156
Сыртқы бірінші қабығы
– тығыз дәнекер ұлпасынан тұратын
ақ
қабық
. Ол өз кезегінде екі қабыққа бөлінеді: ақ қабық пен қасаң қабық.
Көздің алдыңғы бөлігінде мөл дір қасаң қабық орналасқан. Ол сағат
бетіндегі шығыңқы мөлдір шыныға ұқсайды. Қасаң қабық бір мезгілде
жарық ты өткізеді және көзді ұсақ бөлшектерден қорғайды. Қасаң қабық
рецепторларына жанасқан кезде жас бөлу рефлексі іске қосылады. Жас
сұйықтығы қасаң қабықпен ағып тітіркендіргішті жуып, шығарып тас-
тайды.
Ақ қабықтың басқа бөлігін айнаға қарағанда көруге болады. Ол
тығыз, көзді қасаң қабық арқылы өтіп кететін едәуір ірі заттардан
қорғайды. Мысалы, ағаш немесе темір жаңқасы көбінесе қасаң қабықты
зақымдайды, бірақ оларды ақ қабық ұстап қалады. Ақ қабыққа
көзал-
масын
қозғалтатын бұлшық еттер бекиді.
Ортанғы екінші қабық –
тамырлықабық.
Оның көптеген ұсақ қан
тамырлары көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді.
Тамырлы қабықтың ішкі бөлігі артық жарық фотосезімтал рецепторлар-
ды зақымдамауы үшін қара түсті болады.
Алдынан тамырлы қабық
нұрлы қабықты
түзеді. Осы қабық
пигменті көздің түсін (қара, қоңыр, көк, жасыл және т.б.) анықтайды.
Нұрлы қабық орталығында –
қарашық
болады. Нұрлы қабық қарашық
мөлшерін реттейді. Егер жарық көмескі болса, қарашық ұлғаяды, ал
жарық жарқыраған болса, тарылады (89-сурет).
ішкі үшінші қабық –
торқабық
(сетчатка). Онда жарыққа сезімтал
рецепторлар орналасқан. Бұл заттардан шағылысқан жарық сәулелері
түскен кезде қозу пайда болатын жүйке талшықтары – жүйке импульсі.
Яғни жүйке импульсі түрінде бейне тор қабықта пайда болады.
Енді көздің үш
Достарыңызбен бөлісу: