А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет114/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бұлшық ет гигиенасы.
Қозғалу – тыныс алу, қоректену және т.б. 
сияқты ағзаның табиғи қажетсінуі. Күнделікті дене жүктемесіне бұлшық 


149
ет күші ғана емес, байламдардың иілгіштігі, сүйектердің беріктігі, зат 
алмасу белсенділігі, жүрек, буын, өкпе және т.б. жағдайы тәуелді бола-
ды. Денешынықтыру жаттығулары аурулардың алдын алуға және емдеу-
ге көмектеседі (емдік денешынықтыру). 
Ежелгі Грекияда бұлшық ет күшіне үлкен мән берген. Әйгілі дәрігер 
Гиппократ денешынықтыру жаттығуларының денсаулықты нығайтуға 
және ауруды жеңуге әсер көрсететінін дәлелдеді. Спартада дене тәрбиесінің 
қатаң жүйесі болды (б.з.д. VIII–VI ғғ.). Таза ауа мен еркін қозғалу арқылы 
денсаулықты нығайту үшін нәрестелерді жаялыққа орамады. Балалар-
ды қараңғылықтан қорықпауға, жыламауға, тамақ таңдамауға үйретті. 
7 жасқа дейін балалар отбасында өсті. 7 жастан 18 жасқа дейін жас 
спарталықтар гимназияда тәрбиеленді, ол жерде, негізінен, спортпен 
(жүгіру, секіру, күресу, аң аулау, әскери ойындар және т.б.) шұғылданды 
(84-сурет). Олар қартайғанша жауынгер болып қалды. Кейіндеу Афиныда 
(б.з.д. V ғ.) жасөспірімдер әскери-денешынықтыру даярлығын ғана емес, 
жан-жақты білім алды.
Қазақ халқы дене тәрбиесіне үлкен мән берген. Бала жүре бастаған 
кезден атқа мінгізіп үйреткен. Халық ойындары, күрес түрлері, әскери 
біліктілік төзімділікке, бұлшық еттің күшті болуына, ептілікке, 
қырағылыққа жаттықтырды. 
Қазіргі кезде спорттың алуан түрлері, гимнастика және басқа 
да белсенді денешынықтыру түрлерімен шұғылдануға болады. Бұл 
жаттығулармен үздіксіз, аптасына ең аз дегенде 9 сағат шұғылдану керек 
(85-сурет).
84-сурет. 
Жүгіруден жарыс. 
Ежелгі грек керамикасындағы сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет