қайтқанын енді ғана есіне түсіріп, қолына іліккен шешесінен:
– Неге өйтті, апа? – деп сұрап еді:
– Жəй, əншейін, – дей салды Зейнеп.
– Əкем қайда?
– Құс салуға кетті.
– «Пəлендей бірдеме бола қалады» деген есінде жоқ, күні бойы ойнап
қалжыраған Шоқан іңір асын ішті де төсегіне жатып, қалың ұйқыға кірді.
Көп ұйықтайтын Шоқан, ертеңіне шалшық түсте оянса, басқа жандар
тұрып кетіп қалған, түндігі ашылмаған, сəулесі көмескі үйдің төрінде, əкесі
намаз оқып жатыр. Құлшылықтың бұл түріне де салақ Шыңғыс, істерден
қолы босаңқыраған шақта, «нəфілімді өтеймін» деп, ертеден қара кешке
жайнамаздан түспей, еңкеңдеу мен тоңқаңдаудан дамыл алмайтын. Шоқан
оны бүгін де сөйтуі болар деп жорыды. Намаз уақытында біреудің
сыбдырлауын, я сөйлесуін Шыңғыс өте жек көретін, кейде сондайлар
сезілсе, оқып тұрған намазын бөліп, бөгеушіге ақырып тастайтын,
сондықтан ол жайнамазға отырады, Зейнеп бар баласын ертіп қос үйге
кетіп қалатын. Басқа адамдар болса - болмаса да ұлықсатсыз кірмейді.
Əкесінің сол əдетін білетін Шоқан төсегінен еппен тұрып аяқтарын
ұшынан еппен басып тысқа шығып кетті. Қарны ашқан ол, тамақ жемек
боп ас үйге барса, басын төмен салбыратқан шешесі отыр. «Бұнысы несі?!»
дегендей дыбыс бергенде, шешесінің кескініне қараса, əлем-тапырық.
– Ие, не болды, апа?! – деді Шоқан, таңданған кескінмен.
Зейнеп оған тұнжырай қарады да, жауап бермеді. Салмақты бірдеме
барын сезгендей болған Шоқан:
– Жайнақ келді ме, апа? – деп сұрады. Онысы, əрі «ертең ертемен келем»
деген Жайнақтың келген-келмегенін білу еді, (өзінше келуге тиісті, өйткені
Жайнақтың уəдесін орындамаған күні жоқ, егер Шоқан ұйқтап жатқанда
келсе, қайда болатынын ас үйдегі кісіге айтып кетеді), екіншіден, ерлі-
зайыпты адам боп əкесі мен шешесі кейде кикілжіңдене қалса, Зейнепке
қол жұмсап көрмеген ызақор Шыңғыстың ашуын тарату үшін осындай
нəпілшіл бола қататыны кездесуші еді.
Əкесінің жайнамаз үстінде болуынан, шешесінің қабағы түсіңкілеуінен,
«араларында бірдеме болып қалған болар» деп жорыған Шоқан, шешесінің
«ашуына тимейін» деген оймен тысқа шықты.
Есік алдында ас пісіретін жер ошақ болатын. Соның маңында əлдене
тамақпен шұғылданып Шүйке жүр екен. Шоқан оны есімімен тура
атайтын.
– Шүйке! – деді ол есіктен шыға. Анау жалт қарады. – Жайнақты көрдің
бе?
– Апырау, неғып келмеді ол? Келсе керек еді ғой.
– Білмедім, – деді Шүйке асымен айналысып. Оның кескіні де өзінікі
емес. Ол да қатты тұнжыраған. «Бұнысы несі?!» – дегендей Шоқан
жақындап кеп:
– Не болған сендерге?! – дегенде, түртіп қалса жарылғалы тұрған
Шүйке, еңіреп жылап жіберді. Итаяқ оның туған нағашысы еді. Сол өлді
деп естігелі, көңілі іркіттей іріп, сүйретіліп құр сүлдері ғана жүрген.
«Құқ» деп санайтын, менсінбейтін əйелмен, өзі əлденеге тығылып
жылап тұрған əйелмен тіл қатысып қасында тұрып алуды ар көргендей
Шоқан, «шешемнің жəне бұның түріне қарағанда, не де болса, ауыр
бірдеме болған ғой» деген ой келді де, мəнін шешесінен білмек боп ас үйге
қайта кірді. Шешесі манағы қалпында отыр.
– Апа! – деді Шоқан қатты дауыспен. Зейнеп басын көтерді. – Не боп
қалған, бұл, бəрің бірдей тұнжырап? Үйде сен бұлай отырсың?!.. Далада –
Шүйке!.. «Əкесі өлгенді де естіртеді» дейді ғой менің əкем тірі. Саған не
болған? Шүйкеге не болған?
– Ол бейшараның нағашысы өлген.
Шоқан енді сұрау бермей, сазарған кескінмен далаға шықса, ас үйдің
белдеуінде, малшының ерттеулі аты тұр екен. Ол соған мінді де, қарашы
ауылға қарай шаба жөнелді... Сонда, басындағы ой Ақпанның Итаяқты неге
өлтіруі жайлы.
Күнтайға өзінің қолы жетпеген Шепенің Итаяқты жұмсауы, Итаяқтың
Күнтайға дамыл бермеуі, Ақпанның бұл қылықты ұнатпауы Шоқанға
мəлім. Ақпан Итаяқты осыған байланысты өлтіруі керек. Бірақ, неге?!
Ақпан мен Күнтай өте тату еді ғой, араларында арамдық жоқ сияқты еді
ғой, ендеше, сырттан кісінеген Итаяқты Ақпан неге өлтіреді? Апасы да оны
жасырады, айтпайды. «Əкеңнің де басы кете ме» деп қорқам дей береді.
Шоқан Ақпан үйіндегі сұмдықтың үстінен шықты: Күнтай қимылсыз
шалқасынан жатыр, оның кеудесіне бетін баса, Айжан құшақтап өксіп
жатыр. Жайнақ бүк түсіп төрде жатыр.
Не істерге білмей қалған Шоқанға, үйде əлдекімнің кірген сыбдырын
естіген Жайнақ, «бұл кім?» дегендей, жас пен кір араласып айғызданған
кескінімен қарады.
Жатқан орнынан ұша түрегеп, Шоқанды бассалған Жайнақ еңіреп қоя
берді. Мал баққан ауылда туып-өскен Шоқанның қасқыр жеген лақтың
қалай бақырғанын, қасқыр жарған құлынның қалай шыңғырғанын сан рет
естігені де, кейде көргені де бар еді. Адам даусына емес, сол лақ пен
құлынның дауыстарына ұқсап кеткен Жайнақтың еңіреуі, Шоқанның тұла-
бойын тітіркендіріп жіберді. Не хал болғанын байыбына бармастан, Шоқан
да Жайнаққа қосыла жылады...
Олар сол көріскен қалыптарында ұзақ тұрып қалар ма еді, қайтер еді,
егер, əйелдің «қарақтарым-ай!» деген ыңырсыған дыбысы естілмесе.
Аянышты дауысқа Шоқан жалт қараса, Күнтай!.. Айжан манағы қалпында.
– Ақ апама не болған? – деді құшағын жазған Шоқан Жайнаққа.
Жайнақ үндемеді. Ақпанның ұрғанын Күнтай оған да айтқан жоқ еді.
– Не болды, Ақ апа? – деді Шоқан Күнтайға жақындап.
– Білмедің бе, не болғанын, Қанашжан? – деді жасқа булыққан Күнтай.
– Итаяқтың өлгені рас па?..
– Рас, - деді Жайнақ шешесі үшін жауап беріп.
– Ақпанның өлтіргені рас па?
– Рас.
– Неге?
Жайнақ жауап бермеді. Сонда Күнтайға не болған?
Бұл сұраудың жауабын Шоқан сол сағатта да, одан кейін де таба алған
жоқ. Оның бар естігені – қайғы. «Қайғыдан да адам осылай ауыра ма
екен?!»
Қарашы ауылға бұрын келмейтін Шоқан, Күнтай ордадан кеткелі барып
жүретін еді. Əсіресе, түйенің шұбаты мен ешкінің қаймағы үшін. Күнтай
ауыра, ол екі астың да дəмі кетті, бірақ сонда да баруын доғармады.
