аталатын заимкасы болған. Білемін дейтіндер сол есімді Мақыбайдың
атына байланыстырады. Мақыбайды орыстар «Моховой» деп атайды екен.
Сол жердің осы есімі əлі күнге дейін сақталған.
Мақыбайдың қолына келген Сатыбалдыны Қарас үйіне қол бала ғып
алады. Ол жігіт бола бастаған кезде Қарас өледі. Қараста бала болмайды.
Өсекші ауыздар, - «жастарының алшақтығы екі мүшелдей болғанмен,
Глафира Сатыбалдыны əрі баласы, əрі байы ғып ұстады» дейді. Глафираға
қазақтардың қойған аты - Күлпара. Ол да ері сияқты мейлінше қазақуар
адам болған, сондықтан жасы үлкендер оны - «Күлпара келін» деп, кішілері
«Күлпара жеңгей» деп, біреулері «Күлпара бəйбіше» деп атанды екен.
Жасында биік сидам денелі Глафира, егделене шарланып, кейін есікке əрең
сыйып кіретіндей халға жеткен. Сарғылт шырайлы ол жасында мейлінше
сұлу кескінді əйел екен, «Сол сипатын семіргенде де сақтап, денесі
жалпайғанмен, бет бейнесі бүлінген жоқ еді, толған айдай дөңгеленген
бетімен, салбырап кеудесіне түскен бұғағы көзді еріксіз тартушы еді» дейді
көргендер.
Сатыбалды да Глафираны өле-өлгенше «Күлпара жеңгей» деп атаған. Ол
жеңгейінің айтқанын екі етпей, еш уақыт қарсы шықпай, үнемі айдаған
жағына жортқан да отырған. Сондықтан Глафира оны өте жақсы көріп атын
Садько қояды да (орыстың ертегісінде Садько есімді аса бай, аса мырза, аса
сауықшыл сəудегер барын білеміз). Мал-мүлкінің билігін түгелімен қолына
беріпті. Күлпараға еліктеп қазақтар да Сатыбалдының атын – Сəтке қойып
алады. Күлпара жеңгейі, өлерінен бұрын, жақсы көретін Садькосын мал-
мүліктерін заң алдында ие ғып, ақтасын қолына ұстатты. Мақыбай сол
кезде өліп, шаруаның бəрін Сатыбалды жалғыз басқарады.
Глафирадан қалған ауыр дəулетті Сатыбалды əрі қарай өсіріп əкетеді. Ол
салтанатын да түзеп, бұрын орамның бұрышында ғана тұратын Қарастың
алты бөлмелі қарағай үйін жалшыларына жатақхана жасайды да, өзі сол
орамды айналдыра, бір бетіне сауда дүкенін, жəне бір бетіне асты кірпіш,
үсті қарағай екі этажды үй салдырып, төңірегін тақтай шарбақпен
қоршатып тастайды. Малды да асылдандырып, жылқыдан - арғымақтарды,
сиырдан - салмағы да ауыр, сүті де көп швицтерді, қойдан - биязы
жүнділерді, шошқадан -«миргородтың қара аласы» аталатын, Россия
шошқаларының ең ауырын, ең семіргішін асырайды, тауықтардың да,
қаздардың да, үйректердің де ірілерін өсірді... «Пайдасы бар-ау» деген
нəрсені кесе-көлденең өткізбейтін Сатыбалды, біраз жылдан бері,
Қабанның жəмшігін де қолына ұстады...
Оның əкесі Мақыбай шошқа етін татпаған адам еді. Ал, Сатыбалды
шошқаның кірпіштенген қыртыс майларын кесек-кесегімен асайды. Өзге
тамаққа да өлердей мешкей ту қойдың етін еңсеріп тастайды, сорпаны
керсеңдеп ішеді, жуан бөлке нандар жұмырына жүк болмайды, арақты да
судай сіміреді. Сондықтан да жасына жетпей семіріп, қырықтарды
алқымдай есікке əрең сиятын, салт міне алмайтын, тарантасқа мінсе арысы
солқылдайтын, өз бетімен шомыла алмайтын, мейлінше жуан адам болды.
Глафира сол үйде аспаздық қызмет істейтін өзі «Маржа» дейтін, Мария
есімді жесір жас əйелге үйленді де, одан туған тұңғыш ұлының атын поп
«Ефим» қойды. орыстың көп сезіне тілі келмейтін Сатыбалды «Екім» деп
атады. Екімнен кейін, екі жылда үш бала тауып, кейде екеуден тауып, он
шақты жылда Маржадан туған баланың саны он бестен асты. Олардан
ешқайсысы шетінемей, үйелмелі-сүйелмелі боп қаз-қатар өсті. Маржа
жирен - шұбар кісі еді. Ал, ұлдарының да, қыздарының да бəрі түгелімен
əкесіне тартып, кейкі мұрын қаралар болды. Сықақ қылатындар оларды
«қара қарғаның тобыры» деп атады. Бай шаруалы адам бола тұра
Сатыбалды сəнденіп киінбей, денесіне сұғуға жарағанды іліп жүре беретін
еді. Балаларын да ол өз əдетіне бағындырып, жылдың жылы айларында
қыздарына тізесінен төмен түсетін сиса көйлек қана кигізіп, ұлдарына оны
да бұйыртпай, кішірек жақтары қарындары қампиып жалаңаш жүреді де,
үлкендері балағы шолақ кенеп дамбалдан басқаны кимеді.
Шыңғыс оның үйіне, жəй-күйінің осындай шағында келді. Қабанның
жəмшігін Сатыбалды айдайтынын, оның қандай адам екенін ылаушы шал
Шыңғысқа жолшыбай дəттетіп келген, Шыңғыс оны көруге асыққан.
Қабанның көшесіне жақындай бере:
– Мана айтып ем ғой, туысы асылым, – деді ылаушы шал Шыңғысқа, –
«Садко орамының төрт тағында төрт қақпа бар» деп, ат басын солардың
қайсысына тірейміз?
– Өзі тұратын жақ қақпадан, – деді Шыңғыс.
Қазақ-орыстардың бұл линиядағы өзге станицалары сияқты, Қабанның
орталық үлкен көшесіндегі үйлердің көпшілігі бөренеден қиылғандар екен,
олардың басым көпшілігінің шатыры тақтаймен жабылған. Қаңылтырмен
жабылғандары некен-саяқ. Солардың үлкенді-кішілі болып жасалған бəрін
тұтас алғанда, бұл станицада екі этажды үй жалғыз Сатыбалдінікі ғана еді.
Сондықтан ол үй, жолаушылар Қабанға жақындағанда, көп жылқының
ішіндегі жалғыз түйеге ұқсап, сонадайдан одырайып көрінді. Жеткенше
көздерін сол биік үйден айырмаған жолаушылар, жақындап келіп қараса,
шатыры жасыл сырмен, үстіңгі этажының сырты көк сырмен боялған, əр
этаждың көшеге қараған қабырғасында оннан астам терезелері бар,
олардың қайырып тастаған қақпалары əр түсте боялған оюлармен
əшекейленген, жабық тұрған биік, кең қақпаның оюлы беті, терезе
қақпаларына ұқсас сырланған ылау көшенің ортасымен тартып отырып,
Сатыбалды үйінін, қақпасына деңгейлес келе, ойқастап бұрылды. Доғасына
қоңырау байлау, жəмшік атаулының дағдысы. Сол қоңырау екі түрлі
болады: əдепкі жолаушыларға даусы шіңгірлеген кішкене қоңыраулы доға
жегіледі, «маңызды» дейтіндерге, даусы күмбірлеген үлкен қоңыраулы доға
жегіледі. Қандай дəрежелі жолаушы келе жатқанын жəмшіктер содан
айырады. Ірі чиндермен əкей-үкей болуды жақсы көретін Сатыбалды,
батыста – Ыстапта тұратын, шығыста Капитанда тұратын əріптестерін, –
«маңызды чинь болса тура тұрақ үйіме əкеп түсір, басқаларын қонақ үйге
апар» деп тапсыратын. Маңыздылары келе қалғанда, ерекше ықлас
көрсетіп, құрақ ұшып күтетін, əдепкілерінің көбіне дəм де татырмайтын.
Сонысын білетін ылаушы шал, – «хан тұқымы» деп те, «орыс офицері» деп
те жақсы көрген Шыңғысқа үлкен қоңыраулы доғасын жегіп, неге өйтуін
айта кеп:
– Үйіне сұспен барып түсейік, – деген.
Ылаушы аттарын қатты айдамайтын кісі. Ыстаптан бері шыға, белгілі
бұлаң-құйрықпен жортып келе жатқан аттарын, Қабанның көшесіне кіре,
екпіндете жүргізу мақсатымен, кендір бишікті жондарына көніңкіреп
жіберді. Ол – қолы қатты шал да. Құлашын қатты сілтей шықпыртып
жіберсе, қандай жалқау дейтін жылқылар дедектеп кететін. Мына жегіліп
келе жатқан сыр мінез екі ат, құлаштай көтеріп алған бишіктің ысқырығы
естілгенде-ақ сабатпастан жұлқына жөнелетін.
Бұл жолы да сөйтті. Шал «аля-һоп!» деген дауыспен бишігін көтеріп
алғанда, екпіндей желіп жөнелді. Ондайда ұрмайды шал. Тек, құлаш
екпінімен үші аспанға көтеріліп ысылдаған бишікті ауаға сілтеп,
сартылдаған дыбысын шығарады да қояды. Оның аттарды жүргізетін жəне
бір əдісі – делбені тартыңқырап ұстау. Онысы аттарға, – «қатты желмесең
сабаймын» дегені. Таяқтан «оқымысты» болған аттар, айдаушының бұл
ойын айтпай ұғады, делбе босағанша дедектей береді. Шал көрші
ылаушыларға үнемі бұндай екпінмен келе бермейді. Ал қатты жүрсе,
қоңырау да қатты қаңғырлайды. Бұл жолы екпіндетуі, – қатты қаңғырлаған
қоңырау даусымен Сатыбалдыға. – «ерекше адам келе жатыр» дегенді
сездіру.
Сатыбалды бұл кезде үйінің қора ішіне қарайтын есігінің алдындағы
төбесі жабық, қабырғасы ашық зəуезңесіңде əлденені ермек қып отыр еді.
Даусы мəлім доға қоңырауының күмбірлеген үні құлағына шалынғанда,
«кім болды екен бұл? Қайда тоқырар екен?» деген оймен, орнынан тұрып,
қақпаға барып, оның қақ-жарлы жігінен сығалады. Екпіндей жортқан аттар
қақпасына қарай ойысқанда, – «ірі біреу болды ғой бұл!.. Үйіме түсуге
бұрылды ғой» деп, өз бетімен шалқасынан ашылып кететін қақпаның
салтқысын суыра қойды.
Бұл қақпаның үнемі жабық тұратын себебі, - қорада жемделетін бір топ
шошқа, əсіресе сирақтарының қысқалығы болмаса, өзге денесінің үлкендігі
атан өгіздей теңбіл қара түсті қабан сыртқа ұмтылып, ретін тапса шыға
қашатын еді, егер өйте қалса, маңайдағы огородтардың кез келгенін
тұмсығымен қопарып бүлдіретін еді. Кішкене күніңнен күтіп, ығыстырып
өсірген адамы Бошыбай ғана болмаса, қара қабан былайғы жұрттан қорқу
түгіл, айдайын десе тұра ұмтылып, қуып жеткенін сүзіп жығатын еді,
олардың кейбіреулерін мертіктіріп те тастайтын еді. Жұрт қару жұмсауға
Сатыбалдыдан бата алмайтын еді. Қабанның сондай мінезін білетін үй
адамдары, оны үнемі қамауда ұстайтын.
Қайдан кеп қалғанын кім білсін, Сатыбалды қақпаны ашқан кезде, қара
қабан, қасынан сып беріп көшеге шыға жөнелді. Оны қайырмақ болғанша,
жəмшік аттары қақпаға таялып қалды. Сатыбалды қайыру бермеген қара
қабанмен əуре боп жүргенде, торайларын ерткен үйірі де көшеге жапырлап
шыға келді.
– Бошыбай! – деп айғай салды, шошқаларына ие бола алмауына көзі
жеткен Сатыбалды.
Онда «айғай» дейтін айғай да жоқ еді тамағында арылмайтын лепсісі
барлықтан жəне өңешін май басқандықтан, даусы жіңішкере, булыға
шығатын, оның үстіне, осы бір тұста лепсісі үдеңкіреп, даусы қырылдап
қалған Бошыбай осы үйдің бадырағы. Жасы Сатыбалдымен тетелес, бала
күнінен бейнетте өскен оның түр-тұрпаты, тастардың жігіне шыққан
тырбық тораңғыдай қиқы-шойқы боп тарбиып қалған. Жасы егде
тартқанмен үйленбеген адам. Денесінің аттығынан жоғарғы жағы əдепкі
еркек сияқтанғанмен, тізелерінің арасы табан кездей алшақтанып тұратын
қотан - аяқта, сондықтан сыртқы ұсқыны тапырайған тап-тапал көрінетін.
Пышақ тигізбейтін, таралмайтын, бурылданған сақал-мұрты өртке
ұшыраған ұйпа-тұйпа көде сияқты да. Жал айларында жамаулы көйлек-
дамбалдан басқа киімді үстіне ілмейтін, жіңішке білектері мен
жіліншіктерін сидитып, дамбалының балағы мен көйлегінің жеңдерін түріп
алатын. Сақал-мұрт ерте шығып, ерте бурылдана бастаған ол, бала
шағынан үнемі шошқа күту қызметінде жүретін. Өзін «мұсылманмын» деп
ойлайтын оның шошқадан жиренуінде қисап жоқ. Ол шошқалардың өзі
түгел иісінен де жиіркеніп, жайлаған шақтарында, мұрнын шүберекпен
байлап алады. Сонда да күтеді жəне жақсы күтеді. Күткендері мейлінше
семіз болады. Торайларды да қолынан сол туғызып, сол өсіреді. Ол
боқтампаз кісі. «Танауыңды...» деген боқтық, оның аузынан еш уақытта
түспейді. Түсінде сандырақтаса да айтары сол. Кейде ол Сатыбалдының,
өзін де, балаларын да «танауыңды...» деп сыбап алады. Ырысы көретін
Бошыбайдың ол боқтауын Сатыбалды еш уақытта кек кермей, «болды,
шошқа, болды!» деп күледі де қояды.
Кейде, ашуы қатты келгенде, Сатыбалдының Бошыбайды сабап алатыны
да болушы еді. «Ит ашуын тырнадан алады» дегендей, қайыру бермеген
шошқалардың ашуын, талтаңдай жүгіріп келе жатқан Бошыбайдан алып,
жақындай берген оған Сатыбалды майлы жұдырығын көміп-көміп жіберді.
Бұндай сабауға үйренгендіктен бе, əлде, тегеуіріні əлсіз майлы жұдырық
батпай ма, – Бошыбай елең-алаң қыла қоймады. Сатыбалдының одан əрі
төмшетеуіне, екпіндеп келген аттар, қақпадан өре шыққан шошқаларға
жəне Бошыбайды сабаған Сатыбалдыға соқтығып қала жаздап қақпаның
жақтауына тіреле əрең тоқтады.
Бұл көрініс өзгелерден гөрі Шоқанға қызық көрінді. Кеше Ташатпен
жанжалдасқаннан кейін, оның туыстарына көз ғып, «сенен-ақ өлетін
болдым-ау!» деп, жұмсақтау болса да Шыңғыс Шоқанды шапалақпен бірер
рет тартып қалған. Қылмысын мойындаған Шоқан, батпаса да батқандай
əсер қалдырмақ боп, шапалақ тиген жағын алақанымен баса қойған. Тағы
да ұрмақ болғандай, Шыңғыс Шоқанға ұмтыла бергенде, біреулер араша
түсіп тигізбеген. Шоқан содан кейін, мініп келген күйме ішіне кірген еді де,
шақырған ас-суға да бармай, таң атқанша тым-тырыс жатып алған еді. Ол
оқуға бармай кері қайтуға зауқы соққанын айтқанда, түні бойы қасында
болған Аба:
– Өзің білесің, Қанашжан менің өзімнен артылар ақылым жоқ.
Дегенмен, əкеңнің еркіне де көнгенің жөн.
– «Мекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қайтпайды» дегендей, хан-
иемнің сені Омбыға апармай көңілі көншімейтінін көріп келеміз. Əке ғой
ол. Күші де келеді саған. «Өшпейтін дауды өспейтін ұл қуады» дегендей,
болмайтын іске несіне тырмысасың. Əкеңнің маңдайына тиіп жүрген соққы
аз емес. Соның үстіне «тілін өзге түгіл туған баласы да алмайды екен»
деген атақ жақсы ма. Бар, апара жатқан Омбысына. Ар жағын көрерсің, –
деген. Бұл ақылды іштей мақұл көрген Шоқан, əкесі Ыстаптан ылау алып
ілгері жөнелмек болғанда, ешбір сыр білдірмеген. Ылауға ризашылығымен
отырған ол, шалдың қасына қатар мінген де, есіріктерінің ешқайсысына
жолшыбай тіл қатпаған.
Енді міне, Сатыбалдының өзін жəне шошқаларын көргенде, Шоқан
алақандарын шапалақтап, қарқылдай күліп жіберді.
– Саған не болды?! – деген əкесіне:
– Қызықты көрмей тұрмысың? – деді ол.
– Не қызық?
– Анау шошқа ма, адам ба? – деді ол, саусағымен Сатыбалдыны нұсқап.
– Тиыш отыр, ойбай! – деп Шыңғыс Шоқанды жұдырығымен нұқып
қалды.
– Шошқадан ауған жоқ! – деді Шоқан, əкесінің нұқуын тыңдамай. –
Нанбасаң, анау қара қабанға қара да, жуан адамға қара!.. Айырмалары
біреуі – екі аяқты да, біреуі – төрт аяқты. Құдайшылығыңды айтшы, басқа
денелері бір-біріне ұқсас емес пе?
– «Қой!» дедім ғой, Қанашжан, – деді Шыңғыс Шоқанның құлағына
аузын тақай, ақырын сыбырлап, зілді үнмен. – Сол жуаның біз іздеп келе
жатқан адам болу керек.
– Бола берсін. Көргенді айтқанның несі айып?..
– Өшір, үніңді!.. Бізге беттеді... Естіп қалар...
Дауыл ырғалтқан домалақ қара кигіз үйдей теңселе басқан Сатыбалды,
Бошыбайды сабауын доғарды да, қақпа алдына кідірген жолаушыларға
беттеді. Оның кім екенін аңғартпақ болған ылаушы шал:
– Садько деген бай – купец осы болады, асыл туыстым, – деп сыбырлап
қалды Шыңғысқа.
Шыңғыс оған күймеде отырып, я түсіп амандасудың қайсысы қолайлы
екенін ойлағанша, шал арбадан жерге сырғыды да, қолын берген
Сатыбалдының құлағына əлденені сыбырлады. Оның біртіндеп айтқан
сөздері «Ханның бурылданған сақал-мұрты өртке ұшыраған ұйпа-тұйпа
көде сияқты да. Жал айларында жамаулы көйлек-дамбалдан басқа киімді
үстіне
ілмейтін,
жіңішке
білектері
мен
жіліншіктерін
сидитып,
дамбалының, балағы мен көйлегінің жеңдерін түріп алатын. Сақал-мұрт
ерте шығып, ерте бурылдана бастаған ол, бала шағынан үнемі шошқа күту
қызметінде жүретін. Өзін «мұсылманмын» деп ойлайтын оның шошқадан
жиренуінде қисап жоқ. Ол шошқалардың өзі түгіл иісінен де жиіркеніп,
жайлаған шақтарында, мұрнын шүберекпен байлап алады. Сонда да күтеді
жəне жақсы күтеді. Күткендері мейлінше семіз болады. Торайларды да
қолынан сол туғызып, сол өсіреді. Ол боқтампаз кісі. «Танауыңды...» деген
боқтық, оның аузынан еш уақытта түспейді. Түсінде сандырақтаса да
айтары сол. Кейде ол Сатыбалдының өзін де, балаларын да «танауыңды...»
деп сыбап алады. Ырысы көретін Бошыбайдың ол боқтауын Сатыбалды еш
уақытта кек көрмей, «болды, шошқа, болды!» деп күледі де қояды.
Кейде, ашуы қатты келгенде, Сатыбалдының Бошыбайды сабап алатыны
да болушы еді. «Ит ашуын тырнадан алады» дегендей, қайыру бермеген
шошқалардың ашуын, талтаңдай жүгіріп келе жатқан Бошыбайдан алып,
жақындай берген оған Сатыбалды майлы жұдырығын көміп-көміп жіберді.
Бұндай сабауға үйренгендіктен бе, əлде, тегеуіріні əлсіз майлы жұдырық
батпай ма, - Бошыбай елең-алаң қыла қоймады. Сатыбалдының одан əрі
төмендеуіне, екпіндеп келген аттар, қақпадан өре шыққан шошқаларға
жəне Бошыбайды сабаған Сатыбалдыға соқтығып қала жаздап қақпаның
жақтауына тіреле əрең тоқтады.
Бұл көрініс өзгелерден гөрі Шоқанға қызық көрінді. Кеше Ташатпен
жанжалдасқаннан кейін, оның туыстарына көз ғып, «сенен-ақ өлетін
болдым-ау!» деп, жұмсақтау болса да Шыңғыс Шоқанды шапалақпен бірер
рет тартып қалған. Қылмысын мойындаған Шоқан, батпаса да батқандай
əсер қалдырмақ боп, шапалақ тиген жағын алақанымен баса қойған. Тағы
да ұрмақ болғандай, Шыңғыс Шоқанға ұмтыла бергенде, біреулер араша
түсіп тигізбеген. Шоқан содан кейін мініп келген күйме ішіне кірген еді де,
шақырған ас-суға да бармай, таң атқанша тым-тырыс жатып алған еді. Ол
оқуға бармай кері қайтуға зауқы соққанын айтқанда, түні бойы қасында
болған Аба:
– Өзің білесің, Қанашжан менің өзімнен артылар ақылым жоқ.
Дегенмен, əкеңнің еркіне де көнгенің жөн.
Мекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қайтпайды» дегендей, хан-
иемнің сені Омбыға апармай көңілі көншімейтінін көріп келеміз. Əке ғой
ол. Күші де келеді саған. «Өнбейтін дауды өспейтін ұл қуады» дегендей,
болмайтын іске бекіне тырмысасың. Əкеңнің маңдайына тиіп жүрген соққы
аз емес. Соның үстіне «тілін өзге түгіл туған баласы да алмайды екен»
деген атақ жақсы ма. Бар, апара жатқан Омбысына. Ар жағын көрерсің, –
деген. Бұл ақылды іштей мақұл көрген Шоқан, əкесі Ыстаптан ылау алып
ілгері жөнелмек болғанда, ешбір сыр білдірмеген. Ылауға ризашылығымен
отырған ол, шалдың қасына қатар мінген де, серіктерінің ешқайсысына
жолшыбай тіл қатпаған.
Енді міне, Сатыбалдының өзін жəне шошқаларын көргенде, Шоқан
алақандарын шапалақтап, қарқылдай күліп жіберді.
– Саған не болды?! – деген əкесіне:
– Қызықты көрмей тұрмысың? – деді ол.
– Не қызық?
– Анау шошқа ма, адам ба? – деді ол, саусағымен Сатыбалдыны нұсқап.
– Тиыш отыр, ойбай! – деп Шыңғыс Шоқанды жұдырығымен нұқып
қалды.
– Шошқадан ауған жоқ! – деді Шоқан, əкесінің нұқуын тыңдамай. –
Нанбасаң, анау қара қабанға қара да, жуан адамға қара!.. Айырмалары
біреуі – екі аяқты да, біреуі – төрт аяқты. Құдайшылығыңды айтшы, басқа
денелері бір-біріне ұқсас емес пе?
