А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет311/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   361
Аскорбин қышқылы
(С витамині) – адам мен жануарлар ағзаларындағы 
тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру 
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия
, тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының 
көбеюінен болады.
Атавизм
, реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде 
болған, алайда эволюция процесі барысында жойылып кеткен белгілердің 
ұрпақта кездейсоқ қайталануы. 
Аталық без 
– сперматозоидтер мен жыныс гормондары (тестостерон және 
т.б.) түзілетін аталық жыныс бездері. 
Атония
– жүйке жүйесінің бұзылуынан, жұқпалы аурудың салдарынан, ішкі 
секреция бездері қызметінің нашарлауынан пайда болады.
Атрофия
– ағзадағы мүше немесе ұлпа көлемінің кішірейіп, қызмет 
қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды.
Аутизм
– көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда 
ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді.
Ашытқылар
– типтік мицелийі жоқ, жеке бүршіктенетін немесе бөлінетін 
жасушалар мен олардың колониясы түрінде болатын саңырауқұлақтардың 
жиналған тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет