теріасты май жасұнығы май-
дәнекер ұлпасынан тұрады. Ағза теріасты май қабатын
амортизатор (соққы кезінде),
жылуоқшаулағыш және
қоректікзаттарқоры ретінде
пайдаланады.
Тері бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
Қорғанышқызметі. Тері ағзаны сыртқы әсерден барынша қорғауға
бейімделген. Мысалы, дене түрлі қатты соққы алған кезде сүйектер мен
ішкі мүшелерді терінің үшінші қабаты – май жасұнығы қорғайды.
Сыртқыагенттердің: ауру тудыратын микробтар, зиянды химиялық
заттар, көптеген сұйықтықтар, газдар мен шаң-тозаңның енуінен терінің
бірінші, сыртқы қабаты (эпидермис) қорғайды.
Барлық заттарды тері ұстап қалмайды. Мысалы, емдік жақпамайда (мазь)
қолданылатын пайдалы заттар бар. Кейбір зиянды заттар тері арқылы
өтуі мүмкін.
Ультракүлгінсәуледенқорғау жоғары қабат жасушалары – эпи-
дермисте түзілетін тері пигменті – меланин арқылы жүзеге асыры-
лады.