228
тіршілік етеді. Актиния шаянды өзінің атпа жасушаларымен қорғайды
және шаян қорегінің ұсақ бөлшектерін талғажау етеді. Нақты селбестік
кезінде ағзалардың бірлесіп тіршілік етуі маңызды емес және олар бір-
бірінсіз де тіршілігін жоймайды.
Азоттүзуші түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсім діктердің
(бұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ, соя, ака ция)
селбесуі жағымды
қарым-қатынасқа мысал бола ала ды.
Бұл бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп,
оны ам миакқа айналды-
рады. Аммиакты қосылыстармен қоректеніп аминқышқылдарын түзеді.
Азоттүзуші бактериялар бұршақ тұқымдастардың түйнектерінде өздерін
топы рақ тағыға қарағанда анағұрлым жайлы сезінеді. Бұр шақ тұқым-
дастардың түйнектері олардың қолайлы ортасын алмастыра алады.
Мутуализм (латын. «мутуус» сөзінен аударғанда – өзара) –
әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара
қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мутуализмнің
кең тараған мысалы – қыналар. Бұл саңырауқұлақтар мен балдырлардың
өзара селбесіп тіршілік етуі. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақтардың
жіпшелері
балдырлардың
жасушаларын,
жіпшелерін
тор лап,
арнайы сорғыш өсінділері пайда болады да, оған енеді. Сол арқылы
саңырауқұлақтар фотосинтез нәтижесінде балдырлар түзген
өнімдерді
қолданады. Балдырлар болса, саңырауқұлақтардан су
мен минералды
заттарды алады (110-сурет).
110-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: