Пән мұғалімі Дуйсенгалиева Гулзира Амангалиевна



Дата17.06.2018
өлшемі21,75 Kb.
#42572
Пән мұғалімі Дуйсенгалиева Гулзира Амангалиевна
Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен автор сөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Төл сөз бен автор сөзі,төлеу сөз туралы білімдерін кеңейту,орын тәртібі мен тыныс белгілерін меңгерту,төл сөз бен автор сөзін ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,зейінін,пәге деген қызығушылығын.сөйлем құрауын дамыту.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа,еңбекке,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу,ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіу,талдау,деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба,интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ. Психологиялық дайындық.

Ана тілі – асылдардың таза асылы,

Болайық әрқашан да жанашыры.

Сөздерің болсын тайдың таңбасындай,

Өзеннің толқындаған арнасындай.

Еліңнің асыра бер абыройың

Абай мен Мұхтарлардың жалғасындай.
Білім. Төл сөз бен автор сөзі туралы мағлұмат.

Мысалдар:



  • «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» дейді Ахмет Байтұрсынұлы.

  • Сәкен Сейфуллин «Кеңес тілі қазақша болмай,іс оңбайды ...» деп айтты өзінің мақаласында.

  • Жүсіпбек Аймауытов «Ана тілі-халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,-дей келе,-өсіп,өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді.

  • Елбасы өз жолдауында Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажеттігін баса айтты.



Осы мысалдарға қарап отырып ереже шығару.


Төл сөз

Автор сөзі

Төлеу сөз

Сөйлеуші өз сөзінде басқа адамның айтқан сөзін өзгерпей,сол айтылған күйде беруін төл сөз деп атаймыз

Төл сөзбен байланыста айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады.

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп,жалпы мазмұнын ғана сақтап айтуын төлеу сөз деп атайды.

Төл сөз бен автор сөзінің арасын байланыстырушы қызметін атқаратын «де» етістігінің қолданылу ерекшелігіне тоқталу.

«Де» төл сөз бен автор сөзін байланыстырып,үнемі автор сөзінің құрамында болады.



Де
Й Ді Йді П Ген Гендей Ген екен


Түсіну.

Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып,тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.


  • Игі істің басы-тіл,тәрбие басы –тіл дейді Махмұд Қашқари.

  • Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді дейді сөз зергері Ғабит Мүсірепов.

  • Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны,жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса,жүрек те соғуын тоқтатпай ма дейді.

  • Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл дейді жазушы Әбіш Кекілбаев.


Талдау.

Семантикалық карта



Сөйлемдер

Төл сөз

Төлеу сөз

Автор сөзі

«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»










Деп Халел Досмұхамедұлы айтқан.










«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті ...Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік,білімді,мәдениетті болсын»










Ердің жүзін күйдіретін нәрсе-тіл екендігін Ахмет Йүгінеки бабамыз айтып өткен.










Тіл байлығы,тіл тазалығы ұлт қасиетінің,салт – санасының негізгі өнегесі,нағыз белгісі болатындығын Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.












Оқулықпен жұмыс. «Күнделікті оқиғалар» тақырыбында төл сөз бен автор сөзіне мысал болатын шағын диалогты мәтін құрау.

Оқушылардың құраған мәтіні.

Есімбекова Аяжан

Уәде

Анасы: - Қызым,мына киімді жуып берші,-деп көйлегін ұсынып еді.

Айдана:-О-кей,мама,-деді еркелей үн қатып.

Анасы қабағын түйіп: - Балам,тіліңді шұбарламай,таза сөйле. Сен қазақсың,өз ана тіліңді аяқ асты етпе,-деп қатаң ескертті. Айдана ұялғаннан қып-қызыл болып,енді қайталамасқа уәде берді.


Битенова Эльмира.

Талпыныс

Қызғалдақ орыс мектебінде оқыған,Елдос қазақ мектебінде оқыған,студенттер.

Салем! Қал қалай?-деді Қызғалдақ.

Елдос: - Сәлем! Жақсы,өзің ше? Байқаймын,қазақша үйреніп жүр екенсің ғой,-деп қуана тіл қатты.

-Иа. Бирак тым коп емес,ренжимесен маған бос уақытында уиретесин ба?-деді Қызғалдақ қысыла күлімсіреп.

Елдос: - Қуана,қуана үйретемін.Сенің қазақ тілін үйренем деген пейілің,талпынысын көңіліме жақты. Әрқашанда ана тілін құрмет тұтып,дәріптеу – бәріміздің ең басты міндетіміз,-деді шаттана.

Қызғалдақ:-Арине,Рахмет! – деп жымиды.

Бекіту сұрақтары: Сұрақтарға жауап беру.


  • Төл сөз дегеніміз не?

  • Автор сөзі дегеніміз не?

  • Төл сөзге қандай тыныс белгілер қойылады?

  • Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығ неде?

  • «Де» етістігі қалай түрленеді?


Тірек – сызба:


Төл сөз

Автор сөзі




Төлеу

сөз

  1. Біреудің айтқан сөзі

  2. Іштей айтылған ой

  3. Мақал-мәтелдер

  4. Даналық сөздер

  5. Шығармадан алынған үзінділер



  1. Төл сөзді қолданушы адамның сөзі

  2. Төл сөзді де,төлеу сөзді де басқаға жеткізушінің сөзі

Үйге тапсырма: Зерттеушілік деңгей: Тіл туралы ұлт жанашырларының сөздерін теріп жазу.



Шығармашылық деңгей: Мемлекеттік тіліміздің қазіргі жағдайы қандай?Болашағы қандай? (ойтолғау,өлең)
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет