Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Қозғалыс. Биофизика
Күні: 3 тоқсан
Сынып: 8
|
Мектеп: М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі
Мұғалімнің аты-жөні: Кенжегалиева Нурзия Амангалиевна
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы: Буынның құрылысы және қызметтері.
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.6.4 Буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланысты орнату.
|
Сабақтың мақсаты
|
-Буынның түрлері және оның қызметін біліп түсінеді.
-Буындардың жай және күрделі түрін ажыратып, ерекшеліктерін анықтайды.
-Адам қаңқасындағы буындардың түрлеріне тұжырым жасайды.
|
Бағалау критерийі
|
Буынның әр түрлі типтерінің құрылысын, олардың қызметтерінің арасындағы байланысты анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар қолданады: бейне көріністі көре отырып, керекті мәліметті жазу. Мәтінмен танысу. Кесте толтыру.
Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Шеміршек дискісі, Шеміршек астары, Жай буын, Күрделі буын, Ұсақ буын сүйектері, Жартылай буын.
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Шеміршек дискілері мен шеміршек астары... орналасады.
2. Буын түрлері бойынша буындар... бөлінеді.
3. Жартылай буын деп... атайды.
|
Құндылықтарға баулу
|
Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өмір бойы білім алуға оны қолдануға баулу. Тілдің біртұтастығы.
|
|