227 Синтез: 1. Эндемиктердің популяциялық сипаттамасының ерек шелігі неде
екенін талқылаңдар.
2. Тұрақты, қысқаратын, жойылатын және анық болмаған популяция-
лар арасындағы айырмашылықтар неден тұра тынын анықтаңдар.
Бағалау: 1. Басқа жануарларға қарағанда маймылдар ұрпағына ұза ғы рақ
қамқорлық жасайтыны туралы өз пікірлеріңді айтың дар. Бұл
стратегияның қандай түрі екенін дәлел деңдер.
2. үдерісті талдаңдар. Кенгуру ұрықтанғаннан кейін шамамен бір айдан
кейін туады. Ұрпағы туған кезде толық дамымаған болып, оның келесі
дамуы анасының қалтасында жалғасады. Осы уақыттың бар лығында
анасының сүтімен қоректенеді. Бұл уақытта анасының ағзасында басқа
екінші жүктілік кезеңі басталады. Бірақ қалтасындағы төлі анасының
сүтімен қоректенуін тоқтатып және қалтаны босатпайынша, пайда
болған жаңа зигота дамымайды.
Қалай ойлайсыңдар, бұл мысалды стратегиялардың бі реуіне жатқызуға
бола ма? Жауаптарыңды негіздеңдер.