168
ішкі секреция без де рінің белгілері:
1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды;
2) сөлі тікелей қанға бөлінеді;
3) оның сөлін
гормондар
деп атайды. Олар өте аз мөлшерде бөлінеді,
бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.
Аралас секреция
бездері – бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге
сөл бөледі. Ағзада екі аралас сек реция бездері болады. Олар ұйқы
безі мен жыныс бездері. Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлер-
де: аталық бездер. Ұйқы безі қанға инсулин, глюкагон гормондарын
бөледі (37-суретті қараңдар). Бұл оның ішкі секрециялық (эндокриндік)
қызметі. Ал сыртқы секрециялық қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі
(панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың
жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде
жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі.
ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормонда-
ры тікелей қанға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: