Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды ю дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. Қолдарын жазуға жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе әңгіме өткізу.
Х дыбысын қайталау.
Бүгін біз оқу іс-әрекетінде ю дыбысымен, әрпімен танысамыз. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қалай аталады?
Ал дауыссыз дыбыстар ше?
Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз ю дауысты дыбысымен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші: аю,ою,жию,тою,тию,юла,қию.
Педагог төмендегі үлгідей бір шумақ өлең оқып, өлеңнен ю дыбысы кездесетін сөзді тапқызады.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Ю дыбысына мысалдар келтіру: жаю, ою, аю, Юра.
Енді, балалар, біз «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.
Теледидардан аю көрдім.
Әжем ою ойды.
Аю,ою,ұю,жию сөздерінде ю дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?
Ұю, құю, жию сөздерінің соңында естіледі.
Ю дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.
Дәптермен жұмыс.
Аю, ою сөздеріне дыбысьық талдау жасатып, ондағы ю дыбысынң орнын ажыратқызады. Балалардың өдеріне ю дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.
Дәптерге үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
Ю дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстырылады. Ю дыбысының екі (иу) дыбыстан тұратындығы «Неше дыбысы, неше әріп бар?» тапсырмасын орындату арқылы түсіндіріледі.
Сергіту жаттығуын өткізу.
5. Сызба арқылы сөйлем құрату. Үлгі:
III Қорытындылау.
Балалардан ю дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
МКҚК №18 балабақша
Ашық есік күні
ата-аналарға арналған ашық сабақ
Тәрбиешілер: Ж.Т. Омышева
А.Ж. Имангалиева
Ақсу қаласы 2015 жыл
Тақырыбы: Төрт түлік
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Үй жануарлар туралы түсінік беру.
Балалардың төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.
Төлдерге қамқорлықпен қарауға үйрету.
Сөздік жұмыс. Төрт түлік мал.
Қажетті құралдар: Үй жануарлар және төлдердің суреттері, есептер, текшелер.
Сабақ барысы:
Балалар шаттық шеңберге тұрады тақпақтарын айтады.
Мынау менің жүрегім
Бәрін осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Дидактикалық ойын: “Түліктер туралы мағлұмат”
Ойын шарты:
Тәрбиеші балаларға үй жануарларын айтып шығады. Балалар төлдерін айтады.
Мақал-мәтелдер.
Малды өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл-көсір
Малды баға біл
Бабын таба біл
Түлік төлден өседі.
Мал жайсаң қонысын тап,
Ас жайсан ыдысын тап
Ат адамның қанаты
Ас-адамның қуаты.
Малдардың пірі.
Балалар сендердің аталарын барма? Ал малда да атасы бар. Ал атасын еске алайықшы.
Сауат ашу: үстел басында жұмыс
Балалар карточкамен жұмыс жүргізеді.
Сергіту. “Төлдер”.
Жұмбақ шешу және шешімін аттарын тақтаға жазу.
Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
Мінсең желдей жүйткиді, көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа “Ер қанатты” деседі.
Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
Моң-моң басып келеді, топырақтап жеседі.
Мойны -ұзын, үсті- тау, ертеден елге би еді.
Таптым,таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға (түйе)
Бұрап қалған сағаттан, айқайлайды таң атпай (Әтеш)
Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Сиырдың суреті Қойдың суреті
сиыр
қой
Кеңістікті бағдарлау. Қай мал қай жерде тұр?
Ал енді балалар мына малға қора керек? Оны біз неден құрастырамыз? Кьюзенер таяқшасы және інжу-маржан тастарынан.
Логикалық тапсырмалар.
Балалар біз бүгін сендермен көп жұмыстар атқардық , ал енді қазір әр бала өзіне баға береді. Кім қандай бағаға жауап берді. Бағалау.
МКҚК №18 балабақша
Мектеп мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Тақырыбы: «Төрт түлік»
Даярлық «б»тобы
Тәрбиеші: Ж.Т. Омышева
Ақсу қаласы 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |