79
Тромбоциттер
– қанның ұю үдерісіне қатысатын, ядросы жоқ, ұсақ
қан пластинкалары. 1 мм
3
қандағы мөлшері 180–400 мың. 8–11 тәулік
тіршілік етеді де, бауырда, көкбауырда немесе тромб түзілген
кезде
тіршілігін жояды.
Тромб
ерімейтін нәруыз – фибриннің жабысып қалған
жіпшелерінен түзіледі, ол қан плазмасының еритін нәруызы –
фибрино-
генге
айналады.
Қан тамырының жарақаттанған жеріне жабысып қалған
фибрин жіпшесіне ірі эритроциттер, сосын қанның басқа да жасушалары
тұрып қалады. Сондықтан тромб қызыл түсті болады. Қалыпты жағдайда
ол 3–4 минутта түзіледі.
Қанның ұю үдерісі өте күрделі. Оған тромбоциттерден басқа
кальций
тұздары, плазма нәруызы – фибриноген
жә не т.б.
қатысады. Кез кел-
ген ұю құрамбөлігінің біреуінен айырылған қан ұйымайтын болады. Қан
құю станциясында
кальцийсіздендірілген
(кальцийінен айырылған) және
дефибриляцияланған
(фибриногеннен айырылған) қан қол да нылады. Ол
сұйық
болып қалады, қоюланбайды, яғни ұйымайды.
Гемофилия
– сирек кездесетін, қан ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру.
Ол плазма құрамында гемофилияға қарсы фак тор (ұю нәруыздарының
бірі) болмауынан туындайды. Қазіргі
кезде гемофилиямен ауыратын
адамға бұл нәруызды жасанды түрде енгізеді.
Қан, плазма, физиологиялық ерітінді, эритроциттер, тромбо-
циттер,лейкоциттер,гемоглобин,қаназдық(анемия),жалған
аяқтар,лейкоцитоздықформула,тромб,фибриноген,гемофилия.
Достарыңызбен бөлісу: