Мишық – ми бөлімі, артқы ми бөлігі.
Моноциттер – қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршіксіз лейкоцит
жасушалары.
Морфин – көкнәр құрамындағы алкалоид. Медицинада ауырсынуды басатын
дәрілік зат ретінде қолданылады.
Мутациялар – табиғи немесе жасанды түрде пайда болатын ағзаның
генетикалық материалындағы – хромосомалары мен гендеріндегі қайта құрулар
мен бұзылуы нәтижесінде тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгерістері.
Мутуализм – симбионттардың бірі екіншісіне қандай да бір пайда әкелетін
симбиоздың бір түрі.
Н Нақұрыстық , қауқарсыздық – олигофренияның жеңіл түрі. Танымдық
үдерістердің төмен деңгейімен, негізінен, дерексіз ойлаумен, мінез-құлықты
ерікті түрде нашар бақылаумен сипатталады.
Наркоз – сананы және ауырсыну сезімталдығын жойып, жасанды түрде терең
ұйқы тудыру.
Натрий хлориді, ас тұзы, NaCl – маңызды тағамдық қоспа.
Невропатолог (невролог) – жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін дәрігер.