инсулин – ұйқы безі бөлетін нәруызды гормон.
инсульт – мидағы қан айналымның бұзылуы (миға қан құйылу және т.б.).
интоксикация – ағзаның улы заттармен (уытпен) улануы.
инфантилизм – ересек адамда балалық шаққа тән дене және психикалық
сипаттардың сақталуы.
инфаркт – түйілу, тромбоз және т.б. (бүйрек, миокард инфарктісі және т.б.)
кезінде ұлпаларда қанмен қамтамасыз етудің бұзылу салдарынан жансыздану
аймағы.
иридодиагностика (грек.
иридос – кемпірқосақ) – көзінің нұрлы қабығының
күйі бойынша адамның ауруын анықтау.
иіс сезу – иістерді қабылдау.
йодтау – ауызсуды, ас тұзын және басқа да тамақ өнімдерін йод
қосылыстарымен байыту арқылы эндемиялық зоб ауруының жаппай алдын алу
әдісі.
К Каннибализм – жануарлардың өз түрінің дараларын жеуі.
Капиллярлар – мүшелер мен ұлпаларға енетін ұсақ тамырлар.
Клиникалық өлім – тіршіліктің байқалатын белгілері жоқ өмір мен өлім
арасындағы шектелген күй.