ЖƏМШІК ЖОЛЫМЕН
Өткен күнгі жаңбырлы сазда аяғына сыз. өтуден бе, сол түні кез
шырымын алмаудан ба, əлде қаңғырғандар поселкесінің өрт апатына
ұшырауына қайғырудан ба, Шоқан былай шыға қатты ауырып қалды.
Өртті сезгенде, оның ниеті қаңғырғандардан қашпай, несі болса да
кезінен өткеріп, қолдарынан келген жəрдемін беру еді.
Өйтпегенде ше?
Аз жасында талай сорлы үйлерде талай сорлы ауылдарды көре жүре, дəл
мына қаңғырғандар поселкесінің тұрғандарындай бейбақтарды Шоқан
ешқайда кездестірген емес. Көздері суға телміріп, аштан өлмеу шарасын
содан ғана іздеген бейшаралар, күймеге мініп келе жатқандардың кесірінен
өртке ұрынып, баспанасыз қалды. Бұл ауыр апаттан баспанамен ғана
құтылса жарар еді-ау!.. Жандары да өртенбеуін кім біліпті?!..
Басына «Таңатардың қосы не болды екен?!» деген ой кіргенде,
Шоқанның жүрегі өрекпіп, миы айналып кетті. Ол қысылғаннан терлеп қоя
берді...
Осы ойдан Шоқанның бұған дейін дағдылы қалыпта келе жатқан денесі
қызына жөнеліп, аздан кейін алауланып кетті. Қатты ыңқылдай бастады.
Бұл дыбысқа елеңдей қалған Шыңғыс:
– Қанашжан, немене?! – деп еді, Шоқан жауап бермеді, ыңқылын
күшейте түсті. «Бұнысы несі?!» дегендей, Шыңғыс баласынын, басын
ұстап керсе, Драгомиров те елеңдеп, Шоқанның тамырын басып көрсе
лыпылдап тұр. Мөлшерлеуінше, температурасы «39» бен «40» тан маңында
сияқты.
– Ауырған екен! – деді ол.
– Не дейді? – деп қалды Аба да елеңдеп.
«Ал, енді не істеу керек?» деген ой бəрінің де басына кірді, бірақ,
ешқайсысы да жауабын таба алмады. Шыңғыстың көрсетпек болған
жəрдемі, – алдына алып, бауырына басып отыру еді, оған Шоқан көнбеді.
Зорлап көтеріп алғысы келіп еді.
– Мазаламаңыз, – деді Драгомиров, – тыныш жатсын. Жолда су кездессе,
басына салқын компресс қоярмыз.
Компрессті жолшыбай əлденеше рет ауыстырғанмен, Шоқанның ыстығы
басылмады. Ол біраздан кейін сандырақтауға айналған сияқтанды. Сонда
айтары өрт!.. обал!..»
Жолаушылар Бағланға күн көтеріле жетті. Бұл станицаға сан рет
келгенмен Шыңғыстың етене танысы жалғыз ғана Ғилаж есімді сəудегер
татар еді. Ол жыл сайынғы көктемде «ханшаға сыйлағым» деп, Зейнепке
бір жəшік қант, шай əкеліп беретін де, сол үйдің бір қыста сойған
малдарының тері-терсегін, көктемде күзелген жылқылардың қыл-қыбырын
табан ылау ғып алып кететін. Биылғы көктемнен бастап Шыңғыс ордасына
бүлік кіруін естіген ол «пəлесіне ілігермін» деген қауіппен бармай қойған.
Сонда да «кеңілі баяғыдай болар» деген үмітпен, Бағланның көшесіне
кірген Шыңғыс, Абаға, – «Ғилажға тарт» деді.
Олар жақындағанда, қақпасынан шыға берген Ғилаж қайтадан кіріп
кетті. Аттарды тоқтатқан Аба қақпаны қақса, ешкім дыбыс бермейді!.. Бұ
несі?!. Ғилаждың бойын көріп қалған Аба, «əдейі ашпай тұр» деді де,
ерегіскендей, қақпаны екі жұдырығымен кезек -мезек соққылай бастады.
Ар жағында иттер шəуілдеді. Бір мезетте əлде не əйел:
– Ұрма!.. Кісі жоқ!.. – деп дыбыс берді де үнін өшірді.
– Қап, мына шақша бастың қылығын-ай! – деп ызаланған Абаға:
– Мында кел! – деді Шыңғыс, – ашпайын дегені ғой. Мін, арбаға!
– Жəмшік үйіне, – деді Драгомировке.
«Жəмшік үйі» дегені, осы станицаның казак-орысы – Терентий
Ямщиков дегендікі. Ол талай атасынан бері қарай жəмшік айдауды кəсіп
қылған адам еді. Салбыраған қалың көк бурыл мұртының қияқтары
кеудесіне, үстіңгі жағы иегіне түсетін, биік бойлы, сөмпек денелі ол казак -
орысты Шыңғыс та жақсы танитын. Əскерлік қызметте жүргенде, одан
бірер рет ылау мінгені де бар.
Тарихшылардың айтуынша, орыстың «ямшим», «ямщина» деген
сөздерінің арғы түбі, – монғолдың «жам», яки - «жамбы» деген сөзінен
шыққан. Монғолдар – «жамбы» деп күмістен, алтыннан құйылып,
мөлшеріне қарай «қой тұяқ», «құлын тұяқ», «тай тұяқ» аталатын нəрсені
айтқан. Той, ас сияқты жиындарда мергендіктің «жабы ату» дейтін түрлері
болғанын білеміз. Оның ар жағында жатқан тарихи шындық былай болған:
монғол Шыңғыс хан батысқа қарай жорық жасағанда, майдан шебінен күн
сайын хабар алып тұру үшін, əр шақырымға жүйрік ат мінгізген
тосқауылдар қойып, олар жаңа хабарды біріне-бірі тез жеткізіп тұрған.
Сонда қызметін ойдағыдай орындаушыға, сыйлыққа жамбы берілген, олар,
«жамбышылар» аталған.
Орыстың «ямщина» немесе «ямщик» деген сөздері де осы мағынада:
қызмет бабымен жолаушылайтын адамдар, мақсатты жерлеріне барып
қайту үшін, жол бойына үкімет тарапынан ақылы ылаулар байланған,
орыстар сол орындарды, – ямщина, ылаушыларды – ямщик деп атаған.
Жалданып «ямщина» айдаушылар, яғни ұзақ жолдың өн бойына шамалы
шақырымдарға ат байлап, қазыналық жүргіншілерді апарып тастаушылар.
Жəмшік жолы Европаның барлық мемлекетінде де болған, бірақ
олардың ешқайсысы да Россияның жəмшік жолымен өлшеуге келмейді.
Мысалы Москва мен Петербургтен басталып. Қиыр Шығыстағы –
Владивостокке немесе Хабаровскіге, немесе Орта Азияға созылатын
жəмшік жолымен салыстырғанда, бүкіл Европаның барлық жəмшік жолы,
оннан біріне жетпейді.
Қазақ елі Россияға бағынғаннан бастап, жəмшіктің бір ұзақ жолы
Каспий теңізінің теріскей шығысындағы орысша – Гурьев, қазақша –
Үйшік аталатын қаладан басталды да Жайық өзенінің жоғарғы жағындағы:
Теке (Уральск), Орынбор, Op, Талқала (Белорецк) шаһарларын басып
отырып Троицкіге, одан казак-орыстың қазақ даласын қырқалайтын:
Бағлан (Звериноголовск), Ыстап (Пресногорьковка), Кіпитан (Пресновка)
станицалары арқылы Қызылжар мен Омбыға барады, одан Ертісті жағалап:
Кереку (Павлодар), Семей, Өскемен, Зайсан арқылы Қытай шегіне тірелді.
Советтік дəуірге дейін екі жүз жылдай тарихы болған бұл жəмшік
жолында, Бағландағы біз атап отырған Терентий Ямщиков сияқты ата-
бабасынан жəмшік айдап келе жатқан семьялар жиі ұшырасады.
Терентий сондайлардың біреуі еді. Біз сипаттап отырған жылы оның
жасы жетпістен асқан. Өмір бойы жəмшіктік қызмет атқарған əкесі оны да
аяғын апыл-тапыл басқан күннен қасына ерткен. Əкесі өлгенде орнын
басқан. Содан бері – жəмшік.
– Осы жасымда, – дейді Терентий мақтанған шақтарында, – бергі
чиновниктерді былай қойғанда, Романовтардан үш патша арбама мінді:
Павел, бірінші Александр, бірінші Николай!..
Қазақ даласын билейтін Орынбор мен Омбы əкімдері өзара тығыз
байланысты болып, бергісі – урядник, арғысы – генерал-губернаторлар
қарым-қатынасын үзбеген, сондағы жəмшік жолында, Бағланнан қашса
құтыла алмайды.
Табиғатында
пысық
Терентий,
үйіне
осынша
көп
түсетін
чиновниктердің бəрімен де танысып, біразымен, əсіресе ірілерімен дос
болып алатын, сондықтан бертінірек келе, жоғарғы чиндер болмаса,
ұсақтарын елемеуге, менсінбеуге айналған. Оның ұғымында «қырғыз»
аталатын қазақтар - табиғатында нашар жаралған адамдар, жетпістен асқан
жасында, маңайдағы ауылдарда ешбір қазақпен жақын болып жанасқан
емес, маңына жолаған емес. Егер əлдене қазақ жұғысайын десе, ытырынып
бойын аулаққа салады, маңайласа боқтап, сабап... дегендей, қорлайды.
Қарапайым қазақ былай тұрсын, ол қазақтан шыққан əкімдерді де
менсінбейді. Сондықтан да, бұрын бірер рет ылау мінген Шыңғысқа да
шікірейе қарап, жөнді тіл қатыспаған.
Терентий заңшыл адам еді. Ол қандай ірі чиновник келіп түссе де, əуелі
мандаттарын көріп, тіркеу кінежкесіне жазып алмай, ылау бермейтін.
Шаруашылық жағынан Терентий станицадағы орта дəулеттілердің бірі.
Жəмшікке жегетін төрт жақсы аттары мен екі əдемі фургонінен басқа, оның
қарағайдан қиған төрт бөлмелі үйі, кең сарайлары саны қырық -елуден
кемімейтін сарықтары, он шақты сауын сиыры, жұмысқа жегілетін алты-
жеті өгізі, жүз елуге тарта қаздары, тауықтары, үйректері болатын. Азық-
түлігі мол Терентий, көңілі ұнатқан жолаушыларға ғана керегін сатып
беріп, былайғыларына «өліп бара жатырмын» десе нəр татырмайтын.
Біздің жолаушыларға ол жүз көріскеннен-ақ қырсыға қалды.
Сəлемдескеннен кейін, əдетінше жолаушылардан мандат сұраса, ылау
мінетін хат Драгомировте бар да, Шыңғыста жоқ. Оның бар мандаты,
Құсмұрын дуанының аға сұлтаны екендігін ғана куəландыратын диплом.
Терентий онысына қарамас па еді, қайтер еді егер сөйлескен шақтарында
Шыңғыс «подполковникпін» деп кеуде көтермесе. Терентий сол сөзіне
ерегісе қалды да:
– Фургон алатын хаты жоқ кісіге ылау бере алмаймын, – деп, қиқайып
отырып алды. Драгомировке беретін ылауына да мінгізбеймін деп,
сілелерін біраз қатырды да, əрең дегенде кенді. Енді ылауға, кісі басы
шақырымына бес тиыннан ақша төлеу керек. Жететін жерлері – Ыстап. Ол
Бағланнан қырық шақырым. Сонда, Шоқан мен Шыңғысқа төрт сом төлеу
керек. Ондай ақша Шыңғыста болмай шықты. Ал Терентий тиісті ақшасын
алақанына салмай, Шыңғысты арба маңына жолатар емес. Драгомировтің
қалтасында езіне ғана жететін ұсақ бар екен. Одан басқа ақшасы тұтас он
сом. Оны айыра алатын адам, бүкіл Бағланнан табылмады. Енді не істеу
керек?
Жығылған жағынан тұрмайтын Терентий тағы бір қаталдық көрсетті,
денесінің өртенуі əлі бəсеңдемеген, жалынды қызудан кезерген еріндерінің
терісі жарылып кеткен Шоқан қаталап сусын сұраса, үйінде сүт, айран,
куəш сияқты сусындары бола тұра, кəдушкедегі жылымшы судан басқа нəр
татырмады. Бала жалындап барады. Бұл қалпында жазым боларлық қаупі
бар. Ілкі уақытта станицадағы əскерлік бөлімде емші болушы еді, ол өткен
жылы Бағланнан кешкен əскермен бірге кетіп қалған. Ендігі дəрігер –
Ыстапта ғана. Ауру баламен кейін қайту қиын, қысқа жол, – үйлері
өртенген балықшылар арқылы ғана, онымен жүруге болмайды, ұзын жол –
Обаған өзенін жағалап кетеді, ол – тым жырақ, – ауру баламен қалай
жүреді!..
Осы ақырудың бəрін күйме ішінде естіп жатқан Шоқан, əкесін Аба
арқылы қасына шақырды да, əуелі:
– Қалтаңда қу тиының болмаған соң, баяғыдан бері несіне «аға
сұлтанмын» деп жүргенсің?! – деп кейіп ап, – өлсем шорт-төбей жолда
өлейін, кеттік, келген аттарымызбен! – деді.
Басқаша амал жоқ.
Терентий əлдеқайда кетті де оралмай қойды. Оның əйелі бір күрішке
куəшті Шоқанға əрең берді. Жолаушылар Ыстапқа жең тартты.
Аурудан қалжырады ма, əлде ұйқы жеңді ме, Шоқан Бағланнан былай
шыға қалғып кетті. Шыңғыс оны алдына өңгере құшақтап алды. Баланың
сұлқ түсуіне ол мазасызданайын деп еді, Драгомиров тамырын ұстады да:
Қызуы бəсеңдеген, сырқатының беті қайтуы болар, тиышталсын,
ұйқысын бұзбайық, – деді. Өз ішінде, – «тек, жақсылықтың нышанасы
болғай да, əлсіреуі болмаған да» деген қауіп те бар.
Жолаушылар бір-біріне ұзақ уақыт үн қатысқан жоқ. Шыңғыстың
басында «Шоқанның сырқаты не болар екен?!» деген қауіп қана. Аба
Бағланға келген ізімен кейін қайтпай, ЬІстапқа қарай беттеуіне қуанышты.
Балықшылар селосының өртенуіне себепкер болған ол, «содан да тоса ма,
қайтеді?!» деген қауіппен, жырақтан орайтын Обаған өзенінің жолымен
жүруге де жүрексінеді. Ыстаптан Құсмұрынға тік тартатын жол бар.
Өзін ойшылдардың біріне санайтын Драгомировтің бұл жолы басын
билеп келе жатқан нəрсе, отырықшы елдермен, көшпелі елдердің қонақ
жайлылық салттары. «Көшпелі» дейтіндерден оның аралағаны, – Сібірдегі
буряттар, монғолдар, қалмақтар, қазақтар. Бұл елдерде тамағын қонағына
сатып беру əдеті атымен жоқ. Сан тапсырмамен бұл елдерді талай
аралағанда, хал-қадары беретін асына еш жерде көк тиын күреш алған, не
жамбас ақы сұраған жанды жолықтырған емес. Қайда барса да тегін тағам,
тегін орын...
Оның осы жолғы бір айға шыққан сапарына, бас-аяғы алпыс бес сом
берілген еді. Сондағы есебі: мың шақырымға шамалаған жол тұрқы,
шақырымына бес тиыннан елу сом, күніне жиырма тиыннан, отыз күннің
тамағы алты сом, елу алты сомдық шығынның ар жағында қала қалғаны
болжалсыз бірдемелерге арналған аванс. Омбыдан шыққаннан бері айдан
артық жол шеккен Драгомировтің барлық шығыны - Омбы мен Құсмұрын
арасында ылауға төлеген он бес сом мен тамағына кеткен бес сом ғана.
Орыс селоларында тамақ арзан, жұмыртқаның оны бір тиын, сүттің
күрішкесі – ширек тиын, айрандікі – жарты тиын, кішірек қалаш – бір
жарым тиын. Қанағатшыл Драгомировтің тоюына күрішке сүт, немесе -
айран, екі жұмыртқа, бір сындырым қалаш жетіп жатады. Осылар болса,
оған өзге тамақтың керегі жоқ.
Қазақ аулына қолы іліге, Бағланға қайтіп оралғанша, ол тамақ пен
ылауға көк тиын ұстаған жоқ. Қалтасында қалыңдамай да жұқармай да
жүре берген қырық бес сомның үш сомына, Торғай облысындағы аталықты
бір қазақтың əкесінен қалған алтынмен əшекейлеген кісесін сатып алды,
тағы бір он сомға жүзік, сырға, шолпы, білезік, алқа сияқты қазақы
бұйымдарды алды өзге отыз сомы мен тиын-тебен ұсақтары қалтасында.
Тиындарын Терентийдің ылауына төледі.
Драгомиров жүрген жерінің шежіресін де, əдет-ғұрпын да, салт-санасын
да байқастыратын еді. Қазақ елі туралы да жинаған материалдары кеп,
солардан кітап жазарлық та ойы бар.
Оның шұқшия зерттеген бір мəселесі, – қазақ елінің меймандостығы,
қолындағы тəтті-дəмдісін қонағына тосып, ешбір ақы-пұл алмауы. Бұл əдет
ешбір қазақтың дəулеті қандайлығында емес, байларды, ауқаттыларды
былай қойғанда, «сіңірі шығып отыр» дейтін кедейлердің де салты солай
«жақынсын», «жатсын» демейді, «қай елсің», «қай ұлтсың» демейді,
«əйелсің», «еркексің» демейді, «жассың», «кəрісің» демейді, - барын
аузыңа тосады.
Адам қоғамының өркендеу тарихынан хабары бар Драгомиров, алдына
«бұл неліктен?» деген сұрау қояды. «Қоғамның алғашқы коммунасынан
келе жатқан салт» дейін десе, ол дəуірді бұл ел басынан кешіп кеткен
сияқты. Бұлар – меншік иелері.
Отырықшы елдерде бұндай салт жоқ. Олар сындырым нанын да, ұрттам
айраны мен сүтін де, басқа тағамын да сатып береді. Драгомиров онан,
себебін - «отырықшы елдердің тұрмысы базарға байланысты болуынан»
деп жорамалдайды. Базаршылау қазақта да бар сияқты. Əсіресе, Россияға
бағынғаннан бері «ақша» дегеннің не екенін ауыл да білетін. Ендеше, неге
қонақтарынан ақы-пұл алмайды?!..
Осы сұрауға жауап іздеу, Драгомировтің ойын Ыстапқа жеткенге дейін
шырмады.
«Ыстап» дегеніміз, орыстың «штаб» деген сөзі. Станицаның орысша аты
– Пресногорьковка.
Ол қазақшылағанда – «Тұщылы - ащылы» деген сөз. Олай дейтіні –
станица орнаған дөңнің оң жақ етегінде суы тұщы, сол жақ етегінде –
сортаң көлдер бар. Осындай «Қос» я «Қоржын» аталатын тұщылы, ащылы
көлдер – Пресногорьковкадан Қызылжарға созылатын казак-орыс
линияларының бəрінен де ұшырасады. Сондықтан да, сол маңайдағы казак-
орыстардың əрі бай, əрі серісі болған, қазақтар «Салқара» деп атаған Қарас
Казинды, Арғыннан шыққан Көтеш ақын мақтағанда:
Ыстап пен Қызылжардың арасында, Ащылы-тұщылының жағасында,
Қазақпен дос болмаған біреуі жоқ, Салқара түгіл, ата-бабасында, – деген
екен дейді.
Пресногорькованы қазақтар «Ыстап» дейді, Орынбор мен Омбының
арасындағы казак-орыс линиясында, казак-орыстың «Екінші бөлім»
аталатын
атты
əскерінің
штабы,
көгі
жылдар
бойына,
осы
Пресногорьковкада тұрған. Көкшетау, Атбасар, Ақмола жағын отарлануға
шеру тартқан патша үкіметінің əскері, Пресногорьковкадан аттанған.
Көшпелілердің шабуылынан қорыққан штаб, линиядағы станицалардың,
əсіресе штаб тұратын Пресногорьковканың төңірегін бытықы-шытықы
терең, көк орлармен қоршатып, бекініс жасаған. Олардың ішіне үнемі
қарулы күзет қойылған.
Осы күзет кезінде, кейбір қызық оқиғалар да болып жүрген. Ыстап пен
Қорған қаласының орталық тұсында орысша – Половинка, қазақша – Ақ
сиыр аталатын деревня бар, оның да төңірегі ормен қоршалған. Сонда
қойылған күзет бір күні ұйықтап қалады да, əлдене дүрсілден оянып кетеді.
«Бұл не?!» деп қараса, аппақ бірдемелер келе жатыр!.. Күзетшінің
естуінше, көшпелілер түнде үстіне ақ жамылып келеді екен. Мына
ағараңдағандарды «келіп қалған жау екен» деп ұққан күзетші тұра қашады,
«жау келді, жау!» деп шырт ұйқыда жатқан деревня адамдарын
бөрліктіреді. Шошыған жұрт опыр - топыр болады. Бірақ жау жоқ!.. Естері
кіргеннен, тиышталғаннан кейін бақса, ағараңдаған - өзіне тартқан тайша,
торпақтарымен өрісте қалған, түнде мекеніне қайтып келе жатқан, меңсіз
ақ сиыр екен. Содан деревняны қазақтар күлкі ғып, күні бүгінге дейін «Ақ
сиыр» деп атайды...
Батыс жағы ойпатты жазық дала болып кететін Ыстап, əсіресе оның
сыртқы ақпен боялған шіркеуі жырақ жерден көрінеді. Сол шіркеу
ағараңдай бастағанда, тамырың ғана ұстап, денесінің ыстығын өлшеуден
басқа қимыл көрсетпеген Бағланнан шыққалы құшағында үн-түнсіз
қозғалмай келе жатқан Шоқанды Шыңғыс:
– Оян, Қанашжан! – деп қозғады. Денесінің қызуы басылған Шоқан бұл
кезде шырт ұйқыда еді. Ол ояна қоймаған соң Шыңғыс қаттырақ сілкіледі.
Еріксіз оянған Шоқан, есеңгіреген кескінмен, былшықтанған көзін кең
ашып əкесіне қарап еді:
– Келіп қалдық! – деді ол.
– Қайда?
– Ыстапқа.
Бұл атты Шоқанның естігені болмаса, станицаны көргені жоқ еді.
Естуінше, «бұл маңайдағы станицалардың ең əдемісі». Қалғығанына біраз
уақыт болған Шоқанның ұйқысы қанып қалған болу керек, əкесі «оян» деп
жұлқылағанда, көздерін уқалап жіберді де, Абаның қасына мініп алды.
Ыстаптың дөңіне көтерілгенше, жолаушылар бір-біріне жауап қатысқан
жоқ.
Ернеулеріне үйілген балшықтары биік, шұқырлары терең орлардың
арасынан аттар үрке жортақтап, кей жерде күймені аударып та тастай
жаздады. Сол бұлталақпен, ол кезде ұзынша жалғыз-ақ көшесі бар Ыстапқа
кіре бергенде:
– Аба! – деді Шыңғыс.
– Əу, хан-ием! – деді ол.
– Осы қалада «Сапақтың Тілемісі» деген жатақ жігіт болуға тиісті еді
ғой?
Аба кешеден бері жөндеп тамақ жемей қарны ашып келе жатқан
Шыңғыстың, сол жігіттің үйіне түсіп, тойынғысы келгенін жорамалдады.
Қазақтың ең «сіңірі шыққан» дейтін күнін зорға көріп отырған кедейінің де
бар дəмін қонақтың аузына тосатын салты. Орыс селоларында мал бағып
күнелтетін жатақ қазақтар да барын Шыңғыс талай рет көрген. Оның
үстіне, ана жылы ордаға келген Тілемістің еті тірі жігіт екенін байқаған.
Қонағасы тауып бермеуі мүмкін емес. Аба да сондай ұғымда еді, сондықтан
«Хан-иесінің» ыңғайына көшіп.
– Кейінгі жылдары кетіп қалмаса, бұрын бар болатын, – деді.
– Үйін таба аласың ба, оның?
– Қайдам. Орыс қаласында мал бағатын, жатақтардың жаздыгүні
тұрақты мекені, қала шетіндегі диірмендердің төңірегі болушы еді. Бұл да
сондай жерде шығар.
– Бұл қаланың диірмендері қайда екенін білуші ме ең?
– Білем.
– Ендеше, тарт, соған қарай!
Бұл кеңестің жобасына түсіне тұра, Драгомиров сөз қосқан жоқ.
Шыңғыс Тілемістің үйіне жеткенше, біз оқырман көпшілікті оның кім
екендігімен таныстыра тұрайық. Ол қазақтың «Уақ» аталатын руының
«Шəйгөз» дейтін бұтағынан. Əкесінің аты – Сапақ. Ыстаптың орнаған жері
Сапақтың ата мекені екен. Станица ірге тепкен кезде, ауыл ол арадан
қуылады да, кедей Сапақ бақташы болып қалып қояды.
Ондай бақташылардың революцияға дейінгі аты – жатақ. Орыстың
атақты ғалымы, демократы, шығысты, əсіресе қазақ өмірін зерттеушісі – Г.
Н. Потанин, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында, патша үкіметіне
берген хатында, «қазір Сібірдегі тұрғындардың ішінде тұрмысы, халы
жатақтардан ауыр адам жоқ, олар станица кулактарының шын
мағынасындағы
құлы»
деген.
Сондай
халын
жеңілдету
туралы
ұсыныстырын айтқан, олары əрине, – «утопия. Көп жерде жатақшылық
тұқым қуалап, əкеден балаға «мирас» болған. Сапақ та, балалары да
сондайлардың біреуі еді.
Ауыр тұрмыстағы жатақтардың бір жүйесі, «христиан дініне көшсем
жеңілденем бе» деген үмітпен шоқынған да. Ондайлар Сібірдегі казак-орыс
линиясын мекендеген станицалардың көбінен табылған. Шоқындылардан
байып кеткендері де болғанмен, көпшілігі кедей. Кей жатақ нашар тұрса да
шоқынбаған. Солардың бірі – Сапақ. Бірақ, Сапақ, мұсылмандардың
шошқа хайуанатын жек көретін, жоламайтын салтына қарамай, ақыны өзге
түліктен көбірек төлеуіне қызығып, Ыстаптың шошқа табынын ұстайды
екен дейді. Ыстаптың күнгей жағында, отыз-қырық километрдей жерде
«Сарыоба» аталатын биік төбе бар. Сапақ шошқа табынын сол «Сарыоба»
төңірегіне бағатын болған.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында, «Россияға» деп, Кенесары
Ыстап маңындағы Керей мен Уақ руын көп малын, көп жанын жаулап
əкетеді. Содан кейін Керей мен Уақтың сол кездегі байы да, батыры да
атанған Есеней, қалың қолмен Кенесарыны қуып, жаулаған мал-жанды
құтқарады да, қолға түскен жауды байлап-матап, Ыстаптағы орыс əскерінің
штабына тапсырмақ болады. Жолда олар «Сарыобаға» кездесіп, жайылып
жүрген шошқаларды көреді, бірақ əлгінде оба үстінде қараңдаған
бақташысы жоқ!.. Обаның айналасы қасқырлардың апаны екен.
Бақташыны соларға жасырынған болар деген оймен Есеней іздетеді, бір
апаннан Сапақты суыртып алады. Жөн сұрасқаннан кейін Есеней Сапаққа: Достарыңызбен бөлісу: |