Бүйректердің құрылысы мен рөлі. Бүйректе қан сүзіледі және зәр
түзіледі. Яғни бүйректер ағзамыздың басты биологиялық сүзгісі бо-
лып табылады. Егер екі бүйрек те жұмыс істеуін тоқтатса, 30–40 ми-
нут ішінде ағзаның өздігінен улануы басталады. Міне, сондықтан ағзада
бүйректердің рөлі маңызды болып табылады.
Нефрон – бүйректің функциялық бірлігі. Нефрондар – микроскопия-
лық құрылымдар. Әрбір бүйректе 1 млн-нан ар тық нефрон болады. Не-
фрон бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген және екі бөліктен
тұрады (65-сурет).
Нефрон капсуласын (қабықшасы) капиллярлар
шумағы торлап жатыр. Ол бүйректің қыртысты қабатында болады. Ка-
пилляр шума ғына байланысты қыртысты қабат едәуір қызыл түсті бола-
ды.
Бүйрек пирамидалары – микроскопсыз көрінетін, бүй рек тің ішкі
қабатында жиналған жіңішке жіпшелер. Олардың пішіні шынымен негізі
(табаны) сыртқы – қыртысты қабатқа қаратылған пирамидаға ұқсайды.
2
3
1
4
5
6
7
65-сурет.