275 Симпатикалық жүйке – вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Синапс – жүйке жасушаларының бір-бірімен түйіскен жері.
Симптом – қандай да бір аурудың белгісі.
Систола – қан артерияға айдалатын жүрекшелер мен қарыншалардың
жиырылуы.
Диастоломен бірге
жүрек қызметінің циклін құрайды.
Склера, ақ қабық – тірек және қорғаныш қызметін атқаратын көздің сыртқы
тығыз қабығы.
Сколиоз – омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы.
Соқыр дақ – көру жүйкесінің көздің торлы қабығынан шығатын орны, оның
түбінде орналасқан.
Соңғы ми , үлкен ми – үлкен ми сыңарларын түзетін мидың ең ірі және басты
бөлімі; мидың басқа бөлімдерінің және жұлынның қызметін басқаратын ОЖЖ-
нің жоғары бөлімі.
Стоматит – ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы.