру қажет,
алайда, мҧндай мҥмкіндік жоққа шығарылмайды.
Консорциумның негізігі артықшылықтары осындай, олар
аталмыш бірлестік нысанының атағын ӛсіруге әсерін тигізетіні
айдан анық. Қазақстан Республиасының территориясында
қҧрылған консорциумның айқын мысалы болып,
Agip KCO атты
халықаралық консорциум танылады, оның қатысушылары – BG
Group, ENI, Total, ExxonMobil, Shell, Inpex және ConocoPhillips.
Достарыңызбен бөлісу: