278
Ш
Шандыр, фасция
– ішкі мүшелер мен бұлшық еттерді жабатын дәнекер
ұлпалы қабықша.
Шаш
– түкті жабын түзетін терінің мүйізді түзінділері.
Шежіре,
филогенетикалық шежіре – туысқандық байланысты ағаш
түрінде графикалық бейнелеу; оның негізіне ататектері, ал тармақталған
діңдеріне ұрпақтарын орналастырады.
Шеміршек –
тірек-механикалық қызмет атқаратын дәнекер ұлпаның бір түрі.
Шиқан, фурункул –
түк қапшығының және онымен байланысты май безінің
іріңдеп қабынуы. Стафилококк тудырады.
Шонданай жүйкесі
– ірі жүйке бағанасы. Теріні және сан, тізе, табан, өкше
бұлшық еттерін жүйкелейді.
Шірік қабыршақ –
күйген, сырылған, жараның бетін жабатын қабыршақ.
ы
ықылық
– өзіне тән дыбыс пен аяқастынан қатты дем шығарып, көкеттің
рефлексті түрде жиырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |