болды» деген «дəлел» айтқан.
Казак-орыстың атамандары тыйғанмен, балық аузына тұшыған қазақтар,
бұл кəсіптен қол үзбеген. Атыраудың кей тұсында, кей қазақтар өзге
кəсіптің (мысалы мал өсірудің) бəрін тастап, тек балық аулаумен ғана
шұғылданған. Он тоғызыншы ғасырдың басынан үкімет бұл кəсіпті қудалау
орнына көмектесіп, артельдер құруға қайықтар, басқа саймандар сатып
алуына ұлықсат еткен. «Каспийдің шығысында балық пен ит-балық
(тюлень) аулау кəсібі» деген атпен 1902 жылы басылып шыққан кітабында
Н. Ливкин, қазақтардың, балық аулау тарихын толық көрсетеді.
Балықшы қазақтарды балықшы емес қазақтардың сықақтауы ма, əлде
расы ма, – төмендегідей сөз бар: Каспий төңірегіндегі балықшы Адай
руының бір қызын Арқада мал өсірумен шұғылданатын біреудің, баласына
бергелі жатса керек, сонда қыз туғандарына көрісіп жатып, «бекіре (мекіре)
балықтың, бел кеспесін (белдемесін) жемейтін басым - ай, қойдың,
құйқасы қоңырсыған етін жейсің-ау!» деп жылапты-мыс. Бұл сөзді кім
шығарса да, ойыны емес, расы сол: күні бүгін Гурьев қаласына сапар
шегіп, ет базарына баршы, дүкендерде жылқының, қойдың сиырдың,
түйенің, балықтың еттері қатар тұрса, тұрғын адайлар, алдымен балық етін
алады, ол болмаса түйенің, ол болмаса – сиырдың, ол болмаса, –
қынжылып барып жылқының етін алады. «Жылқы етінен артық ет жоқ»
деп түсінетін (ғылымда да солай) біз үшін, Адайлардың бүйтуі қайран
қаларлық іс!
Көлденең сөзді осымен доғара тұрып, тақырыбымызға кешейік. Мəселе,
əлі де болса балықшылар туралы. Бұрынғы қазақтардың басым көпшілігі
мал өсірумен ғана шұғылданып, балық кəсібіне қызықпағанымен,
қызыққандарының
көбіне
бұл
кəсіппен
шұғылдануға
мүмкіндік
болмағанмен, қазақтың кең даласының кейбір тұсындағы өзендер мен
көлдерде не өз беттерімен, не казак-орыстармен бірігіп балық аулайтын
қазақтар там-тұм жерлерде кездесіп те қалады екен. Солардың біреуі, – біз
осы тарауда атаған «Теңіз» көлінің жағасында құрылған.
Сол маңайда Үй мен Тобыл өзендері түйіскен жерде қазақша -
«Қырықбойдақ», орысша – «Устьуйск» аталатын, Обаған мен Тобыл
өзендері түйісетін тұста қазақша – «Бағлан», орысша – Звериноголовск»
аталатын казак-орыс станицалары бары бізге жоғарғы тараулардан белгілі.
Бұл маңайда балықшылық кəсібімен ең алғаш осы станицалардың казак-
орыстары шұғылданған да, кейін қазақ кедейлерінен жұмысшы жалдап,
содан қазақтар да біртіндеп бұл кəсіпке араласа бастаған.
Бірақ ұлт пен ұлтты шағыстырып ұстайтын патшашылдық заманда,
казак-орыстар өздерін «жоғары», қазақтарды «төмен» санап, станицаларға
қарайтын жерге де, суға да қазақтарды маңайлатпаған, малдарын
жақындатпаған, жақындап келсе айдап ап, қайтармаған, кейде, айдап алған
малды сіңіріп те кеткен. Мысалы, жоғарыда аталған атаман Андрей
Бородин, Жайық қазақтарының 8000 жылқысын Еділ қалмақтарына
айдатып, олар патшаға шағым беріп, патшадан «қайтарт» деген əмір
келгенде, өзі меншіктенген тең жартысын қайтармаған. Ақыры, сол жұмыс
«басына жетіп» қызметінен алынған.
Қырықбойдақ пен Бағлан казак-орыстары да сөйтіп, тəуелді жерлерінің
суына қазақтан,өз бетімен балық аулаушылары жолатпаған. Сондықтан
қазақ балықшылары казак-орыстардың «он шақырымдық жолақ» (полоса)
аталатын жеріне бас сұға алмай, жолақтан тыс «Теңізден» аулайтын болған.
Айтушылар, «Теңіз жағасында алғаш қазақтар мен казак-орыстардың
кедейлері бірігіп аулаған еді, себебі: қайықтар мен аулар орыста ғана, көлік
қазақтарда ғана болған еді» деседі.
Басында солай құрылған бұл «артельдің» аяғы не боп кеткенін ешкім де
білмейді. Маңайдағы елдің тек қана білетіні, неше түрлі халықтар араласып
кеткен, іштерінде құлақ естімеген елдердің адамдары бар. Расында да
солай. Бұлардың ішінде орыс, қазақ, башқұрт, татар, остяк, чуваш, қалмақ,
тунгус, поляк, швед, чукшы, нанай, якут, бурят сияқты толып жатқан
елдердің «өкілдері» бар. Олардың көбі Сібірге айдалып барған
«қылмыстылардан» қашқан: «поселыцик», «ворнак» аталатындар. Бұл екі
лақапты да патша үкіметі тұрған елге: «талаушылар, кісі өлтірушілер» деп
жариялағандықтан (сондайлардың болғаны да рас), бейбіт елден олардың
маңына жолайтын жан өте сирек болады. Қашқындардың бұлайша
топталуына үкімет көңіл бөліп, алғаш қудалады да, артынан, біріншіден,
балық кəсібімен шұғылдануына көзі жетіп, екіншіден, - осындай
кəсіпшілдер əр жерде молаюын еске алып, тек сырттарынан ғана
бақылатты да, ішкі істеріне араласпады.
«Ішкі істері» дегенде, лақабы «қаңғырған» (бродяжное) аталған бұл
мекенде, қанша жан тұрып жататыны мəлімсіз. Сырт хабарға қарағанда
«кейде – толып, кейде – солып» дегендей, бір жылдары молайып, бір
жылдары азайып кетеді. Үй сандары да сондай. Басым көпшілігі қамыстан
құралатын, олардың кейі – күрке, кейі – үй-сымақ, кейі – барақ болатын.
Төбесі сырғауылмен жабылған, сығырайған кіп-кішкене терезелері бар
шым үйлер сирек кездесетін «қаңғырған», құрылыс жағынан не қазақ
қыстауына, не орыс селосына ұқсамайтын ығы-жығы бірдеме.
Көпшілігі
қашқындардан
құралатын
«қаңғырғанның»
адамдары
орталарынан біреуін «атаман» сайлап алады да, өзге ешбір үкіметке
бағынбайды. «Қаңғырғанның» ішкі, сыртқы істерінің бəрі атаманның
қолында; балықшыларға керекті аспаптарды, басқа кейбір жабдықтарды
табатын да сол, ауланған балықтарды сəудегерге өткізетін де сол, кəсіптік
ішкі жұмыстарында əмірші де сол. Оның айтқанын ешкім қалт етпейді.
Ертерек құрылған «артельдің» атамандары əртүрлі болып жүрді де,
біздің жолаушылар қаңғырғанға барардан он шақты жыл бұрын Кирила
Курагин деген кісіні атаман қойды. Оның да негізі қашқын болғанмен,
патша үкіметінің жергілікті əкімдеріне жақты да, «сұрағанын алып,
қалағанын беріп» дегендей, жағымды адамдарының біріне айналды.
Курагин өзінен бұрынғы атамандардың бəрінен күшті шығып, «артельді»,
ашса – аясында, жұмса – жұмырында ұстады. Оның мінезіне, қылығына
қарап, қарамағындағылар əлденеше ат қойып алды. Орыстар жағы оны
көзінше «Кирила» деп есімімен атады да, атылар мылтықтай мінезіне
қарап, сыртынан «Курагин» деген фамилиясының орнына «Курок» десті,
онысы – мылтықтың шапқысы» дегені. Қазақтар «Кириланы», – «Керала»
деп, «Курагинды» – «Құрақтың баласы» деп атады. Тəртіпке қатты Курагин
ісінде əділ болды. Сондықтан орыстар жағы оны «Мифодий» деп те атады,
онысы – орыстың көне тарихында айтылатын – Кирилл Мифодий есімді
əулиенің атын қосуы.
«Ұры байымайды., сұқ семірмейді» дегендей, құралуына талай жыл
өткенмен, «қаңғырғаннан» шаруа жинап ауқатты болған адам естілмейді.
Онда тұрғандардың ешқайсысында жеке меншік жоқ. Күн көрістері, тек
балыққа ғана байланысты. «Жұтқан жұтамайды» дегендей, балығы көп
жылдар болмаса, тапшы жылдарда бүйірі шығып тоймайды да, бірақ аштан
да өлмейді: жоқшылық жылдары, тұздаған балықты татумен де күнін көре
береді. Балықтан басқа қорек, олардың ілуде біреуінде ғана болмаса,
өзгелерінде жоқ. Сөйте тұра, бір ғажабы, маңайдағы ауыл-селоларға
емінбейді, олардың еш нəрсесіне тимейді, ашты – тоқты болса да, барын
қанағат қып отыра береді.
Біздің жолаушылар осы «Қаңғырғанға» болдырған атпен салпақтап əрең
жеткенде, тұрғындарының бəрі түгелімен іс əрекетінде еді. Жан-жағынан
құяр, я шығар өзендері жоқ бұл көлде балықтың жүретін де, жүрмейтін де
кездері болады. Кейде балықтар көлдің ортасындағы «айдын» аталатын
тереңіне тығылып жатып алады да, төңірегіне құрған ауларға бірен-саран
қаңғыбастары ғана ілегіп, жапа-тармағай түсу болмайды. Тереңге салатын
ау, бұл «артельде» жоқ. Ал кейде, əсіресе қалың жаңбыр болардың
алдында, тереңдегі балықтар сайызға, жиектегі қамыс арасына қаптай
шығып, ауларды толтыра ілінеді де балықшылар мəре боп қалады.
Бүгін де солай болған еді. Ауыр ауларды кешке дейін тартып түгескен
балықшылар, енді қазаға қамалғандарды сүзуге кіріскен. «Қаза» дейтіні
қамыстан қошқар мүйіздендіре кең ғып жасаған қоршау. Аузында аудан
жасаған, алқымы тар шонтайы бар, оған балықтардың кіруі оңай да, бірен-
сараны ғана болмаса, басқаларының шығуы қиын. Осы қазаның ішіне бірер
қап шегіртке төксе, оған жаны құмар балықтар таласа кіреді де, қайта шыға
алмай қамалып қалады. Кейде осындай қазалардың іші балықтарға тұна
толып, аулаушылар шелекпен сүзіп ала береді. «Қаза» яғни «ажал» аталуы
да сондықтан болу керек. Жақсы жасалған қазалар – балықтардың ажал
орны.
Бүгін аулар ғана емес, қазалар да лық толған еді. Жинауға жағдай да
толық. Осы мезгілде толыққан ай, аспаннан күн еңкейе бозамықтанып
көріне бастады да, күн сəулесі қоңырланған сайын жарқырай түсіп, қас
қарая, құммен аршыған жез легендей жалтырап кетті, жарығы даланы
күндізгідей жарқыратып жіберді. Бұл көлдің былай да көп масасы, мұндай
кезде тіпті молайып, тобымен ұшқанда, кешіп келе жатқан бұлт
сияқтанады. Бүгін де солай. Бірақ жалаңаш-жалпы болғанмен, масалардың
шағуына еті өліп кеткен балықшылар оған қарар емес: аудағы балықтарды
тартып, қазадағыларын дамылсыз қалқып жатыр.
Жол торабы Қаңғырғанның, шетіне таяна бітетін еді де, арғы шетінен
тағы басталатын еді. Ол шетіне, не Қаңғырғанды орап қыратпен бару керек
те, не егер жүйесін тапса, ішімен бару керек. Абаның екеуімен де жүргені
бар, орау оңай да, аралау қиын. Солардың қайсысымен жүруді білмеген
Аба, босаң жортақтап келе жатқан аттардың басын тежеңкіреп Шыңғысқа
бетін бұрып, мəнісін айтып еді, ол жөн айтудың орнына:
– Бағлан қанша еді, бұдан? – деді.
– Жиырма, жиырма бес молынан болар, – деді Аба.
– Аттар жеткізе ала ма бүгін?
– Қайдам, тым босаңсып келеді.
– Қонуға бола ма, мұның өзіне?
– Қайдам, маса буып жүрмесе.
– Көп бола ма масасы?
– Ойбай, ол да бір хан - ием, бұлт та бір.
– Онда балық жейміз де, аттанып кетіп, арғы масасы жоқ қыратқа
қонамыз.
Сол кезде, кешке қарай тынып қалған жел көл жақтан баяу есе бастады,
ол жолаушылардың мұрнына балық иісін əкелді.
– Қайда ол балықтар? – деді Шоқан Абаға.
– Кел жағасында ғой деймін. Жас балықтың иісі. Тегі аударын тартып
жатқан болу керек.
– Білесің бе, ол тұсты?
– Көргенім бар.
– Ендеше, айда аттарды.
Шыңғыс үндемеді. Аба онысын «ризаласуы» деп ұқты. Расында да
солай: «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген ұғымдағы қазақ, əсіресе, -
барған жерінде дастарқаны жаюлы тұратын Шыңғыс, қандай жыраққа
сапар шексе де азық алмайтын. «Бүгін Бағланға жетеміз» деген дəмемен,
бұл жолы да сөйткен. Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға
ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше
ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге
оның құлқы соға қалды.
Аба Қаңғырғанның ішіне қарай жөн тартты. Ондағы ізі қиқы-шойқы
тұрақ жайларының арасынан болдырған аттар түгіл, тың аттар да аяқтарын
аяңнан артық баса алмас еді. Қараңғыда ол іздерді тауып басу мүмкін де
емес еді. Тек, бұл түнде айдын, жарық болуынан ғана, біздің жолаушылар
аттарының басын əлденеге тірей, əлденеге арбалары соқтыға, сылбыр
аяңмен жылжып келе жатыр. Кей тұстарда сыналанып етерлік сүрлеу таба
алмай, тоқырап та қалады. Ондайда Аба арбадан түсе қалып, төңіректі жая
шолып келеді. Бұндай халде, құдайдың дес берісінде, Жылан-сырттардың
болдырып жеткені жақсы болды. Тың күйлерінде кірсе, ең алдымен, сырт
көрінісі жалба-жұлба Қаңғырғанның ішіне кірмек түгіл, анадайдан үркіп
лаға-лаға қашар еді, ал, күшпен кіргізе қалса, көрінген күркеге соқтығып,
сүйкенсе құлап түскелі тұрған тұрақтың талайы бүлінер еді, талайы
жемірілер еді...
Жел айдап əкелді ме, əлде, қамыстан жасалған үй - сымақтардың
арасында тұнып тұрды ма, Қаңғырғанға жолаушылар кіре бере ду ете
түскен қалың маса үстерін бұрқыраған шаңдай жапты да кетті. Денелерінің
ашық жерлеріне олай қаптай қонып, ашындыра шаға бастанғанда
жолаушылар жандарын қайда қоярға білмей жан таласты.
– Шатырды көтерейік – деді Шыңғыс сасқанынан.
Ол көтеріліп, өңірі жабылғанмен, ішінде лық тола қалып қойған
масалардың қараңғыда үймелей шағулары əлгіден де басым болып кетті.
Қашып құтылар жер жоқ, қорғалар дəрмен жоқ жолаушылар денелерін
жұлмалап уқаланды да қалды. Бір ертегіде, жорықтан қалжырап келе
жатқан əлде бір батыр, айдалада жата кетіп, «сол араның илеуіндегі
құмырсқалар жеп қойыпты» деген сөз бар еді. Жолаушыларға «мына
масалар да сөйтер ме екен?!» дегендей қауіп туды.
Мұндай шағуды көрмеген Шоқан, күйменің ішінен жерге атып түсті де,
жел жақтан естілген шуларға қарай бар пəрменімен зытты...
Өзге жолаушылар да «өлдім-талдым» дегенде, шуласып көл суатында
балық ісімен шұғылданған жұртқа жетті. Олар сол шуласқан қалпымен
іштеріне кіріп кеткен Шоқанды қоршай қалған екен.
Өйтпегенде ше?! Аспаннан түсті ме, жерден шықты ма, – өмірлерінде
көрмеген бір бала душар бола қалды! Неткен бала бұл осыншама əдемі
киінген?!.
Қандай бала екенін жəне қайдан келген бала екенін білгісі келген
көпшілік бірін-бірі тыңдамастан, əр тілде шуласа сұрау беріп жатыр.
Шоқан олардың шуынан да, түрлерінен де зəресі кетіп, топ қасқыр қамаған
қойдай, жан-жағына үрейлене қарайды.
Өйтпегенде ше?!.. Əйелі – еркегі, жасы-кəрісі аралас түстері талай түрлі
бұл адамдардың үсті-бастары далба-дұлба... бəрі де тірі аруақтай арық!..
Өмірінде бұндайларды көрмеген не қылған жандар екенін білмеген Шоқан
қашып шығайын десе, қорқынышты адамдар төңірегін қалың қоршап алған
шығар.
Шуласа қоршап, түнере төнген тірі аруақтардың сақинасы тарыла кеп
қысуға айналғандай таянып қалған шақта, үрейі ұшқан Шоқан шыңғыра
бақырып жіберді. Бұл топқа осы кезде кейінгі жолаушылар да жетті.
Баласының ащы даусы құлағына шалынған Шыңғыс:
– Мынау, біздің Қанашжанның даусы ғой, ойбай! – деп күймеден қарғып
түсіп топқа жүгірді. Ол қалың топты кимелеп ішіне кіруге тырмысты.
– Мынауы кім?! – деген дауыстары шығып кетті Шыңғысты
көргендердің.
Көпшілік көңіл бөле бастаса, сап-сары ала киінген, қылыш асынған
біреу.
Көңілдері Шыңғысқа бөлінген көптің арасынан қысыла-қымтырыла
өткен Шоқан əкесіне жетті де, қасқыр көргенде енесінің бауырына
тығылатын бұзаудай Шыңғыстың мундирінің ұзын, кең етегіне кіріп кетті.
– Мынау офицер! – деп қалды əлдекім Шыңғысты.
– Полковник! – деді біреу.
«Полковник!», «Қырғыздан?!», «Қазақтан!» «Чиновник!..», «Шишка!»
деп таңданған дауыстар сапырылысып кетті...
Біреулерінің Драгомировті де шулай қоршаған дауыстары шығып жатыр.
«Қайдан жүр?!.» «Неге жүр?!» деген дауыстар араның ұясындай
гуілдеді. Қамай қоршап, шуласқан топтан Шыңғыстың денесі тітіркеніп
кетті, бірақ, ол ересек еркектік қалпына бағып, қазақша жəне орысша қысқа
сөздермен жөнін айта бастады.
– Ə, Шыңғыс осы екен ғой? – деген дауыстары естілді, əлдене
қазақтардың.
– Бұл да қолға түседі екен ғой? – десті біреулер. Шыңғыстың зəресі ұша
түсті...
Топтың қоршауы тарыла бастады, дауыстары зілдене бастады,
айбындары қатая бастады; құты қаша түскен Шыңғыс, не істерге білмей,
тұла бойынан мұздай тер құйылып кетті. Қалың қасқырдың қамауына
түскен өгіздей, оның көздері шарасынан шығып, қазір бассалып
талауларын күтіп, дəрменсіз кескінмен маңына алақ-жұлақ қарай берді,
мундир ішінен денесіне жабысып, тұла-бойы діріл қаққан Шоқанды,
бауырына қыса түсті...
Шыңғыс пен Шоқанның осы үрейден тарсылдай соққан жүректері
жарылып кетер ме еді, қайтер еді, егер сол бір сəтте құлақтарына аюдың
ақырғанындай зор дауыс сап ете қалмаса!.. Жұрт сол «аюдан»
қорыққандай, көл жақ беттен жол аша берді. Қамалған орнында қатып
қалған Шыңғыстың ашылған жолмен келе жатқан адамға көзі түссе, биік,
толық денелі, жалпақ жауырынды біреу, үстінде етегі тізеден келетін
қарасұр көйлегі бар, жалаң аяқ, жалаң бас, бет бейнесі - батуға таянған
толған айдай, сол беттің мұрны мен көз аумағынан басқа тұсына қаптай
шыққан, ай жарығымен ақ бурыл көрінетін сақал мен мұрттың, шықшыт
тұсы, сол түсті дудар шашпен тұтасып кеткен. Екі миығынан төмен
салбыраған, қалыңдығы табан уыс мұрттың шұбатылған үш жағы кеудесіне
түседі, күзеп жүретін сақалы тікенденіп, былай да жалпақ бет-аузын
дүрдитіп жіберген, қалың қабағынан кезінің үстіне төгілген қою қастары,
анау-мынау сақалдай желпілдейді.
Шыңғысқа оның мына түр-түрпаты, қиссаларда жырланатын əзірет –
Əліге ұқсап кетті. Оны ақындар:
Бейне бір ірі қылып тастан ойған,
Ұзыны, көлденеңі бірдей бойдан;
Сапары екі мұрттың екі жақта,
Тамаша құлағынан орап қойған! –
деп қастерлейтін. Мынау да сол сияқты. Шыңғыс та «бұл араның
тұрғындарында да атаман бар» дегенді естіген. Бірақ, аты-жөнін білмейтін.
«Мынау келе жатқан сол емес пе екен?» деген ой кіріп кетті Шыңғысқа.
«Болмауы да мүмкін» деген ой қатар жарысты Шыңғыстың басында,
өйткені оның ұғымында, «атаман» дегендер əскерше киініп, қару асынып
жүретін адамдар.
– Кəне, бытыраңдар! – деді келе жатқан адам, ығысқан топқа жөн
сілтегендей, жайған құшақтарын екі жаққа сермеп.
Топ бытырай жөнелді.
– Здравие желаю, Ваше благородие! – деді жақындаған «дəу» Шыңғысқа
честь беріп. – Атаман Курагин!..
Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген кезінде, бұндай амандасуға қолданып
үйренген бір сөзі, «очень приятно» еді. Əлгінде денесін билеп алған
қорқыныш сезім əлі де арылып болмаған ол, даусы дірілдеп, кəнігі сезін
зорға айтты. Сол кезде жүгіріп келген Аба:
– Хан-ием-ай, құдай сақтады-ау! – деп жылап жіберді.
– Рас, құдай сақтады, ақ-сары бас құрмалдық! – деді Шыңғыс, демін енді
ғана еркін ап.
«Сақтағаны» да рас. Курагин келіп қалмағанда, Шыңғысты өлтіріп
жіберетін күш желке жағында даяр тұр еді. Құсмұрынға бекініс орнай, ата
мекенінен күшпенен кешірілген Тағышы руының кейбір кедейлері осы
қаңғырғаннан ғана тауып, күндерін көріп келе жатқан. Олар Шыңғыстың
осы бетке сапар шегуін естіп отырған. Естіртуші – осы маңайдағы Кешебе-
Керейден шыққан, атанның Шоңы дейтін бидің баласы Тұралы.
Шоң бізге еткен тараулардан белгілі – Естеместің Есенейімен бөле екен.
Ол осы Түбектегі Балта, Кешебені түгелімен ергізіп, жусатып тұрған адам.
Шыңғыс пен Есенейдің араздығында ол Есенейді жақтаған.
«Аға сұлтандығынан түскен Шыңғыс, баласын ертіп Омбыға жүреді
екен» деген хабар жəне қай жолмен жүру хабары алыстағы Есенейге
жеткеннен кейін, ол Шоңға арнаулы кісі жіберіп, «шамасы келсе тірі
еткізбесін» деген өтініш айтқан. Шоң Балта Кешебенің өзі сенетін
адамдарының басын қосып, не істеуді жасырын ақылдасқан. Сонда,
«Кешебенің белінің бірі» дейтін Бекентайдың Мырза боқысы.
– Естуімше, олардың Теңіздегі балықшылардан балық жеуге
тоқырайтын түрлері бар, сөйте қалса, біреу қапысын тауып өлтіреді, –
деген.
Бұл қастықты Теңіздегі Қаңғырғанда жасырын ұйымдастыруға
Мырзабоқының баласы – Нұрқанмен, Шоңның баласы Тұралы жұмсалған.
Олар құпия түрде əркімнің тамырын басып көріп, ақыры, тегі – тағышы, есі
–дүлейлеу Бұқпан есімді балуан біреуге тоқыраған. Оның əкесі –
Құтпанды, «Кенесарыға хабаршы болдың», деп, Шыңғыс ерген патша
əскері тірідей турап өлтірген екен. Сондықтан Нұрқан мен Тұралының
ішкірнелеп азғырған сөзіне ол көне кетті. Уəделері: «құдай оңдап» Шыңғыс
балықшыларға тоқырай қалса, Бұқпан Шыңғыстың қапысын тауып, оңаша
бір жерде қылжита салады.
Бұқпанға бүйтудің сəті түсе кетті. Балықшылар қамаған жат адамның
Шыңғыс екенін білген соң, Бұқпан жақын жерден, уысын толтыратын
домалақ темір тауып алды да, кісі – кісінің арасымен, қамауда тұрған
Шыңғыстың тура сыртынан жақындай берді. «Сəті түсті» деп іштей
қуанған ол, уысындағы темірмен Шыңғысты періп жіберуге ыңғайлана
берген шақта, Курагиннің «тараңдар!» деп өкірген даусы шығып қалды.
Жұрт ыдырай бастағанда соғудың реті жоқ, – көзге түсіп қалуы мүмкін,
«мылқау» дегенмен оған да жан керек.
Солайша «құдай сақтап» аман қалған Шыңғыспен тіл қатысып, аз сезбен
танысқан Курагин:
– Үйге жүріңіз, мейман болыңыз, – деді.
«Сондай бір правитель бар, қазақ, офицер, орыс тілін біледі» дегенді
Курагин бұрын естіген еді. Ал, мына жолы, көлден балық сүзіп, ауыр ауды
жиекке мықшия тартып шыға берген оған, əлдекім:
– Балықшылар бір офицерді қамап өлтіргелі жатыр, – деген хабар
жеткізді.
Романов тұқымдарына қаны қас Курагин, орыс армиясының мундирін
қатты сыйлайтын еді, сондықтан «офицерді өлтіргелі жатыр» деген хабарға
елеңдей қап, шеті қырға іліккен ауды серіктеріне тастай жүгірді, сонда
көргені – Шыңғыс. Бұған дейін құлағы естіген правительді енді көзі көр
соң жəне орыс армиясының полковниктің чинінде көрген соң, шын
ықласымен сыйлап жібермек болды.
– Біздің, үйге қарай! – деді ол, жолаушылардың алдына түсе беріп.
Маса буып өлтіріп бара жатқан Шыңғыстың Қаңғырғанда тоқтағысы
Достарыңызбен бөлісу: |