Тыныс алу қызметі – тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдылығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен
және жүйке ұштары –
рецепторлармен байланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет
D дәруменін өндіреді.
Күн сәу ле сінің
әсерінен
Dдәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор
сақталады.
Эпидермис, терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма, теріасты майжасұнығы,амортизатор,жылуоқшаулағыш,қоректікзат- тарқоры;қызметтері:қорғаныш,термореттелу,бөліпшығару, тынысалу,терініңсезімталдылығы;рецептор,Dдәрумені.