3-дәріс. Оқу сауаттылығы 1-слайд



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі158,06 Kb.
#85468
Байланысты:
3-дәріс. Оқу сауаттылығы
4.4-ресурс.Математикалық сауаттылық аспектілері


 
3-дәріс. Оқу сауаттылығы 
1-слайд.
Құрметті әріптес, 
PISA – 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу 
және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін бағалауға арналған халықаралық 
зерттеу.
Жобаны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. 
Зерттеуді білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар қатысатын Консорциум 
жүзеге асырады. 
Зерттеудің мақсаты: міндетті жалпы білім алған оқушылардың қоғамда 
толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдыларын (функционалдық 
сауаттылығын) бағалау. 
Бұларға қосымша оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне 
әртүрлі факторлардың қалай әсер ететінін зерттеледі. Бұлар – әлеуметтік-экономикалық 
аспектілер, білім беру ұйымдарының сипаттамалары және жасөспірімдердің мектептен тыс 
білім алу мүмкіндіктері. 
PISA жобасының әртүрлі білім беру жүйелерін салыстыруға 
және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде ЭЫДҰ жетекші елдерінің 
тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Зерттеу үш жылдық 
циклмен өткізіледі, әр цикл сайын басымдық берілетін бағыт белгіленеді.
 
2-слайд. 
2018 жылғы PISA зерттеуі аясында бағаланған дағдылар:
- оқу сауаттылығы; 
- оқығанды түсіну және алған білімін қолдана білу; 
- тапсырмаларды талдай білу дағдысы; 
- сын тұрғысынан ойлау дағдысы; 
- өз түсінігі мен шешімін ұсына білу дағдысы. 
Тестілеуде:
1)
 
оқушыларға таныс емес, нақты жағдайлар ұсынылды;
2)
 
кіріспе ақпарат көлемі ауқымды, көбіне әдеттегі мектеп тапсырмаларының 
шарттары емес, ғылыми-көпшілік мәтіндер берілді;
3)
 
тапсырмалар тақырыптық бөліктерге топтастырылып (3-6 тапсырмадан), өз 
ішінде бірқатар «сюжеттер» таратылады;
4)
 
көптеген тапсырмаларда нақты деректер келтіріліп, кесте, сызба немесе 
диаграммалар түрінде берілген; 
5)
 
тапсырмалардың шамамен 30%-ы қоршаған орта (экология) проблемаларына 
арналған.
3-слайд
.
Бұл зерттеудің нәтижелері көңіл алаңдатарлық, себебі еліміздің15 жастағы 
оқушылары ең қарапайым мәтіндерді талдауда төмен нәтижелер көрсетті. 
Неліктен?
Біріншіден, 
оқу сауаттылығын бағалаудың жаңа моделі – сандық формат және, 
екіншіден, бірнеше дереккөзден алынған мәтіндерді қолдану
ұсынылды.

Компьютерлік тестілеуді қолдану әртүрлі сандық навигациялық құралдарды (мысалы, 
гиперсілтемелер немесе қосымша беттер) енгізуге және оқушылардың тестілеуден өтуіне 
қарай дереккөздердің қолжетімділігі артып отыратын нақты сценарий түріндегі 
тапсырмаларды ұсынуға мүмкіндік берді. 
4-слайд.
 
Оқу сауаттылығын бағалауда қолданылатын жаңа құралдар:
- электронды мәтіндер; 
- көп нұсқалы мәтіндер (белгілі бір мәселені шешу үшін әртүрлі дереккөздерден 
алынған ақпаратты зерделеу және жинақтап қорыту); 
- ұсынылған ақпаратты сын тұрғысынан бағалай білу; 
- ақпараттың интернетте қолданылуын бағалауға қатысты, оның ішінде сенімді 
сайттар мен онлайн құжаттарды (шынайы және жалған ақпаратты) қалай 
анықтауға болатыны туралы тақырыптық мәтіндер.


Сонымен, әріптестер, біз халықаралық зерттеудің мақсатын, 2018 жылы бағаланған 
бағыттарды, сондай-ақ тестілеудің жаңа моделі мен оқу сауаттылығын бағалау құралдарын 
талдадық. Сабақтың жоспары мен мазмұнын қайта қарау қажеттілігі құралдан айқын 
байқалады. 
Осы талдаудың негізінде әр бағыттың аспектілерін, бағалауға арналған тапсырмаларды 
бағалау ерекшеліктерін, тапсырмалардың сипаттамасын, жаңартылған оқу бағдарламасы 
бойынша сабақтарды одан әрі жоспарлау үшін тапсырмалар түрлерін қарастыруды 
ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет