«Балалар, бұл жол басы даналыққа»



Дата11.10.2022
өлшемі25,57 Kb.
#152679
Байланысты:
«Балалар, бұл жол басы даналыққа» баяндама


«Балалар, бұл жол басы даналыққа»


Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.


Бұл мақсатын өлеңдерінде де,публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз-бәрі надандық кесапаты» -, деп тіпті батыра айтады.Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де,тілін зерттеп оқулықтар жазуына да,тыңнан жол салып,бай терминология дүниесін жасауына да,тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да,алып келген-өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды.Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы бала оқытудың жолдарын газет-журналдар беттеріне нақтылы сөз етеді,әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» -,деген.Яғни,тіл тек адам баласына ғана тән қасиет екенін айтып кеткен.
Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей отырып,тұңғыш әліпбиін жасады.Себебі,әркімнің тіліне еріп,адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді.Қазақ елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған.Араб графикасына бейімделіп,бар болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік оқулығымен бірге 1912-жылы елдің қолына тиіп,ауылда балалардың сауатын ашу үшін сол жылдан бастап қолданыла бастады.Аталмыш оқулықта оқыту әдісі көрсетілгендіктен бір жағынан оқытушыларғада жеңіл болды,екінші жағынан оқушы балалар бір жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды.Бұл оқулық 1912-1925 жылдар аралығында жеті рет басылып,оқу-ағартушылық салада біраз уақыт қолданылады.Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден қиынға қарай»қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да кейін қысқа-қысқа мәтіндер алынады.Ал жеке сөздер алынғанда,екі дыбыстан тұратын қысқа,жеңіл сөздерден басталып,бірте-бірте күрделенеді.Мысалы,бал,бала,балалар,ас,аса,асар т.б.Бұл қағида оқушының оқуды,жазуды,сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету,оқыту үрдісін жеңілдету жолдарын іздеуден шыққан.
Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп,оларды түрлендіріп,тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған.Олар күрделене келе мәтіндерге айналған.Ол өте кіші мәтіннен басталып,ары қарай күрделене береді.Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау,жаттығудыаз сөйлемнен,мәтінді өте шағын түрінен бастау,оларды біртіндеп қана кеңейту,күрделендіру тәсілі айрықша орын алады.
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралының» алғашқы бетін балаларға арналған өлең жолдарынан бастайды.
Балалар!Бұл жол басы даналыққа
Келіңдер,түсіп,байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,
Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!
Осы өлең жолдарын оқи отырып Ахмет Байтұрсынұлы сауат ашуға шақыратындығы көрініп тұр.Жасаған істерінің барлығы болашақ жас ұрпақтарға қалдырған үлкен ерең еңбегі десек қателеспейміз.Ол сонымен бірге-қазақ тілі грамматикасын яғни,фонетикасын,морфологиясын,синтаксисін және терминологиясын жүйелі түрде ғылыми түзеген.Қазақтың дыбыс жүйесін,сөз жүйесін,сөйлем жүйесін,терминологиясын толық зерттеп,қазақ тілі грамматикасының негізін салды.Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия,бүкіл түрік әлемі мойындап,қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің грамматикасында пайдаланды.Сондай-ақ қазақ тілінің шамын жағып,тіл заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты үлкен оқулығында алғаш рет фонетика,морфология,синтаксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Қорыта айтқанда,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану теориясының негізін салушы,ұлт мектебінің ұлы ұстазы Ахмет әліпбиін «ұлттық мұрамыз»деп мақтан тұту – ұрпақ парызы екенін есте сақтай жүрейік! Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .
Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.А-Алматы. «Алматы кітап баспасы», 2009 ISBN978-601-01-0268-27


2.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред.Б.Ө.Жақып .-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011.
3.Ахмет Байтұрсыновтың халық ағарту саласына қосқан үлесі //Халықаралық ғылыми конференциясы. – Алматы, 2007 жыл.
4.Ахаң және «Қазақ» газеті //Қазақ тарихы. №2.
5.Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш .-Алматы,2008ж.
6.Байтұрсынов А.Тіл тағылымы.-Алматы «Ана тілі» 2003ж.
7. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы Алматы, 2002.
8.Б.І.Иманбекова.Астана:Фолиант, 2010
9.Бес арыс-Д.Әшімханов, -Алматы:Жалын, 2001ж
10. «Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық-Алматы: «Аруна Ltd.»ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет