159
Білу және түсіну:
1. «Рецептор» деген түсінікке анықтама беріңдер. Сезім мүшелерінде
олардың қанша типі орналасқан?
2. Көз қабықтарын және олардың бөліктерін атаңдар.
3. Көру мүшесінің «қосымша бөліктері» деген сөз тіркесін қалай
түсінесіңдер?
қолданылуы:
1. Көруді сақтауға мүмкіндік беретін ережелерді атаңдар.
2. Мынадай құрылымдардың құрылысы мен қызметі арасындағы байла-
нысты анықтаңдар:
–
қасаң қабық;
– ақ қабық;
–
нұрлы қабық;
–
тамырлы қабық;
–
торлы қабық.
Талдау:
1. Көз құрылымдары арқылы жарық сәулелерінің өту кезеңдерін
талдаңдар.
2. 88-суретті қараңдар және көз алмасы
құрылымының орналасуын
түсіндіріңдер.
Синтез:
1. Талқылаңдар: эволюция барысында көзбұршағы қалып таспаған
ағзалардың жарық пен қараңғылықты ажырата алуын, бірақ заттар-
ды көрмеуін талдаңдар.
2. Көздің әрбір оптикалық жүйесінің құрылысы мен қызметі арасындағы
өзара байланысты анықтаңдар. Мәліметтерді кесте түрінде рәсімдеуге
болады.
Бағалау:
Заттардан жарықтың шағылысуынан бастап, көрген бейнені сезінумен
аяқтап, көру қабылдауы кезінде жүретін үдерістерді
дұрыс ретпен
орналастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: