148
Синтез:
1. Бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз ете ала ма? Мысалдар
келтіріп, дәлелдеңдер.
2. Мынадай критерийлер: орналасуы,
жасушаларының құры лысы,
қозғалу сипаты бойынша бұлшық еттерді сипат таңдар.
Бағалау:
Қаңқа бұлшық ет құрамына кіретін әрбір құрылым және жасуша
ішіндегі микроскопиялық құрылым рөлін баға лаңдар.
Пікірталас:
ішекқуыстылардан бастап адамға дейін бұлшық ет жүйесі эволюциясы-
на қандай факторлар себепші болғанын талдаңдар.
№10 зертханалық жұмыс.
Бұлшық ет ұлпасының құры лысын зерттеу.
255-бетті қара.
§36. гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және
жалпақтабандылықтың пайда болу себептері.
Олардың алдын алу шаралары
Гиподинамия салдарын атау.
Сымбаттың бұзылуы
және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
ДДҰ мәліметтері бойынша адам өліміне себеп болатын аурулардың ішінде
қай жүйке аурулары алдыңғы орында тұр?
Гиподинамия
– аз қозғалу. Қазіргі кезде көптеген жұмыс түрлері
механикаландырылғандықтан,
адамзат
гипокинезияға (
грек,
гипо
–
қалыптан төмен;
динамис
– күш) тап болды. Бұл аз қозғалудың ауру
күйі. Бұлшық ет белсенділігінің төмендеуі салдарынан жү рек, өкпе, қан
тамырлары әлсіз және кез келген психикалық немесе дене жүктемесіне
төзімсіз болады.
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша
өлім-жітімге көп жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары (инфаркт
және инсульт) басты себеп болып табылады.
Спортпен шұғылданған
адамдарда жаттықпаған адамдармен салыстырғанда инфаркт ауруы си-
рек болады. Яғни дене жүктемесі, жүрек-қан тамырлары,
тыныс алу,
жүйке және иммундық жүйелерге жағымды әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: