Physico technical society of kazakhstan «Қазақстанның физика-техникалық ҚОҒамы» РҚО Қатысушыларының I съезді



Дата17.06.2018
өлшемі0,51 Mb.
#42629
түріПресс-релиз
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОҒАМЫ
ФИЗИКО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБЩЕСТВО КАЗАХСТАНА
PHYSICO - TECHNICAL SOCIETY OF KAZAKHSTAN



«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОҒАМЫ» РҚО ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ I СЪЕЗДІ

I СЪЕЗД УЧАСТНИКОВ РОО «ФИЗИКО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБЩЕСТВО» КАЗАХСТАНА

I CONGRESS OF MEMBERS OF REPUBLICAN PUBLIC ASSOCIATION OF «PHYSICO - TECHNICAL SOCIETY» OF KAZAKHSTAN
ПРЕСС-РЕЛИЗ

Астана 2013

08 шілде 2013 жыл. Астана. Қазақстанның «Физика-техникалық қоғамы» Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесе отырып, Қазақстан республикасының білім эәне ғылым министірлігінің қолауымен Қазақстанның «Физика-техникалық қоғамының» I съездін өткізеді.

Еліміздің тарихында бірінші рет білімнің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін физик ғалымдар кездесіп физика-техникалық ғылымдардың, ғылымды қажет ететін технологиялардың негізгі даму жолдарын анықтайды және талқылайды. Қазақстанның «Физика-техникалық қоғамы» 2013 жылдың ақпан айында Қазақстанның белді университеттерінің физиктерінің бастамасымен ұйымдастырылған.

Іс-шара жұмысына белді қазақтандық және шетелдік ғалымдар қатысады: Мукашев Болат Нигматович –ҚР ҰҒА академигі, Утельбаев Мухтарбай, Берсимбай Рахметулла Искендирович, сенатор Гарифолла Есим, профессор, Санкт-Петербург университетінің кафедра меңгерушісі (Россия) Гриднев Константин Александрович, Еуропалық физикалық қоғамның өкілдері, белгілі қазақстандық физиктер – Кокетай Темиргали Абилдаулы, Мукашев Канат Мукашевич, Жусупов Марат Абжанович, Искаков Бейсембай Мамаевич, Кумеков Серик және т.б.

Қазақстан Республикасының Президентінің «КАЗАХСТАН-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Қазақстан халқына жолдауында қойылған мақсаттарға сәйкес альтернативті энергетиканы, ғылымды қажет ететін технологияларды және мамандар дайындау мәселесін дамыту үшін жаңа тәсілдемелерді, біліктіліктілігі жоғары ғалымдар мен мамандарды қажет етеді.

Қазіргі кезде, Қазақстанда индустрияның көптеген салаларында негізінен трансферттік технологиялар ендірілуде. Өкінішке орай, трансферттік технологиялардың көбі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ескерілмейтін ескі технологиялар болып келеді. Біз, шетелдік мамандармен бірігіп жасалған жаңа ғылыми жетістіктерді талап ететін технологияларды, атап айтқанда сутектік энергетика технологияларын дамытуды ұсынып отырмыз.

Орта білім беру саласында «Физика» пәнін оқыту ғылыми-техникалық прогресстің заманауи деңгейіне сәйкес келмейді. Атап айтқанда математикалық сабақтардың мектептік курсы өткен ғасырдың 80-ші жылдардан бері талай өзгеріске ұшыраған: шектер теориялары, дифференциалдық және интегралдық есептеулер қосылған. Сондықтан аталған мәселелер ескерілген мектеп курсына арналған қазақша және орысша Оқулықтар шығару арқылы шешілуі қажет.

Қазақстанда импакт-факторы бар бірде бір физика-техникалық бағытта ғылыми журнал жоқ. Дүние жүзінде, соның ішінде АҚШ, Еуропада және т.б. мемлекеттерде импакт-факторлы журналдардың шығарылуы сәйкесінше мемлекеттік құрылымға байланысы жоқ Физикалық, Химиялық және басқа Қоғамдардың басшылығымен шығарылады. Бұл ғалымдардың мақалалары мен басылымдары тәуелсіз және жоғары профессионалды сараптамадан өтуге қажет.

Съезд нәтижелері бойынша Қазақстанның «Физика-техникалық қоғамы» қатысушыларының I съездінің РЕЗОЛЮЦИЯСЫ қабылданады.


Біздің мекен-жайымыз:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Бас ғимарат, Мирзоян көшесі, 2

ҚР Тұңғыш Президентінің аудиториясы (№ 208 )

Байланыс телефондары: 70-95-00 (32-313, 32-319); 8702 131 89 97
Наш адрес:

Евразийский национальный университет им Л.Н.Гумилева

Главный корпус, ул.Мирзояна, 2

Аудитория Первого Президента РК (№ 208)

Контактные телефоны: 70-95-00 (32-313, 32-319); 8702 131 89 97
Our address:

L.N. Gumilyov Eurasian National University

The main building, 2 Mirzoyan Street,

Auditorium of the First President of the Republic of Kazakhstan (№ 208)



Contacts: 70-95-00 (32-313, 32-319) 8702 131 89 97





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет