Тонометр
– қан қысымын өлшейтін арнайы құрал.
Торлы қабық
– жарыққа сезімтал көптеген таяқшатәрізді және құтышатәрізді
жасушалардан тұратын көздің ішкі қабығы.
Төстік
– дыбыс тербелісін балғашықтан үзеңгіге өткізетін ортанғы құлақтың
есту сүйекшесі.
Туа біткен дақ –
терінің дамуының кемшілігі; оның белгілі бір жасушаларының
шамадан тыс өсуі. Тамырлы, пигментті, сүйелді дақ болып бөлінеді.
Туберкулез
– зиянды бактериялардың әсерінен пайда болатын өкпенің
жұқпалы ауруы.
Тұмау
(грипп) – вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.
Тіл –
ауыз қуысының түбіндегі бұлшық етті өсінді.
Тілше
– жұмсақ таңдайдың артқы шетіндегі өсінді. Жұмсақ таңдаймен бірге
жұтқан кезде аңқаны жұтқыншақтан бөледі.
Тісжегі
(кариес) – тістің қатты ұлпасының бұзылуынан болатын ауру.
Тіс кіреукесі
– тіссауытты жауып тұратын арнайы эпителий ұлпасы.
Достарыңызбен бөлісу: |