А. Соловьева, Б. Ибраимова


Үлкен қан айналым шеңбері



Pdf көрінісі
бет78/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

102
Үлкен қан айналым шеңбері 
жүректің ең ірі және мықты
 
бөлігі – 
сол­жақ­қарыншадан
басталады. Осы жерден ең ірі қан тамыр – 
қолқа
артериясы шығады. Ол ірі және ұсақ артерияларға тармақталады және 
оттекке байытылған артериялық қан бүкіл ағзаға тарайды. 
үлкен қан айналым шеңбері оң жақ жүрекшеде аяқталады. Мұнда 
бүкіл ағзадан көмірқышқыл газын сіңіріп алған вена қаны жинала-
ды. Адам ағзасында қолқа қан тамыры сияқты ірі вена қан тамыры 
болмағандықтан үлкен қан айналым шеңбері 
жоғарғы­ және­ төменгі­
қуыс­венада
аяқталады (6-сызба). 
6 - с ы з б а
үлкен қан айналым шеңбері:
 сол жақ қарын ша 

дене мүшелері мен ұлпалары 

→ 
оң жақ жүрекше
Жүрекшелердің бұлшық еттері қарыншалардың бұлшық еттеріне 
қарағанда анағұрлым жіңішке болады. Қарыншалар жақсы дамыған. 
Сондықтан қарыншалар қанды қан айналым шеңберлеріне айдайды. Ал 
жүрекшелерде қан айналым шеңбері аяқталады. Жүрекшелер қанды 
қарыншаларға айдайды.
Кіші қан айналым шеңбері 
оң жақ қарыншадан басталады. Одан 
вена қаны бар өкпе артериясы шығады. 
Кіші қан айналым шеңберіндегі қан тамырларының атау лары қанның 
типіне сәйкес келмейтіндігіне назар аударыңдар. Өкпе артериясымен 
көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны ағады. Ал өкпе венасымен 
оттекке қаныққан артерия қаны ағады. 
Кіші қан айналым шеңбері өкпе арқылы өтіп, артерия қанымен 
қаныққан өкпе венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды (7-сызба). 
7 - с ы з б а
Кіші қан айналым шеңбері:
оң жақ қарынша 

өкпе 

сол жақ жүрекше 
Құстар мен сүтқоректілерде жүректі оң және сол жақ жартыға бөліп 
тұратын перде болғандықтан артериялық және веналық қандар аралас-
пайды.
Адам жүрегінің қызметі. 
Адам жүрегінің бөліктері кезек тесіп жиы-
рылады: алдымен екі жүрекше, содан соң екі қарынша. Жүрекшенің 
жиырылуына – 0,1 секунд, қарын шаның жиырылуына – 0,3 секунд 


103
уақыт жұмсалады. Жү рекше мен қарыншаның жалпы босаңсуына 0,4 
секунд уақыт кетеді. Жалпы жүректің толық жиырылып, босаңсуы 0,8 
секунд уақытты қамтиды. Сондықтан жүрек минутына 65–75 рет соғады. 
Жүректе жүрекшелер жиырылған кезде қанды кері жібермейтін 
жақтаулы қақпақшалары болады. Сол жақ бөлігінде – қос жақ таулы, оң 
жақ бөлігінде – үшжақтаулы қақ пақ ша ла ры бар. 
Қарыншалар мен олардан басталатын қан тамырларының (аорта 
және өкпе артериясы) арасында арнайы 
жарты­ай­тәрізді­қақпақшалар
(полулунный клапаны) орналасқан. Мысалы, жүрекшелер жиырылғанда 
қолқа мен өкпе артериясынан қан кері ақпауы үшін қақпақшалар жа-
былады. Жүректегі қақпақшалар тек бір бағытқа қарай ашылады және 
қанның кері ағуына кедергі келтіреді

Ашық­ және­ тұйық­ қан­ тамырлары­ жүйесі,­ қан­ айналымның­
үлкен­ және­ кіші­ шеңберлері,­ аорта,­ қуыс­ ве­на,­ вена­
қақпақшалары,­жарты­ай­тәрізді­қақпақшалар,­өк­пе­артерия-
сы,­өкпе­венасы,­пульс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет