АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет12/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

Күнтай  Шепені  сөзден  тоспақ  болып  еді,  ол  ұялу  орнына  зорлауға

кірісті. Қаруы қайтпаған Күнтай арпалысты. Бұл арпалыстың ақыры немен

тынарын  құдайым  білер  еді,  егер  қараңғыдағы  алыс-жұлыстан  Жайнақ

шошып  оянбаса!..  Не  боп  жатқанын  білмеген,  бірақ  не  де  болса,  сұмдық

бірдеме  болып  жатқанын  сезген  Жайнақ,  бақырған  қалпымен  далаға  ата

шығып  ойбай  салды.  Бұл  дыбысқа  ордада  жатқандардан  алғаш  Зейнеп

оянып,  Жайнақтың  неге  бақырған  себебін  жорамалдады  да  Шыңғысты

оятты. Баланың даусын естіп:

– Бұл не?! – деген Шыңғысқа:

–  Білмей  жатырмысың  не  екенін?  Əлгі  қанден  ит  сияқты  ағаң  ғой

деймін,  əркімге  бір  шəуілдеп  мазасын  алатын.  Ақ  апаңды  мазалап  жатыр

ғой деймін, тегі Жайнақтың далаға шығып ойбайлауына қарағанда, – деді.

Бала үдей бақырған соң:

–  Бар  тез,  –  деді  Зейнеп  Шыңғысқа,  –  ауыл  оянып  масқара  болармыз.

Сенен  басқаны  тыңдамайды,  тапал  –  қайнаға  (Шепеге  қойған  бұл  атын,

Зейнеп оның өзіне естіртпейтін). Жылдам бармасаң бүлдіреді.

Сол  кезде  арпалысқан  Күнтай  мен  Шепенің  де  дауыстары  естіле

бастады.

– Əне, бүлінді! – деді Зейнеп, – тезірек бар, ойбай!

Шыңғыс  тұсында  ілулі  тұрған  түйе  жүн  шекпенін  денесіне  сұға  сала,

үйден жалаң аяқ, жалаң бас шыға жүгірді.

–  Ол  не?!  –  деді,  Зейнептің  қасында  жатқан  сол  кезде  оянып  кеткен

Шоқан. Зейнеп «жəй» дегенмен, шаң-шұң дауыстан, не екенін аңғарғандай

Шоқан да тұра жөнелмек болып еді:

– Қайда, Қанашжан? – деп Зейнеп құшақтай алды

–  Жібер,  апа!  –  деді  Шоқан  бұлқынып.  –  Əлгі  тапал  ағам  ғой,  сорлы

қатынды  əурелеп  жүрген.  Қылығы  да  өтіп  болды,  сол  ағамның.  Жіберші,

өзімен сөйлесейін.


Зейнеп жібермей, Шоқан тырмысып жатқан шақта Шыңғыстың:

–  Жетер,  Кіші  -  аға!  (Шепені  ол  солай  атайтын)  –  деген  қатты  даусы

Шепенің:

– Жібер, өлтірем ол қар қатынды! – деген дауыстары шықты.

Аналы-балалы екеуі есіктің ішкі жағынан, қараңғыға үйренген көздерін

тіксе, əлдекім, əлдекімді құшақтай көтеріп, бері қарай жүгіре басып келеді

екен. Тегі Шыңғыс Шепені үн қатудан тосқан болу керек. Ас үй жақтан да

үн  естілмейді,  ол  маңайда  қараңдаған  адам  да  көрінбейді.  Манағы

арпалыста,  күші  келген  Шепені  Күнтай  далаға  лақтырып  жіберген.  Сол

сəтте  жүгіріп  жеткен  Шыңғыс  Шепені  ала  жөнелгенде,  сыртта  еңіреп

тұрған Жайнақты Күнтай үйге алып кіргенде, жатар орындарына шеке түсе

отырған құмығып еңіреген даусын қосқан...

Арпалысқан  Шепені  Шыңғыс  құшағынан  босатпай,  есігі  ашық  тұрған

ордаға  сып  -  періп  кіріп  кетті...  Оның  ізін  шала  бажылдаған  дауыспен

Шоңайна да кіріп келді. Ешкімді, еш нəрсені сыйламайтын Шоңайна, орда-

мордаңды  да  қадірлемей,  ұрғашы  атаулының  ішінен  бірен-саран  атақты

бəйбішелер  болмаса  өзгелері  бас  сұға  алмайтын  үйге  тайсалмай  кіріп,

«мен» дегендей тайтаңдап төріне де шыға беретін.

Қазақ əйелдерінің еріне ат қойып алатыны болады. Олардың кейбірі қара

кескінді кісіні «аппақ», тентек кісіні – момын», олақ кісіні - «шебер», жуас

кісіні – «батыр» деген сияқты қалжың аттарды да қояды. Шоңайна кішкене

денелі Шепені көрді – «Тау», кейде «Таубай» деп атап кеткен еді. Тағы бір

қызығы,  өзге  əйелдердің  ешқайсысынан  Қорымайтын,  біразына  өзі

жағыстыратын

Шоңайна

Шепені


қатты

қызғанып,

маңайлатпауға

тырысатын,  маңайлай  қалса  жанжал  шығаратын.  Оның  арты  -  төбелес,

(онда,  Шепе  Шоңайнаны  емес,  Шоңайна  Шепені  сабап  тастайды,

сонысынан  қорқатын  Шепе,  Күнтайдың  ері  тірі  кешінде,  жұрт  көзінше

«құрдас»  деп  жалбаңдағанмен  оңаша  жерлерде  жоламайтын.  Бірақ  оған

қалай да қолы жетуін білетін.

Сол  тілегі  қабыл  болғандай  Нұртай  өлді  де  Күнтай  қалды.  Үнемі  хан

үйінде  жүріп,  дəмді  тамақ  жеп,  таза  киініп,  таза  орында  жүруден  жəне

табиғат  сыйлаған  сыр-сымбатынан,  жасы  қырықтың  ішіне  кіргенмен,

Күнтай бетіне əлі əжім түспеген, кескіні гүл жайнаған жап-жас əйел. Одан

мүшел кіші - Зейнеп, екеуін қатар қойса, Зейнепті апасы дейтін.

Біз  бұған  дейін  Күнтайдың  ажарын  əңгіме  қылған  жоқпыз.  Реті  келген

осы  арада,  ол  жайды  да  емен-жарқы  айта  кетейік.  Əр  тұқымды  халықтың

өзіне тəн сұлулығы болады. Өң, сымбат жəне кескін жағынан қазақ монғол

тектес  елдерге  ұқсастау.  Бірақ,  негізінде  «сарғылт»  аталатын  тұқымға

жататын  монғолдан  қазақтың  екі  негізінде  қоңырқайлау  сияқты.  Жəне  бір

өзгешелігі монғол тұқымдастардың бет сүйегі шығыңқылау, қазақтікі -одан

қушықтау.  Монғолдардың  көздері  дөңгелектеу,  екеуі  де  негізінде  қара



болғанмен,  қазақта  «қой  көз»,  «шағыр  көз»,  «көк  көз»  дейтіндер,

монғолдан гөрі жиілеу ұшырасады.

Бұл жайға тоқталатын себебіміз: – Күнтай «қара торы» аталатындардың

сұлуы  еді.  Дөңгелек,  томпайған  қой  көзді  оның  көздерінде  ағы  аз,

қарашығы  баданадай  үлкен.  Кірпігінің  жиі  қылшықтары  қайқайған  ұзын.

Мұрын  тұсынан  шекеге  қарай  көлбей  біткен  қара  қастары  японкаларға

ұқсайды.  Толықшалау  бетінің  иегі  сүйір,  кішірек  мұрны  бүкіреймей  де,

қайқаймай  да,  жалпаймай  да  əдемі  біткен.  Еріндері  –  бүрме  ауыз,  қазанат

денесі арық та, семіз де емес. Біркелкі сыла қалпынан өзгермейді, көмірдей

қара  шашы  тарқатқанда  тізеден  түседі.  Білектері,  балтырлары  сом.  Осы

жарасымды түр-тұлғасына лайық, Айғаным да, Зейнеп те оны бір сыдырғы

қара дүрсін жақсы киіндіреді.

