А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жасушалық және гуморальдық иммунитет



Pdf көрінісі
бет93/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   361
Жасушалық және гуморальдық иммунитет. 
Микробтарды жою 
әдістері негізінде иммунитетті 
жасушалық
(фагоцитоз) және 
гуморальдық
(антидене) иммунитет деп бөледі. Бірақ бұл оншалықты дұрыс емес. 
Ауру тудыратын микробтарға әсер ету механизмі жасушалық және 
гуморальдық иммунитеті кезінде белгілі бір сәтте айырмашылық жа-
сайды. Иммунитеттің екі түрі өзара байланысты. Олардың әрекетінің 
нәтижесі ауру қоз дырғыштарын жою болып табылады. 
И. Мечников 
фагоцитоз­
(жасушалық иммунитет) үдері сін, ал 
П. Эрлих антидене жұмысын зерттеді. Нәтижесінде иммунитет туралы 
біртұтас толық ілім жасалды. 
Ôагоцитоз 
– қатты бөлшектерді жасушалардың ұстап қалуы 
(жалған аяқтары арқылы). Амеба мен лейкоциттердің көптеген түрлері 
фагоцитозға қабілетті, оларды 
фагоциттер­
деп атайды. Жалған аяқтары 
(жасушаның кез келген жерінде пайда болатын цитоплазманың уақытша 
өсінділері) арқылы қозғалады. Сонымен қатар фагоциттер қан ағысына 
қарсы қозғала алады немесе қан тамырлары арнасынан шыға алады. Зи-
янды бөлшектерді кездестірген кезде оларды жалған аяқтарымен қоршап 
алады да, цитоплазмада лизосома көмегімен қорытады (51-сурет).
51-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет