Э Эволюция – тірі табиғаттың қайтымсыз тарихи дамуы.
Экскреция – бөлу, бөлінді.
Экстрогендер – аналық бездерден бөлінетін гормондар.
Электрокардиография – жұмыс істеп тұрған жүректің биоэлектрлік
потенциалын тіркеу жолымен жүрек бұлшық етін зерттеу әдісі. Жылжып тұра-
тын қағаз таспаға немесе фотоплёнкаға жазылған қисық сызық электро-
кардиограмма (ЭКГ) деп аталады.
Эмбриология – ұрықтық даму туралы ғылым; кең мағынада – ағзаның жеке
дамуы туралы ғылым.
Эмбрион – адам және жануардың ұрығы.
Эмоция – адам және жануардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсері. Эндемик, жергілікті түрлер – салыстырмалы түрде шағын аумақта таралған
өсімдіктер мен жануарлар түрлері.
Эндемия – қандай да бір аумақта белгілі бір ауру түрінің (көбінесе жұқпалы)
үнемі болуы.
Эндокард – жүректің эпителий ұлпасынан түзілген ішкі қабаты.