Шепе еш уақытта, ешкімді, əсіресе əйелдерді шын көңілден сүйген адам

емес.  Ол  Күнтайды  да  сүйгендіктен  құмартып  жүрген  жоқ.  Мақсаты  –  бір

рет  болса  да  құмарынан  шығу.  Содан  кейін  жоламауға  пейіл.  Соған  қолы

жете алмай жүр.

Бұлай  болуына,  Шепе  іштей  қатты  намыстанады.  Оның  ұғымында

сымбаты  да,  ажары  да  сұлу  болғанмен,  басқа  əйелдер  сияқты  Күнтай  да

ұрғашы.  Бұл  жынысты  адамды,  Шепе  «қор  жаралған»  деп  түсінеді.  Оның

үстіне  Күнтай  –  құлдың  қатыны.  Өзін  «ақ  сүйекпін»  деп  есептейтін,

«төремін» деп ойлайтын Шепенің қолы сондай қатынға жеге алмау, Шепеге

қорлық.


«Осы  қорлықтан  қашан  құтылам?»  деп  жүргенде  Күнтай  жесір  қатын

бола  қалды.  Ол  ұялы  қазақ  руларынан  шыққан  біреудің  қатыны  болса,

ерінің жылын бергеннен кейін, сол рудан таңдаған біреуіне құрық салар еді

де,  отырып  қалар  еді.  Ондай  ру  Нұртайда  жоқ.  Күнтайдың  жалғыз  ғана

əмеңгері  бар.  Құлболдыдан  Қауқар,  Қаңтар  есімді  екі  ұл  туған.Қауқардан

жалғыз  Нұртай  да.  Қаңтардан  туған  Ақпан  есімді  жігіт  бар,  денесінің

шомбалдығына,  күшінің  кептігіне  қарап  жұрт  оны  «Алып»  деп  кеткен.

Нұртай  өлген  кезде  жасы  отыздан  асқанмен  Ақпан  үйленген  жоқ-ты.

Қарашы  ауылда  тұратын  оның  өзіндік  меншігі  –  əкесінен  қалған  жыртық

қара құрым үй, «мал» дегенде бары, – əкесінің заманынан бері азаймайтын

да, көбеймейтін де бес-алты ешкі, «жан» дегенде бары, –-қартайған жалғыз

шешесі.  Оның  əкесі  –  Қаңтар,  өмірін  орданың  биесін  сауумен  кешкен,

Ақпан да мал түлігі болғалы осы кəсіпте.

Уəлі  мен  Айғаным  кезінде  де,  Шыңғыс  тұсында  да,  «желі  толық

болсын»  деп,  орда  жүзден  кем  бие  байлатпайтын.  Құлындары  əлденеше

желіге байланатын бұл биелер «жебей» аталатын əдіспен күніне көп болса

–  үш,  əйтпесе  –  екі-ақ  рет  сауылатын.  «Жебей  сауу»  дегені,  биелерін

желінің  бір  басынан  бастап  сауып,  екінші  басына  жеткенше,  бастапқы  бас

жағындағы  биелердің  сауыны  келіп  қалады.  Сондықтан  екінші  рет  түре

сауады.  Екі  рет  жебей  сауғанда,  биелер  екі-үш  үлкен  сабаны  толтыратын

сүт береді. Ол сүтті сабаға құйып, желіден ауылға түйемен тасиды.


Осылай  сауғанда,  Қаңтар  да,  Ақпан  да  биенің  бөксесін  бүлкілдетіп,

сүтін  қақтап  алады  екен.  Қазақ  бие  сүтін  салқындатпай  сабаға  құймайды,

əйтпесе қымыз ақырған ащы болып кетеді. Ақпан сауын сүтті күндіз езінін,

лашығында  салқындатып  ап,  ордадағы  ас  үйде  тұратын  сабаға  кешке  əкеп

құйып, түні бойы піседі екен. Сондықтан ол қымыз бал татитын еді деседі.

Қаңтар ынжық, жасық адам болған, кім көрінгеннен таяқ жей берген, ал

Ақпан,  өзі  ешкімге  соқтықпайды  екен  де,  соқтыққанның  əкесін  танытады

екен, сондықтан оған ешкім жоламайды екен. Қызметі жаққандықтан орда

оны  қадірлеп,  арылмайтын  қонақтардан  жеусіз  қалатын  майлы  еттерден

үнемі  сыбаға  сақтайды  екен:  Ал,  қымызды,  «иесі  сол,  тойғанынша  ішсін»

деп,  иелері  еркіне  береді  екен.  Марқа  қозының  құйрығын  қылғи  беретін

Ақпан,  етке  онша  мешкей  болмаған,  кең  алақанын  толтырып  төрт-бес

асауды  қанағат  көрген.  Ал,  қымызға  түп  жоқ,  өзіне  арнаулы  сап-таяқпен

(«оған жарты көнек қымыз сиятын еді» деседі) бесеу-алтауын жөремелдете

тастап кетеді екен.

Орданың  қадірлеуінен  бе  əлде  жаратылысы  солай  ма,  Ақпан  мінез

жағынан  бір  бет,  қыңыр  болған.  Ол  өкпелескен  адамымен  кейде  ұзақ

уақытқа, кейде өмір бойы келіспей кететін болған. Сол қылығын өзге түгіл

иелеріне  көрсетіп,  бірер  рет  сыбаға  қоймаған  ордаға  біраз  уақыт  кірмей

қойған. Сонда өзгеге бас имейтін Шыңғыс Ақпанды шақыртып ап:

–  Неге  келмей  кеттің?  –  деп  сұраған.  Ақпан  «қолым  тимеді»  деп

жалтақтап отырып, Шыңғыс:

–  Шыныңды  айт.  Жасырма.  Өкпең  бар.  Не  екенін  айт!  –  деп

жалбарынған. Сонда Ақпан шынын амалсыз айтып:

– Есепте жоқ елеусіз кісі болсам, өкпелемегенде қайтем? – деген.

Бұл  сөзінің  астарын  ашып  көрсе,  -  манағы  «сыбаға  қалдырмау»  екен.

Шыңғыс  бұған  кінəлі  адамдарды  қатты  сөгіп,  сыбағасын  одан  кейін  қалт

еткізбеген.  Олай  жалынышты  болатын  себебі:  еңбегіне  мейлінше  адал,

еңбегі  мейлінше  өнімді,  ісі  мейлінше  тəртіпті.  Сондықтан,  мұндай  жалшы

табу қиын дейді екен Шыңғыс.

Жұмыс  кезінде  үстіне  ілуге  жарағанды  киетін  Ақпан,  былайғы  уақытта

бір  сыдырғы  таза  киіммен  жүреді  екен.  Сонысына  қарап,  «қалмақтың

бегілер - бегінің тұқымы деген рас болу керек» деседі екен жұрт.

Жұрт оның үйленбеуін осы «тектілігінен» дескен.

–  Сүйгенін  алатын,  жығып  берерлік  малы  жоқ,  –  дескен  олар,  «құны

арзан жаман – жəутікті алғаннан, қатынсыз өтейін» дегені болар.

Нұртай өлген соң-ақ, жұрт, – «Күнтайдың Ақпаннан басқа əмеңгері жоқ.

Жол  сонікі.  Қылшылдаған  жас  қалпындағы  қатын.  Оны  алса,  құдайы



оңдады» деп кеу-кеулесіп кетті.

Күнтайды Ақпанға өзге жұрт қиғанмен, Шепе қимады. Расын айтқанда,

–  қызғанды  ол.  Өзі  алуға  Шоңайнадан  қорқатын  ол,  реті  келсе,  жасырын

аяқ  салмақ  болды.  Оның  жорамалдауынша,  «Нұртай  бір  кісіден  кем  жігіт

емес те, сондықтан, оның көзіне шөп салмауы дұрыс та болған шығар. Енді

жесір  қалды.  Байсыз  отыра  беретін  жаста  емес,  байға  ашық  түрде

тимегенмен,  күйек  –  асты  біреусіз  отыра  алмайды.  Мен  неге  болмаймын,

сонысы?».

Күнтайға  оның  қол  салуы  содан  еді.  Бірақ  ол  ниеті  іске  аспай,  жанжал

көтеріліп  кетті  де,  қылығы  жұртқа  əйгі  болып  қалды.  Ең  алдымен  –

Шоңайнаға  Шепе  Шоңайнаның,  алдында,  Күнтайға  қол  салуымен,  онысы

əйгі  боп  қалуымен  ғана  қылмысты  емес,  осы  жайда  Шоңайнаға  өтірік

айтуымен де қылмысты.

Сол кештің алдында Шоңайнаға ол, – «Тұмсықтағы ауылда шаруам бар

еді,  кешігіп  қайтармын,  немесе  қонып  қайтармын»  деді  де  аттанып  кетті.

Сондағы  арам  ойы,  –  ауылына  жұрт  ұйықтай  оралып,  атын  сайға,  алысқа

тұсап, Күнтай жатқан ас үйге ұрланып кіру еді. Өйтуіне жағдай толық: өзге

күндерде бұл ауылда қаптап жататын қонақтар, бүгін жоқ. Нұртай өлгенге

дейін,  түгелге  жақын  осы  үйде  ұйықтайтын  Шыңғыстың,  балаларын,

Нұртай өлгеннен кейін:

–  «Өліктің  əзірейілі  бауыздағанда  төгілген  қаны,  қырық  күнге  дейін

кетпейді  дейді,  сол  қырық  күнде  аруақ  түнгі  мезгілдерде  келіп  жүреді»

дейді,  балаларды  ол  үйге  қондырмау  керек,  –  деп  Шепе  бəрін  де  ордаға

шығартқан.  Шепенің  бұнысы  да  қолын  Күнтайға  жеткізудің  бір  тəсілі

болатын.

Айламен  аттанған  Шепе,  ауылдар  жатқанға  дейін,  беті  ауған  жаққа

қаңғырып  жүрді  де,  ауыл  оттары  сөнген,  жұрт  ұйқыға  кірген  шақта  өз

аулына  оралып,  қаңтарған  атын  бір  бұтаға  байлап,  «үйірсіреген  жылқы

бейсауат  кісінеп  жұртты  оятар»  деген  қауіппен,  қанжығасындағы  жіңішке

қайыстың біреуін суырып ап, тілін буып қойды. Сөйткенде жылқы кісіней

алмауын баяғыдан біледі.

Атын  орналастырған  Шепе  еңбектей  жүгіріп  отырып,  (ол  өте  ұшқыр

адам  болатын,  қасынан  жанасып  шауып  өткен  жылқының,  құйрығынан

ұстап үлгеретін, құйрығы іліккен жылқыны бұра тартып, кейде тоқтатып та

қалатын), аулына жетті. Түнде ауылға бөгде кісілерді жолатпайтын қабаған,

сезімтал иттер, қараңдаған жанды көргенде «бұл кім?» дегендей маңқ етіп

алдынан шықты да, Шепені таныған соң, үндемей жайларына кетті.

Шепенің ойы, ас үйдің есігін сықырлатпай ашып, Күнтайды шошытпай

оятып, бұл жолы сыпайы сөзден аспай, торды алыстан құру еді. Бірақ, əйел

көрсе  ұстамалы  «қояншығы»  бар  Шепе,  жатар  жерін  білетін  Күнтайға

жақындап,  жанына  жантайғанша  өзін  ұстай  алды  да,  ұйқыда  жатқан


əйелдің  денесіне  қолын  тигізе  бере,  денесіне  ие  бола  алмай,  оянып  кеткен

Күнтайды бас салып құшақтай алды. Жанжал осыдан басталды...

Шоңайна  бұл  кезде  өз  үйінің,  төрінде  шырт  ұйқыда  еді.  Ұйқысы  қатты

ол,  Жайнақтың  сыртқа  шығып  бақырған  даусына  оянған  жоқ.  Оны

күзендей шақылдап Шыңғыспен арпалысқан ерінің даусы оятты. Кенеттен

шыққан  ащы  дауыстан  шошып  кеткен  Шоңайна,  есеңгіреген  қалпымен

далаға жүгіре шықты. Салқын ауаға шыға есі жинала бастаған ол, Шепенің

даусын  таныды  да,  сөз  түрлеріне  қарап,  Күнтайдан  жəбірлік  көргенін

аңғарды. «Əлде оған қол салған болар ма?» – деген ой кеп кетті Шоңайнаға.

Соның мəнісін білмек боп, жүгіре басқан адыммен ас үйге келсе, есігін тас

жауып апты. Дыбыс берсе ашпайды. Есікті ұрса ашпайды.

«Қу  салдақы  қыларын  қылып  ап  бекінген  екен  ғой!»  деп  ойлаған

Шоңайна,  даланы  басына  көтере,  Күнтайды  тілдеді  де  дыбыс  бермеуіне

ызалана  түсіп,  ендігі  өшін  ерінен  алу  ниетімен  ордаға  жүгірді.  Бұл  кезде,

айналмалы  кəрəсін  шам  жағылып,  адалбақанның  бұтағына  ілінген  еді  де,

үй  іші  көмескі  жарық  еді.  Зейнеп  көрінбейді,  тегі  түсірілген  шымылдық

ішінде  балалардың  арасында  болу  керек.  Тоңазыған  денесіне  түйе  жүн

шекпенін  жамылған  Шыңғыс  төрде  жастыққа  жантайып  жатқан  Шепенің

қасында үн-түнсіз отыр. Оның бір əдеті, - нендей өрескел қылық жасаса да,

Шепенің алдына шығып, тіл қатып көрген емес, сондықтан былайғы жұрт

Шепенің  бар  қылығын:  «Шыңғыстың  өзі  істетеді  де,  өп-өтірік  білмеген

болады», деседі.

Шоңайна ордаға:

–  Мынау  көсілу,  қай  көсілу?!  –  деп  сөйлене  кірді.  Үйдегілер  жауап

қатпады.

Баяғы  келіншек  болып  түскен  шағында,  сала-құлаш  қара  құндыз  іліп

төріне  шыққан  ордадан  Шоңайна  бұл  жолы  да  қымсынбай,  «неге

көтермейсің басыңды!» деп, сұлап жатқан Шепені аяғынан ұстай алды да,

от  орнына  қарай  сүйрей  бастады.  Қарсыласар  халы  жоқ  Шепе,  жəрдем

күткендей жаутаңдай Шыңғысқа қарап еді, ол «саған сол керек» дегендей,

төмен түсірген басын көтерген жоқ.

Ордадан  сүйреп  шыққан  Шепеге,  Шоңайна  үстемдігін  көрсетіп,

табалдырықтан  аттай  аяғын  босатты  да,  тік  түрегелген  Шепені  жауырын

тұсынан  сол  қолымен  бүркіттей  бүре  ұстап,  оң  жақ  қолының  түйген

жұдырығын тұмсығына тақап:

– Кəне, айт, жаның барда, не болғанын? – деді. Шоңайнаның тұмсығына

қойып  жіберуден  тайынбайтынын  білетін  Шепе,  оның  қаһарынан  қайтар

айланы тез таба қойып:

– Ойбай-ау, ол қаншығың сондай жынды ма еді? – деді.


– Не істеді жынды боп? – деді Шоңайна.

–  Барған  ауылдан  бір  қозының  етін  жеп,  «үйге  кеп  қонайын»  дедім  де,

түн  ортасы  ауғанмен,  қайтып  кеттім.  Жолшыбай  сусамасым  бар  ма?

«Орданың  қымызы  тəтті  болушы  еді»  деп,  «шелімді  қандырып  алайын»

деп,  аттан  түстім  де,  ас  үйге  кірдім.  Анау  қатын  шырт  ұйқыда  екен.

«Қымыз  бер»,  дейін  деп  ақырын  қозғап  оятып  ем,  «кімсің?»  деді  ақырын.

Онысы  тегі,  барып  жүретін  адамы  болған  ғой.  Мен  қайдан  білейін,

ондайын.  Аңқау  басым  «Мен  –  Шепемін!»  деуім  бар  емес  пе?  Қаншық

қатынның  бақыра  түре  келуі  бар  емес  пе?!..  «Ойбай,  мұның  не?»  десем,

бəсеңдеудің  орнына  үдей  бақырып,  үйді  басына  көтергені  бар  ғой!  Сонан

кейін тысқа қаштым да шықтым.

– Сен неге бақырдың, қатынды балағаттап?

– Қар қатынның қылығына ыза боп!

Иланарын  да,  иланбасын  да  білмеген  Шоңайнаның  аузына  «атың

қайда?» деген сөз түсіп кетті.

– Байлауда, – деді Шепе.

– Қайда?

Шепе не жауап беруге білмей құмығып қалды.

– «Қайда?» деп тұрмын ғой мен саған?

– Сол үйдің белдеуінде...

–  Жүр,  ендеше,  атты  ала  кетеміз!  –  деп  Шоңайна  жауырыннан  бүрген

қолымен


ас

үйге


қарай

икемдегенде,

жүргісі

келмеген

Шепе

тартыншақтанып  қозғалмайын  деп  еді,  –  жаның  барда  жүр,  əйтпесе,



көресіңді көрсетем! – деді.

Бармауға амалы жоқ Шепе:

–  Неменені  айтып  тұрмын,  шатасып?  Белдеуде  емес,  сайда.  «Түнде

кісінеп ауылды мазалар» деп тұсап кеткем сайға.

– Ер-тоқымы қайда?

Шепе үндемей қалды.

–  Шатас,  шыпшығым!  –  деді  Шоңайна,  тек  ашуланған  шақта  ғана

Шепенің  бойы  кішкенелігін  бетіне  салық  қылатын  «шыпшық»  қойған

лақабын айтып.

Шепенің үні шықпай қалған соң, неге шатасып тұрғанын жорамалдаған



Шоңайна, «жүр, үйге сенімен сонда сөйлесем» деп сүйрей жөнелді.

Бұл халды орданың ішке қарай ашылатын есігінен екі адам қарап тұрды:

бірі –Зейнеп, бірі – Шоқан. Шепеден ығысып өскен Шоқан, мана, əкесі оны

ордаға  құшақтап  əкелгенде,  шешесімен  бірге  шымылдық  ішіне  кіріп

кеткен.  Шепе  ентіккен  дауыспен  қатты  уһлеп,  қараңғы  үйдің  төріне  қисая

кеткенде,  Шыңғыс  адалбақанда  ілулі  тұрған  кəрəсін  шамды  қолымен

сипалап  тапқан  да,  бүкіл  қазақ  елінде,  ордада  ғана  болатын,  шамның

қалпағының  үстінде  тұратын  сіреңкені  тұтатып  жаққан.  Содан  кейін,

соққыға жығылған қасқырдай сұлқ жатқан Шепеге жастық ұсынып, ол ала

қоймаған  соң,  кеуде  жағын  көтеріп,  басының  астына  тыққан.  Тынысы

дұрысталып, басы жайланған Шепе өз өзінен тістене сөйленіп:

– Не ол қар қатын тұрар, бұл ауылда, не мен тұрармын, – деген. Шыңғыс

жауап қатпаған.

Аз  тым-тырыстан  кейін  Шоңайна  келді  де,  Шепені  алып  кетті.  Шоқан

орнынан  есікке  қарай  ұмтыла  бергенде,  Зейнеп  көйлегінің  етегінен  ұстай

ап:


– Қайда, Қанаш? – деді.

– Көрейін, – деді Шоқан ілгері тырмысып.

– Нені?

– Əлгілерді.



Шоқанның айтқанын істемей қоймайтынын білетін шешесі, оны «тысқа

шығып  кетер»  деген  оймен,  тұтқан  етегін  жіберместен  есік  алдына  бірге

барды.

–  Əй,  апа  босат  етегімді,  –  деді  Шоқан  есікке  жете,  –  мен  далаға



шықпаймын.

Зейнеп босатты.

– Шамды сөндір, əке! Əлгі қайтып келер осында, – деді Шоқан.

Шам  сөнді.  Зейнеп  пен  Шоқан  қараңғы  үйдің  есігінен  қарап  тұрғанда,

Шоңайна Шепені үйіне қарай сүйреп əкетті.

– Сол керек оған, – деді Зейнеп, айызы қанғандай.

–  Сонда,  бұл  тай  ағам  не  істейді,  Ақ  апама?  –  деді  Шоқан  Зейнепке,

Шепені сүйрелей жетектеген Шоңайна үйіне кіре бергенде.

– Əуелі, «Тапекеңе не істейді?» десейші – деді Зейнеп.


–  Не  істесе  ол  істесін.  Өлтіріп  тастаса  да  мейлі.  Маған  Ақ  апама

тимегені керек.

– Оған ештеңе істей қоймас.

– Қайдам, – деді Шоқан. – Əлгінде «бұл ауылда не ол, не мен тұрармын»

деді ғой.

Сол  кезде  қарашы  ауыл  жақтан  бері  беттеген  əлдекім  қараңдай  қалды.

«Бұл кім бейуақта жүрген?!» деген ой қатар келді шеше мен балаға. Екеуі

де «кім екенін көрейік» деген оймен тұрған орындарында қата қалысты.

Келе  жатқан  Ақпан  еді.  Күндіз  бие  сауатын  ол  кешке  қарай  өзінің

серігімен кезектесіп бағынға кететін. Өткен кештің кезегі серігіне келді де,

ол іңір асын ішкеннен кейін үйіне барып ұйықтады.

Ордадан  естілген  шаң-шұңға  қарашы  ауылдың  өзге  адамдарымен  бірге

ол  да  оянды.  Көппен  бірге:  Жайнақтың,  Шепенің,  Шоңайнаның

дауыстарын Ақпан да танып, сол дауыстарға қарап не болып қалғанын, өзге

қарашылармен қатар ол да жорамалдады.

Оның  өзгеге  емес,  Жайнаққа  жаны  ашып  кетті.  Өзі  бала  көрмеген  ол,

Жайнақты «туысым» деп, туған баладан артық болмаса кем көрмейтін. Ол

да  бұны  жанындай  жақсы  көретін.  Жұмыстан  қолы  босаған  шақтарда,

Ақпанның  ең  зор  рахаты,  -  Жайнақпен  ойнау  болатын.  Соншалық  жақсы

көретін  Жайнақты,  ол  ертемен  келіп,  ұйқтап  жатқан  қалпында  құшырлана

иіскеп,  оянып  кетсе,  құшағына  қысып  өбетін.  Өзі  теңдес  баладан  таяқ

жемейтін  Жайнаққа,  үлкендерден  біреу-міреу  тіл,  я  қол  қатайын  десе,

Ақпан  қызғыштай  қорғалаштап  маңайлатпайтын.  Бірер  рет  біреулердің

Жайнаққа қол қатқанын естіген Ақпан, олардың сілесін қатыра сабап, одан

кейін басқалар өйтуге қорқатын болған.

Міне,  енді,  сондай  «қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқытпай»

жүрген  Жайнағының  ел  жатып  қалған  қараңғы  түнде,  қасқыр  жарған

құлындай шыңғырған даусы естілді!... Неге өйтуі белгілі.

Бұл шыңғырудан жаны ышқынып кеткен Ақпан, қасында жататын үнемі

қынды  кездік  асулы  жүретін  қайыс  белбеуін  байлана  сап,  көйлек-

дамбалшаң, жалаң бас, жалаң аяқ қалпымен тысқа жүгіре шықты. Шешесі

Бөтікейдің» Қайда, қалқам?» дегенінен жауап қайырған жоқ. Есік алдында

қараңдаған  бір  топ  адам  тұр  екен.  Ақпан  оларға  қарамастан,  ордаға  қарай

жүгіре беттегенде əлдекім:

– Ұстаңдар, анау Ақпанды! – деді.

Төрт-бес адам Ақпанды ұстай алды.

– Жіберіңдер! – деді ол қатал дауыспен, – кездікті оларға да салам, өзіме


де салам!

Ұстағандар жібермей, қартаң біреулер сабырлық сөздер айтып жатқанда,

шаң-шұң бəсеңдей қалды. Қараңғыға көзі жыты біреу:

– Əне, Шепені қатыны үйіне сүйреп əкетті, – деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет