А. Соловьева, Б. Ибраимова


Андрогендер – аталық жыныс гормондары.  Анемия



Pdf көрінісі
бет309/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   361
Андрогендер
– аталық жыныс гормондары. 
Анемия
(қаназдық) – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен 
болатын ауру. 
Анестезия
, жансыздану. Анестетик күшімен сезімнен айырылу. Белгілі бір 
жерінің ауырғанын сезбейтіндей етіп жансыздандыру.
Аносмия
– иіс сезу түйсігінен айырылу.
Антибиотиктер
– микроағзалардың өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын 
микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат.
Антигендер
– ағзаға әртүрлі жолмен енген және оған қарсы жүретін иммундық 
реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер 
(антиденелер) түзілетін, табиғаты ағзаға жат ірі молекулалы протеиндік заттар 
және полисахаридтер.
Антисептика
– антисептикалық емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. 
Антиденелер
немесе қарсы денелер – адам мен жануарлар ағзасына енген 
жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық 
реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік 
заттар.
Антропогенез
– антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму 
тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат 
қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға 
сүйене отырып, зерттейтін негізгі саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет