143
Білу және түсіну:
1. «Жартылай буын» деген түсінікке анықтама беріңдер.
2. Жай, күрделі, бір осьті, екі осьті және үш осьті буындар арасында
қандай айырмашылық бар?
қолданылуы:
1. Тізе қақпағының қызметін сипаттаңдар. Ол қайда орна ласқан?
Айналасындағы құрылымға қалай бекиді?
2. Жай буын неден тұрады?
3. Буын қабы болмаса, сүйектер қалай байланысады?
Талдау:
1. Қандай байланыста буын қабы түзілмейді?
2. «Буынның әртүрлі типтері» деген сызба сызыңдар.
Синтез:
1. Жалпы сипаттама беріңдер. Ең қозғалмалы, шамалы қозғалмалы бу-
ындарды атаңдар. Мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер.
2. Жартылай буын қандай сүйектерге бекитінін айтып, мысал
келтіріңдер.
Бағалау:
1. «Буындардың әртүрлі типтерінің құрылысы, орналасуы және қыз-
меті» деген тақырыпқа реферат жазыңдар.
2. Мынадай құбылыстың маңызын бағалаңдар: буынның қандай типі
кезінде үш бағытта қозғалыс жасауға болады? Оларды атаңдар.
§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі.
Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу
Бұлшық ет ұлпасының түрлері мен қызметтерін сипаттау. Адам бұлшық
еттерінің топтарын және талшықтарының құрылысын зерттеу
Адамның бұлшық ет ұлпасы туралы не білесіңдер? Барлық қуыс ішкі
мүшелердің екінші қабаты неден түзілген? Миокард дегеніміз не?
Бұлшық еттің маңызы.
Бұлшық ет
– әртүрлі қозғалысқа жауап
беретін тірек-қимыл жүйесінің бөлімі. Адам ағзасында 600-ден астам
бұлшық ет бар. Дененің тепе-теңдігін бұлшық еттер қамтамасыз етеді.
Көкет
(төс және құрсақ қуысын бөліп тұрады) және қабырғааралық
бұлшық еттер тыныс алу үдерістеріне қатысады. Жұту, дыбыс түзілу, көз
алмасының қимылдауы, қозғалу белсенділігінің барлық типтері бұлшық
еттер арқылы жүзеге асады. Қаңқамен бірге бұлшық еттер ағзаға пішін
береді, дененің кеңістіктегі тік қалпын қамтамасыз етеді.
|