құтышалар, құтыша жасушалары – күндізгі және түсті көруді қамтамасыз
ететін көз торшасындағы жарыққа сезімтал жасушалар.
қышқыл жаңбыр – ауа құрамында SO2, NO2, HCl және т.б. өнеркәсіптік
шығарындылар болғандықтан қышқылданған атмосфералық жауын-шашын.
Л лейкоциттер – қызметі бойынша әртүрлі, түссіз қан жасушалары.
летаргия , летаргиялық ұйқы, жалған өлім – тітіркендіргішке әсердің
болмауымен, өмірдің барлық белгілерінің күрт нашарлауынан ұйқыға ұқсас
қозғалмайтын күй.
лимфа – қан плазмасынан оны ұлпааралық кеңістікке және одан лимфа
жүйесіне сүзу арқылы түзілетін түссіз сұйықтық.
лимфаденит – лимфа түйіндерінің лимфа немесе қан ағыны арқылы жұқпа
қоздырғыштары енген кезде қабынуы.
лимфоциттер – түйіршікті емес лейкоциттердің бір түрі.
липидтер – майлар мен майтәрізді заттар да кіретін табиғи органикалық
қосылыстар тобы.
лордоз – омыртқа жотасының туа біткен немесе жүре пайда болған алға
қарай шығып қисаюы; көбінесе басқа қисаюлармен үйлесімді болады.