екінші реттік зәр түзіледі (тәулігіне 1,5 л). Тазартылған сұйықтық
қанға қайтарылады, ал түзілген зәр арналардан пирамидаларға, кейін
астау мен несепағарға түседі.
зәрдің шығарылуы . Зәр
қуықта жиналады. Оған шамамен 500 мл
зәр сыяды. Қуықтың ішінде сілемейлі (эпителий) қабат қатпарлар түзеді.
Онда қысымға әсер көрсететін (қатпарларды жазатын) рецепторлар бола-
ды. Қуық толған кезде қатпарлар жазылып, рецепторлардан зәр шығару
рефлексінің орталығына белгі (сигнал) беріледі. Бұл орталық
жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Шамамен 2 жастан бастап ол үлкен ми
сыңарлары қыртысының бақылауында болады. Сол кезде зәр шығару са-
налы түрде жүзеге асырылады. Зәр қуықтың бірыңғай салалы бұлшық
еті жиырылған кезде зәр шығару түтігіне түседі де, сыртқа шығарылады
(орташа 200–300 мл). Ер адамдар мен әйелдердің зәр шығару түтігінің
құрылысында айырмашылық бар. Ер адамда ол бір мезгілде жыныс әрі
зәр шығару жүйесінің мүшесі болып табылады. Әйелде ол тек зәр шығару
қызметін атқарады.
Бүйректер, қыртысты қабат, ми қабаты, дәнекер ұлпалы қабат:бірыңғайсалалыбұлшықет,эпителий,нефрон,капсу- ла, ирек өзекше, тостағанша, астау, пирамидалар, реабсорб- ция,біріншіжәнеекіншіреттікзәр. Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217