Күнтайдың сырқаты ауырлай, Ақпан үйінің берекесі кетіп болды.
Бұрынғы мұнтаздай таза үйдің іші, басқа адам бас сұқпастай халге кеп,
мейлінше ыластанды. Жайнақ пен Айжан да қатты жүдеушілікке ұшырады.
«Жібекті күте білмеген жүн қылады, қызды күте білмеген күң қылады»
дегендей, шешесінің күтімінен қалған соң, Айжанның үсті-басы кірлеп,
киімдері тозып кетті. Бұларды көріп жүрген Шоқанның іші ауырғанмен,
қолынан келер жəрдемі жоқ. Бір сəтте ол Айжанды Зейнептің қолына
берейін деп еді, ол:
– Немене, балам, айтып тұрғанын? Шешесі өлсе, бір сəрі. Ол тірі
жатқанда, қызын асырап алатын, мені жын соғып па? Ендігі асырамағаным
құлдың қызы еді, «оны да асыра» дегенің не қылғаның? – деп ұрсып
тастады.
Сол ауырғаннан оңалмаған Күнтай, Шоқанды алып əкесі Омбыға
аттанарда əл үстінде жатыр еді. Əнеугүні, орданы Керей, Уақ қамап,
қылмысты Шоқан бекініске тығылғанда, түн жамылып хал-жайын білуге
барған Жайнақ. Күнтайдың ауыр жағдайын айтқан. «Əне-міне деп жатыр»
деген соң, Шоқан да түн жамылып келген, сонда Күнтай Шоқанды
құшақтап бауырына басып, «Қанашым-ай, енді не айтайын саған?» деп
бетінен құшырлана иіскеген. Осы иіскеуден Шоқанның кіршіксіз таза
екпесіне туберкулез сырқатының ұшқыны түскенін мейірімді əйел білген
жоқ!..
Шоқанның байқауынша, қақырығына қан араласа түскен Күнтай үзіліп
кетудің аз-ақ алдында. Соны естіген Шоқан, ақ сүтін еміп анасындай
болған, көп күтуін көрген Күнтайға соқпай кетуді, бала да болса адамдық
арына мін көрді. Жылан - сырттардың делбесіне оның жармасқаны да,
аттардың басын қарашы ауылға бұрған себебі де сол еді. Шыңғыстың да
ерік беруі - соны білгендіктен. Баласының мінезін білмесе, ондай ерікті
бермес те еді. Мінезі аян: қисайған жағынан түзелмейді, дегенін істемей
тынбайды, ерегіссе, – «аттарды да, Абаны да, өзін де жарам» деген сертіне
жетуі ғажап емес.
Жолаушылардың беті қарашы ауылға бұрылғанын, сол кезде есі
жиналып, Шепе үйінің есігінің алдына шығып қарап тұрған Зейнеп көрді
де, бұрған – Шоқан екенін, оның қайда барарын жобалап:
– Əкел, маған, анау белдеуде байлаулы тұрған Сұр – сүлікті! – деді бір
жігітке. Жігіт алып келген ерттеулі Сұр – сүлікке денесі толыққалы салт
жүруді доғарған Зейнеп, жас əйелдің қимылымен сып етіп тез мініп,
қарашы ауылға айдап кете барды. Сұр – сүлік құстай ұшты. Есі-дерті:
Қанашын сүйіп қалу.
Зейнеп қарашы ауылға жетіп келсе, Ақпан үйінің төңірегіне осы
ауылдың жандары түп-түгел жиналған екен. Түрлері: жұтшылық жылы
көктемге əрең жеткен көтерем малдар сияқты, киімдері жалба-жұлба, арық
- тұрақ; оның үстіне: ақсақ та, соқыр да, бүкір де, басқа кемтарлар да
іштерінде; келіншек боп түскелі бұл ауылға бірер ғана келген Зейнеп,
бұндай күйлерін білмейтін еді...
Аттан қарғып түскен Зейнеп, Шыңғыс сыртында тұрған үйдің төңірегіне
батылы жеткен, бұрын өйтіп көрмеген жиын-жұртты ала көзімен бір шолды
да, ішінен «сұлтан тағынан түскенін естіп басынып тұр-ау, мына
сұмырайлар, бəлемдерге көрсетер ме еді көресісін!» деді де, үйге кіріп
барды. Күймеде отырған Шыңғыс пен Драгомировті абайлаған жоқ.
Үйде Жайнақ пен Шоқан от орнының маңында қалшиған түрде, үн-
түнсіз тұнжырап тік тұр, беті ашық Күнтай қимылсыз жатыр, шыңғырып
жылаған Айжан даусы ащы естіледі.
«Апырау, үзіліп кеткен болар ма?!» деген оймен Зейнеп жақындаса, көзі
ашық жатқан Күнтайдан тіршілік белгісі сезілмейді. Бұрын елік көрмеген
Зейнеп, шошына шегініп еді, Шоқан:
– Апа, – деді, қанын ішіне тартып, – Ақ апам енді жоқ!
Зейнеп жылап жіберді.
Шоқан үн-түнсіз Күнтайдың қасына барды да, төсінде жылап жатқан
Айжанды көтеріп тұрғызды. Зейнеп оны кептен көрген жоқ еді. Бұрын екі
беті алмадай құлпырып тұратын кішкене қыздың беті сүйектей құп-қу екен.
Толықша денесі де таралып, киімдері қазыққа ілгендей салбырап тұр.
«Киім» дейтін киім де жоқ екен онда. Бары, жеңдері мен етегі
жырымданған, мейлінше кірлеуден мөрі көрінбей кеткен қоңыр сиса
көйлек. Оның ішінен шілбиген сирақтары жылтырайды. Бұрын бұйра
талдың жасыл желекті бұтақтарындай ырғалып, құлпыра толқып тұратын
шашы түйенің шудасындай ұйпаланып, түп жағы жабағыдай ұйысып
қалған. Бет-аузының кір-қоңынан, бұрын көрген адам танырлық емес.
Мына түрін аяп кеткен Зейнеп:
– Алда, сорлы-ай, не боп кеткен мынау?! – деді аяған үнмен.
– Ие, бұл осылай болған, – деді үрейлі кескінмен тартынған Айжанды
шешесіне қарай сүйрелеп.
Қыз ырқына көнбеген соң, Шоқан:
– Апа, – деді Зейнепке, – бұның ендігі обал-жазығы сенің мойныңда!..
– Сонда не қыл дейсің, Қанашжан?
– Қолыңа ал да, Рахиямен бірге күт!
– Болсын, Қанашжан! – деді Зейнеп.
Шоқан Айжанды босатты да, жеңді қолымен көзін басып, тысқа жүгіре
жөнелді. Жайнақ қатқан орнынан қозғалмады. Тысқа шыққан Шоқан
күймеге қарғып мінді де:
– Жөнелдік! – деді Абаға.
Аттар қозғала берді. Шоқанның соңғы сөздерін сыртта естіп тұрған жұрт
ризашылық көңілдерін білдіріп:
– Жолың, оңғарылсын, Шоқанжан! – десті шуласып.
– Қай жолмен тартамыз, хан-ием? – деді Аба, аттар қозғала берген
шақта.
«Шоқан не дер екен?» дегендей, Шыңғыс күйме бөксе-баспайының
қуысына кіре, бетін əрі қарата жатқан Шоқанға қарап еді, ол үндемеді де,
қозғалмады да. «Абаның даусын естімеді ме» деген оймен, Шыңғыс:
– «Қай жолмен» дейсің бе? – деді Абаға, қаттырақ дауыспен.
– Ие, хан-ием, – деді ол.
– «Тəтемен тартамыз» – деп ек қой, мана?
– Ие, хан-ием. Анықтап алайын деп сұрап жатырмын да.
– Солай-ақ тарт! – деді Шыңғыс, Шоқан үн қатпаған соң, «қарсы болса
білдірер» деген оймен.
Аттар жөнеп берді. Шоқан үндемеді де, қозғалмады да. Сайға екпіндей
түскен аттар, бастарын билеп алған Абаның еркіне көніп, əрі қарай жəйімен
жортты.
Шоқан тым-тырыс жатыр. Күйме төгіспен доңғалаған шақта тербетіп,
жолдың ойлы-қырлы тұсында тоңқылдап, кейде қиқаңдай қатты қозғалып,
əр жайда келеді. Тегісте Шоқанның жатуына көңіл бөлмеген Шыңғыс,
күйме теңселе, қиралаңдай бастаған шақта, жансыз нəрседей шайқалып
кетсе, аяғымен тіреуге ыңғайсызданып, биік денесін еңкейте, қолдарымен
сүйемелдейді. Қимылсыз қалпына қарап, кейде – «тірі ме өзі?!» дегендей,
бері қарай икемдейін десе, тіршілігін білгізгендей, икеміне көнгісі келмеген
Шоқан қиқаң ете түседі. Шыңғыс «ашуландырып алмайын» дейді де
қимылын доғара қояды. Шоқанның жобасы қалғыған сияқтанады,
сондықтан «мойны ауырып қалар» деген оймен, күймедегі бұлғарымен
тыстаған, жүні былқылдақ арқа жастықтың біреуін баласының басын сəл
көтере жастап еді, оған Шоқан қарсыласқан жоқ. Астында күйменің
ішіндегі өн бойына көлбей төсеген, масаты қалың, жұмсақ кілем.
Шоқан ұйықтаған да, қалғыған да жоқ. Сонда да екі көзі тас жұмулы.
Өйтетін себебі – егер ашып жатайын десе, көретіні күйменің іші ғана
болатын. Жауып жатса, талай дүниенің елесін көз алдына келтіретін
сияқты.
Ол əлі жас та болса, талайды көрген бала. Кішкене күнінен «кісі болар»
деп дəмеленген Шыңғыс, «ел көрсін, жер көрсін» деген оймен
сапарларының көпшілігінде Шоқанды қасынан тастамайтын еді.
Бағының ұшып тұрған шағында, Шыңғыс Орынбор, Сібірдің көп жерін
аралап, көп елін көрген кісі. Мысалы ол Құсмұрынның күнгейінде –
Ұлытау, Кішітауға дейін, Шығыс күнгейінде – Қарақойын, Қашырлыға
дейін, шығысында – Шыңғыстау, Семейтауға дейін, теріскей-шығыста –
Баянтау мен Керекуге дейін, теріскей-батысында – Түмен, Ірбітке дейін,
батысында – Торғай, Тосынға дейін барған, сол жөндердегі елдердің көбін
аралап, «қас батыр, қайран жақсылардың талайымен таныс, дастарқандас
болған адам. Осылардың көбін Шоқан да көрді.
Құсмұрын дөңі осы маңайындағы бұйратты, ормансыз, таусыз кең
даланың парнасы сияқты оның қырқасына көтерілген адам талай дүниені
көзімен шалады. Алысқа жолаушылап көрмеген адамға, көзі шалған осы
дүниенің өзі де жетерлік сияқты. Ал, Шоқан сияқты жырақ жерлерді
шарлаған адамға, бертінгі тұста көмкеріліп тұрған аспан күмбезінің ар
жағында да талай дүние бары аян. Соны сезетін Шоқан, кейде, ойыннан
босаған шақтарында, Құсмұрынның тұмсығындағы биік шоқыға шығып,
жан-жағындағы кең даланы көзімен айнала шалатын еді. Көзі жеткен жерге
дейінгі дүниені тамашалап, жетпеген жерлерді, көзін жұмып жіберіп көз
алдына келтіретін еді, сонда оның алдына, көрген жерлері мен елдерінің
бар бейнесі, қаз-қалпында «мені көр, мені көр!» деп тізіле қалатын.
Міне, қазір, күйме ішінде де солай болып жатыр. Көрген жерлері, көрген
елдері көздерін тарс жұмса ғана елестейді де, ашайын десе, бұлт бүркеген
сағымдай ілезде жоқ болып кетеді.
Шоқан орыс поселкелерінің кейбірінде болып көрген. Сонда ол, бір
қонуға əрең шыдап, қасына ерген кісілерді екінші күні еріксіз
аттандыратын. Оның, əзіргі санасында, шетсіз-шексіз кең даладан артық
жер жоқ, ол далада сирей қонатын ауылдардан артық ел жоқ.
Ауыл...
Шоқанның əзірге жақсы білетін ауылдары: хан ордасы мен қарашылар.
(Өзге ауылдарды жақсы білмейтіні: Шыңғыс қайда сапар шексе де, қай
ауылға барса да, үнемі ақ үйлерге ғана түседі. Олар байлардың үйлері.
Шыңғыс ордасында ғана болмаса, шылғи ақ үйлер, қазақ ауылдарында өте
сирек кездеседі. Ауылдардың бірталайы əр түсті бояумен алабажақ қып
тоқыған матадай: ақ, ақ ала; қоңыр ала, қара ала боп тұрады. Шыңғыстың
түсетіні, -ақ үйлер ғана.
Орда мен қарашы ауылдарды салыстырғанда, бірі – жұмақ сияқты, бірі –
тамұқ сияқты. Бұл, екі ауылдың үйлерінің ішкі-сыртқы көріністерінің
біріне-бірі қарама-қарсы тұруынан ғана емес, соларды мекендейтін
адамдардың тұрмыс салтында да біріне-бірі қарама-қарсы болуынан:
ордада «не киейін, не ішейін, не мінейін» жоқ, бұлардың, бəрі де қажетті
мөлшерден асып төгіліп жатыр, ал қарашы ауылдағы үйлерде, бұлардың
бəрі де жетпейді, бəрінде де тапшылық, мұқтаждық, қалтақтап қана күн
көрушілік, біразы ашығып отырушылық, кейбірі, ауыр бейнеттің астында
жаншылып қалушылық!.. Ордадағылар -қожалар, қарашылар – құлдар,
бастапқыларын соңғылары асырайды жəне тегін, сонда да оларға рахмет
жоқ, «рахмет» түгіл теңдік жоқ: төренің кез келгені қарашының кез
келгенін қорлай, сабай береді, кейде - жазықсыз, мəселен Ақ нанның үйі, ол
үй кімге не жазды?.. Жазығы - отымен кіріп, күлімен шығуы ма? Күн
демей, түн демей, дамылсыз терлерін төгіп, ақысыз-пұлсыз қызмет қылуда
ма? Осындай «жазық» бола ма екен?.. Түк те жазығы жоқ қой олардың!..
Ендеше неге қорлайды оларды? Неге нашар халде ұстайды оларды?
Неге?!..
Осы ой басына ұялап болған шақта, Шоқанның бірде - əкесіне, бірде -
шешесіне «неге бұлай?!» дегені бар. Екеуінен де алған жауабы:
– Ол тəңірі ісі, балам. Лəухол-махфузда солай жазылған.
– Ол не? – деп сұраған Шоқан, «лəухол-махфузға» түсінбей. Шыңғыс та,
Зейнеп те білгендерінше түсіндірген Шала-пұла түсінген Шоқан:
– Онда, теңсіздіктің түп тамырын тəңіріде болғаны ма? – деген.
– Тек, балам, олай деме, күнəлі боласың, – дегеннен басқаны олар айта
алмаған.
Күйме ішінде көзін жұмып жатқан Шоқанның басын, осы «неге?» деген
сұрау да біраз айналдырды. Теңсіздік туралы əр саққа жүгірген ойы, Ақпан
үйінің төңірегіне үйіріле берді. Шоқанға бұл үйдің өміріндегі
ауырлықтардың бəрі де аянышты. Бірақ, «өткенге салауат, қалғанға
берекет» дегендей, Ақпан үйінің өткенін қайтара алмау, Шоқанға түсінікті.
Ол үйде «қалған» дегендер - Жайнақ пен Айжан. Жанындай жақсы көретін,
екеуі бір асықтың алшысы мен тəйкесі сияқтанатын, «алшысы - өзім»,
«тəйкесі - ол» деп санайтын, «өмір бойы достық өмірді бірге кешеміз» деп
сенетін Жайнақтан айрылды. Ойнап жүрген күндердің біреуінде, жəй
жорамалмен Жайнақ Шоқанға:
– Сені «оқуға барады» деп естимін, рас па? – деген.
– «Қайда» дейді? – деген, күтпеген сұрауды естіген соң.
– «Омбыға» дейді ғой.
– «Неге» дейді?
– Қайдам, неге екенін? Хан – атама қарап, «хан тұқымына орыс оқуы
жарасады» деп ойлайды да жұрт.
– Ойлай берсін.
– Сен бармаймысың?
– Неге барам?
– «Əкеңнің жолын қуып» дейді де.
– Менің жолым, əкемнің жолы емес, – деген Шоқан, бұл кеңесті кесіп
тастағысы кеп. – Мен ешқайда да бармаймын.
Осылай кесілген бұл кеңес, «Шоқанды əкесі Омбыға, орыс оқуына
апаратын бопты» деген қауесетпен қайта жалғанып, Шоқанның баруға
мойындай бастағанын байқаған Жайнақ:
– Мені де ала кет, – деген.
Одан бұрынғы бір əңгімеде, еркелеп отырған Шоқанға Шыңғыс:
– Оқуға апарам сені, айналайын, Омбыға, орыс оқуына, – деген.
– Онда, Жайнақпен бірге апар! – деп қалған Шоқан.
– Көрерміз, – дей салған Шыңғыс.
Сол кеңестің ішінде Зейнеп те отырған. Кейін, Шыңғыс Шоқанды
Омбыға алып кетуі анықталғанда Зейнеп Шыңғысқа:
– «Əкетем» деген соң əкетесің ғой, Қанашжанды, - деген, көз жасын
төгіп отырып. - Құдай ата-бабаңнан бері бет алған жағыңнан бұрылмайтын
сені, мен қалай бұрам. Ерке бала еді, жалғызсырайды ғой, онда...
– Сонда, не қыл деп отырсың маған? – деген Шыңғыс.
– Қыл дейтінім: Жайнақ пен екеуі егіз қозыдай тел өсіп еді, соны қоса
апарсаң қайтеді?
Шыңғыс ойланып қалғандай аз отырып:
– Болмайды ол! - деген кесінді дауыспен.
– Неге сұлтан-ау?
– Қасқыр мен түлкіні бірге өсірмейді.
– Ол не деген сөзің?
– Қара мен төре қатар оқыса, біріне-бірі жау боп шыға келеді.
– Қой өйтпес. Ондайды естіген жоқпыз ғой.
– Сен естімесең мен естідім. Айшуақ ханның ұрпағы – Баймағамбет
төрені, əкесі Орынборға апарып орыс оқуына бергенде, қасындағы
қарашыларының бірі - Өтеміс деген кісінің Махамбет деген баласын бірге
берген. Махамбет пен Баймағамбет те біздің Шоқан мен Жайнақтай бір
жыл туып, тату боп бірге өскен. Ақырында екеуі бір-біріне келіспес дұшпан
боп, Тайманның Исатайы деген адамға қосылып, Махамбет Бөкей
ордасының ханы – Жəңгірге де, ақ патшаға да қарсы шығып, үлкен қырғын
жасаған...
– Астапыралда! – деді мына хабардан үрейленген Зейнеп.
– «Астапыралда» болса, – сол. Ақырында олар бірінің басын бірі алған.
Соны біле тұра, мен қарашыдан өзімізге жау даярлай алмаймын.
Бұл сонымен біткен. Омбыға баруға көнген Шоқанның өзіне де
«Жайнақты ала кетсек қайтеді? деген ой оралған. Ол ойын ешкімге
білдірмеген себебі, – Омбыға баруға көнгенмен, «онда ұзақ оқимын» деген
сенім Шоқанда жоқ. Оның ойы – «жақса қалам да, жақпаса қашып кетем».
Сондықтан ол, «ала кетем» деп Жайнақты желіктірмеді.
Жайнақ қалып қойды. Жəне ол, – əкесі де, шешесі де жоқ бала. Сондай
жетімдердің талайының азып-тозып кеткенін көрді. Бұның да сөйтпеуіне
кім кепіл. Оның бар сенетіні -Жайнақтың пысықтығы. Бірақ, пысық боп
қайда барады, əрі күн көрісі жоқ жарлының баласы, əрі жетім бала!..
Бұл ойлар Шоқанның басына енді, күймеде көзін жұмып жатқанда ғана
келіп, егер Омбыда қалып қоятын болса да, Айжанды шешесіне тапсыру
сияқты,
Жайнақты
əкесіне
тапсыру.
Айжанның
жетім
қалуына
қайғырғанмен, болашақ тағдырына, Шоқан оншалық күйзеле қоймайды, ол Достарыңызбен бөлісу: |