Көмей қақпашығы
– көмекейдегі эластикалық шеміршекті пластинка.
Жұтқан кезде көмекейге кіреберісті жауып, тамақтың кеңірдекке түспеуін
қамтамасыз етеді.
Кохх таяқшалары
– микробактериялардың түрі; туберкулез ауруының
қоздырғыштары.
қ
қабақ
– көз айналасындағы қозғалғыш тері қатпары.
қабылдау
– тірі ағзалардың көру, есту, түйсіну, дәм және иіс сезу қабілеті.
қабыну
– ағзаның ауру тудыратын агенттердің әсеріне күрделі бейімделу
реакциясы.
қабыршақты теміреткі
–
псориаз.
қалтырау
– адамның суықты сезуі, түсінің бозаруы, бұлшық еттің дірілдеуі,
беткі қан тамырларының қатты жиырылуы.
қаназдық
– анемия.
қан өндіру
– қан жасушаларының түзілуі, дамуы және жетілуі.
қан өндіретін мүшелер
– лимфа және қан жасушалары түзілетін мүшелер:
сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көкбауыр, айырша без.
қан құйылу
– қан тамырларының тұтастығының бұзылуынан немесе
өткізгіштігінің артуынан ағза қуысында немесе ұлпаларында қанның жиналуы.
қан сарысуы
– қанның формалы элементтері мен фибрин болмайтын сұйық
бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |