А. Соловьева, Б. Ибраимова


Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет115/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

150
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу. 
Дене сымбатының бұзылуы, негізінен, мектеп жасындағы балаларда жиі 
кездеседі. Омыртқа жотасының бұзылуына мынадай себептер әсер етеді 
(86-сурет):
1) жазу үстелінде ұзақ уақыт қисайып отыру; 
2) үстел мен орындық биіктігінің сәйкес келмеуі; 
3) жазу кезінде дұрыс отырмау;
4) дененің өсуі мен сүйектердің беріктігінің сәйкес келмеуі (қарқынды 
өсу кезінде); 
5) бұлшық еттердің әлсіреуі; 
6) салмағы ауыр жүк көтеру. 
Омыртқа жотасы қисаюының алдын алу үшін: жүрген кезде және 
отырғанда денені тік ұстау керек. Арқа бұлшық етін жаттықтырып, 
нығайтып отырыңдар. Егер денелеріңде кез келген қисаюды байқасаңдар, 
ол туралы дәрігерге, спорт жаттықтырушысына немесе денешынықтыру 
мұғалі міне айтыңдар. Олар дене сымбатын түзететін арнайы жаттығу 
кешенін таңдауға көмектеседі. Спортпен шұғылдану кезінде тік 
85-сурет. 
Шынықсаң, шымыр 
боларсың
ә
а
86-сурет.
 Дұрыс (а) және дұрыс (ә) отырмау


151
жүктемені болдырмау немесе барынша азайту керек. Себебі, ол радику-
лит, жалпақтабандылық пен бойдың өспей қалуына әсер етеді. Жүктемені 
өз беттеріңмен таңдамаңдар. 
естеріңде болсын!
Омыртқа жотасының 
қисаюы жұлын жұмысының бұзылуына апарып соғады. Соның салдары-
нан жұлын бақылайтын кеуде және құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің 
аурулары пайда болады. 
Жалпақтабандылық­
– табан күмбезінің тегіс болуы (87-сурет). 
Жалпақтабандылықтың себептері: 
1) аяқ бұлшық еттерінің нашар дамуы; 
2) ұзақ уақыт тік тұру немесе отыру; 
3) ауыр жүктерді көтеру; 
4) тар, қысып тұратын немесе үлкен аяқкиім кию; 
5) биік өкше немесе сірісі жоқ аяқкиім кию. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет