Стресс, күйзеліс – күшті әсер етуден пайда болатын күй, күш.
Сығырлық (близорукость) – көздің жақыннан жақсы көру қабілеттілігі.
Сыртқы секреция бездері –арнайы өзектері арқылы сөл бөлетін бездер.
Сұр зат – жүйке жасушаның денесі мен дендрит өсінділерінен тұратын түзіліс.
Сүйекқап – сүйектердің сыртын қоршап жатқан әрі сүйектің жуандап өсуін
қамтамасыз ететін дәнекер ұлпалы қабық.
Сүйектің шығып кетуі –
сүйектің
буын
ұштарының
қалыпты
қозғалғыштығының шегінен тұрақты орнынан жылжып кетуі.
Сүт тістер – алғашқы тұрақсыз тістер, 14–15 жасқа қарай тұрақты тістермен
алмасады.
Сфинктер, қысқыш – түтіктәрізді қуыс мүшеден, мысалы, қуықтан зәр
шығаратын түтікке өтетін тесікті тарылтатын, тұйықтайтын немесе кеңейтетін
сақина тәрізді бұлшық ет.
Сыртқы құлақ – есту жүйесінің сыртқы бөлімі; құлақ қалқаны мен сыртқы
есту түтігінен тұрады.
Сіңір – қаңқа сүйектерін немесе жеке мүшелерді байланыстыратын тығыз,
дәнекер ұлпалы желі және пластиналар.