– «Қой!» дедім ғой, Қанашжан, – деді Шыңғыс Шоқанның құлағына
аузын тақай, ақырын сыбырлап, зілді үнмен. –Сол жуаның біз іздеп келе
жатқан адам болу керек.
– Бола берсін. Көргенді айтқанның несі айып?..
– Өшір, үніңді!.. Бізге беттеді... Естіп қалар...
Дауыл ырғалтқан домалақ қара кигіз үйдей теңселе басқан Сатыбалды,
Бошыбайды сабауын доғарды да, қақпа алдына кідірген жолаушыларға
беттеді. Оның кім екенін аңғартпақ болған ылаушы шал:
– Садько деген бай - купец осы болады, асыл туыстым, – деп сыбырлап
қалды Шыңғысқа.
– Осы, есі дұрыс бала ма? Жынды бала ма? – деп те қалды.
– Дұрыс еді, – деді қысылып отырған Шыңғыс, – не шайтан
түртпектегенін қайдан білейін.
Шайға қанып, сыртқа желпініске шыққанда Шыңғыс:
– Тыямысың күлкіңді, болмаса, өзіңе тағы да бірдеме керек боп тұр ма?!
– деп, жұдырығын түйген, тістенген кескінмен жақындаған:
– Ұр! – деді Шоқан тайсалмай.
– Ұрмағанға қара жер! – деді Шыңғыс. – Қайда барсаң сыймайтын
болдың ғой сен!.. Аяқ басқан жерің – бүліншілік!.. Осынау аумағы ауылдың
қотанынан үлкен үйге де сыймайық деп отырмыз ғой енді, сенің
кесіріңнен.. Не, қой күлкіңді. Қоймасаң аттанайық!..
– Шоқан «қоям», «қоймаймын» демеді. Оның тек айтқаны:
– «Бүлікшіл» десең, құтылғалы келе жатырсың ғой, əке. Ескертерім:
қашан құтылғанша қолыңды тигізбе, енді. Егер тигізсең, ұзындығы
тұсаудай ғана жіп жалынсын.
– Ол не жіп? – деді Шыңғыс шала түсінгендей.
– Асылып өлем.
Шыңғыс үндемей қалды.
– Рас айтам, – деді Шоқан шегелеген дауыспен. – Нанбасаң қол қатып
көр!.. Е, құдай, көрінген шошқа үшін сабай берсең, жаным қала ма?..
Шыңғыс үндемей қалды. Баласының бұрын да, осы сапарға шыққалы да
істеп жүрген мінез - қылығына қарағанда, ондай батылдыққа баруы
мүмкін-ақ. Аталастарында асылып өлгендер де, жарылып өлгендер де
болған. Бұның да сөйтпеуіне кім кепіл?
«Сөйтуі мүмкін» деп баласынан қорыққан, оның күлкісін де тыя алмаған
Шыңғыс, сол күнгі кеште кірпі терісінен жасалған төсеніште отырғандай
халде болды. Сонда Шоқан күлейін деп күлмейді - ау, ұмытқысыз əсер
қалдырған манағы көрініс есіне түсе қалса, ықтиярынан тысқары күліп
жібереді. Есінен шығарайын десе, шошқалар мен Сатыбалды семьясынан
алған əсерлері сиреудің орнына қоюлана түседі.
Баласының неге күліп отырғанын Сатыбалды түсініп қалар деп,
Шыңғыс қатты сасқалақтауда. Ол Шоқанның жынды баладай қарқылдап
күлу себебін мана қақпа алдында жорамалдап, іштей тыжырынған да
қойған. Содан кейін, сол сезімі ширатыла түспесе əлсіреген жоқ.
Көлденең кісімен шүйіркелесе қою əдетінде жоқ Сатыбалды, Шоқанға
өшіге түсу салдарынан тіпті тұйықтанып, жолаушылардың өздері бірдеме
сұрамаса, үн қатпай тым -тырыс отырып алды. Сұраған сөзге де ол
тұжырымды, қысқа ғана жауап берді.
Осындай жағдайда Шыңғыс онымен қалай тілдеспек. Оның үйіне
неліктен соғып отырғанын қалайша айтпақ?
Рең бермеген Сатыбалды Шыңғысты сыбағасынан қаққан жоқ. Ол
үйінде жүретін қазақ жігіттерінің біреуіне бір семіз қойды сойдырды да,
етін түгел астырып, үстіне сүрленген тұтас жал, жая, қазы, қарта салдырып,
жүргіншілерге арналған үйінде қазақша ұлан-асыр қонағасы берді. Жəне
Шыңғыстың мұсылмандығын есте тұтып, ас-суын қазақтарға даярлатты.
Жататын
бөлмесіне,
қазақша
белуардан
төсек
салдырды.
Ал,
Сатыбалдының өзі қабақ маңына жоламай, ас ішкенде келмей, үйінде
сіресіп жатып алуы, Шыңғысқа өте ауыр соқты. Жұмсақ құс төсекте түні
бойы дөңбекшіген ол, көрер таңды көзінен атырды. Сонда, бірде – іштей.
бірде дыбысын шығара айтқаны: – «Ə, құдай, күнімді Сатыбалды шоқынды
сияқты шошқаларға түсіргенше, алсаң нетті!!.»
Ертемен тұрып сұрастырса, Сатыбалды əлдене жұмысымен кетіп қапты.
Бірақ ылаудан да қақпай, кісі отыруға арналып жасалған сəнді бричкаға екі
əдемі арғымақты пар жеккізіп, «қалаған жеріне апар» деп, Бошыбайды
даярлап қойыпты. Шошқаларды күтуден безіп болған Бошыбай, аз уақытқа
болса да бойын жазғысы кеп, бірден ризаласты. Олар жүріп кетті.
Тағы да тым-тырыс. Түні бойы көз шырымын алмаған Шыңғыс, былай
шыға қалғи бастады. Ойшыл Драгомиров көрген-білгендерін ақыл
таразысына салумен əуре боп келеді. Түні бойы жақсы ұйықтап денесі де,
ойы да сергіп тұрған Шоқанның Қабаннан шыға ермегі Бошыбай болды.
Бұл шал оның ойын алғашқы көргеннен-ақ бөлген еді. Қазақтың
«Қаңбақшал» дейтін ертегісін жақсы білетін Шоқан, түр-тұлғасына қарап,
«мынау дəл сол сияқты ғой» деп қалған да. Содан кейін, Бошыбайды
көрген сайын жорамалы күшейе түсіп, жүріс-тұрысын, мінезін,
қылықтарын, сөз əлпетін бақылауға кіріскен. Сонда аңғарғаны, –
Қаңбақшал сияқты бұл да айлакер, тəсілқой, қулықшы, күлдіргіш екен.
Кеше кешке қарай Сатыбалды үйінін, төңірегіне жиналған шақта еркек -
əйелі, кəрі-жасы аралас қазақтардың саны бірталай болған. Киім-
кешектеріне, сөз жобаларына қарағанда, бəрі де кедей, біреулері
Сатыбалдыға жалшылар, біреулері – көрші-қолаңдар əзіл түрлеріне
қарағанда, біреулері – мұсылмандар, біреулері – шоқындылар сияқты; «ет
дегенде бет бар ма» дегендей, «қызылшыл» қазақтар, қонаққа қой
сойылуын пайдаланып, сорпам-суын ішуге жиналған көрінеді, сөз
əлпеттеріне қарағанда, Сатыбалдының үйі бұндайда бейілін кеңге салып,
қонақтан қалған-құтқан тамақты олардан аямайтын сияқты... Ақысын
ұттырмайтын, есепқор Сатыбалды, олардың күшін осындай «өкпе»
тастаумен кейде арзан, кейде тегін пайдаланатын еді.
Бошыбай сол қазақтардың күлдіргісі екен. Кейініректе балалардан
бастап, еңкейген кемпір-шалдарға дейін оның қылжақтаспайтыны жоқ
екен. Өзі бейпіл - ауыз, екі сөзінің бірі - боқтау... жəне «еркек» демей,
«əйел» демей «кəрі» демей, «жас» демей, кез келгенін сыбай береді екен.
Онысын кек көрер жан жоқ сияқты. Бəрі де ашулану орнына күледі, тыю
орнына шаптап, ойындарын үдете түседі. Бошыбайдың қылжақсыз
кеңестері де көп екен. Бəрі де қызғылықты, бəрі де күлкілі...
Осындай жағдайын көрген Шоқан, Бошыбайды Қабаннан шыға
айналдырып еді, ол ырқына көне кетті. Кеңесіп көрсе, Бошыбайдың
əңгімелерінде, əсіресе ертегілерінде түп жоқ жəне бəрі де өлердей қызық.
Ол насыбайшы екен. Қошқардың қоржын терісінен илеп жасаған, аузы
бүрмелі шөнтегіне насыбайды мол үгіп салады екен де, кеңес кезінде əлсін
-əлсін атып, көйіте береді екен. Астыңғы ерніне мол ғып салатын
насыбайы, сілекейі мен ағып таусылады екен, саусағымен алып тастамайды
екен, сондықтан да ұйысып жүретін сақалы сауыстан арылмайды екен.
Насыбайдан ба, əлде зақымы бар ма, Бошыбайдың жаялықтай үлкен
аузында дүрдиген қалың еріндерінің көгілдір түсті терілері үнемі тілім-
тілім боп жарылып жүреді екен.
Шоқанға əуелгі айтқан кеңестерін келте қайырып отырған Бошыбай,
біраздан кейін «Қыран – қарақшы» немесе «Жалғыз көзді жалмауыз»
сияқты ұзақ ертегілерге түсіп кетті. Қабаннан шыға, Құтырлағанды
(орысша – Екатериновка), Куқаланы (орысша – Островка) баса, Капитанға
тартатын жол аса даңғыл еді жəне сол бір тұста жаңбыр болмай құрғақ
тұрған. Соны бойлай талай жүрген аттар, дағдылы бұлаң-құйрығына
салып, жолдан жазбай айдаусыз жортады да отырады. Көзі бақырая, аузын
аша, иегін екі алақанымен бірдей тіреп отырған Шоқан, əңгіме оқиғасының
сырына қарай кейде күледі, кейде, кейбір аянышты тұстарда үрейі ұшып,
бір сəттерде көзіне жас та кеп қалады....
Міне, əңгіменің осынша қызықтығынан «араларының алшақтығы қырық
шақырым» дейтін Куқалаға қалай жеткенін олар білмей де қалды.
Бұл да екі үлкен көлдің арасындағы ені тар дөңеске салынған станица
еді. Біреулер оны «Балан мен Қызылжардың, аралығындағы станиңалардың
бəрінен бұрын осы орнапты» дейді.
Куқаланың атаманы – Андрей Бекетов, Шыңғыстың Кенесарыны
Арқадан бірге қуысқан жорықтас жолдасы еді. Жəне екеуі дос та. Кенесары
Түркістан жаққа ауып кеткеннен кейін, Шыңғыс Құсмұрын дуанына аға
сұлтан болғанда, Бекетов туған жері – Қуқалаға кеп, атаманы сайланған.
Құсмұрыннан Омбыға барған бірер сапарында Шыңғыс Бекетовке əдейі
соғып, аунап-қунап кеткен. Сондай досына бұл сапарында да соқпақ ниетін
Қабаннан аттанарда Бошыбайға ескертіп қойған.
Қабаннан шыға қалғыған Шыңғыс Қуқалаға жеткенше қалғыды.
Қаланың батыс шетіне жақын жерде, сирек қайыңдары мейлінше жуандап
өскен шоқ ағаш болушы еді. Ішінде, сол маңайдағы Көшебе руынан
шыққан атақты бай – Ырсай ауылының зираты бар. Ырсай Россияны
жақтайтын адам болған. Абылай хан тұқымынан Россияға қарсылардың
бірі – Əбайділдəні казак-орыстар осы жақтан қуғанда, Ырсай басшылық
еткен екен дейді. Сондықтан ел, патша үкіметінен хорунжий чинін алған.
Островканың «Куқала» аталатын себебі, оның казак-орыстары осы араға
келіп ірге тепкенде, «мал баспасын» деп, Ырсай ауылының зиратын терең
ғып айнала орнатқан, «бір қабырдан түнде шырақ жанады» деп, шарбақпен
қоршатып қойғаны сол Ырсайдың атасы – Жоламанның зираты екен дейді.
«Осының бəрі - Ырсайдың көңілін табу үшін жасалған» деп, қазақтар
станицаның атын «Куқала» қойған...
Қалғыған Шыңғысты Бошыбай Ырсай ауылының зиратына жақындай
бере оятты. Жолда зират кездессе, атын тоқтатып, жерге түсіп,
«аруақтарға» дұға оқу Шыңғыстың ежелгі əдеті еді. Бұл жолы да сөйтіп,
дұғасын оқып болғаннан кейін:
– Андрей Бекетовтің үйін білетін бе едің? – деді ол Бошыбайға.
– Білем.
– Ендеше, тарт соған.
Олар тақтай шатыры да, өн бойы да көп жыл жасап қоңырланған үлкен
ағаш үйдің алдына келсе, ашық қақпаның сыртқы босағасында жатқан
жуан келте бөрененің үстінде, ясаулдың жазғы киімінде, қаба сақалы мен
қалық дудар шашы бурылданған орыс, түтінін бұрқырата трубка тартып
бөрененің үстінде отыр екен. Ол таянып келген жолаушыларға мəн
бергендей, одырая қарай қалды да, əлдекімін танығандай кескінмен,
орнынан тұрып, бастары тежелген аттарға беттеді. Таялып келіп;
– Хаталаспасам, сіз Шыңғыс Валиевич боларсыз? – деді. «Бұл кім?»
дегендей қарай қалған Шыңғыс та сақалдыны шырамытып:
– Николай Ильич болмаған едіңіз! – деді.
– Иə, сол, Потанин!
Шыңғыс арбадан қарғып түсіп, екеуі құшақтаса кетті...
Олар мауқын басқанша, біз оқырмандарға Николай Ильичтің кім екенін
қысқаша таныстырып алайық. Россияның Ертіс бойын он сегізінші
ғасырдың басынан отарлануға кірісуі мəлім. Сонда І-Петрдың бұйрығымен,
Тобыл қаласынан подполковник Бухгольц басқарып аттанған орыс
воеводтарынан Ертіс бойына орыстың бірінші қаласы болып түскен
Ямышеваға Аркадий Потанин атаман болып қалған. Бұл, 1715 жылы. Аз
жылдан кейін, Ертіс бойына Омбы мен Семей қалалары ірге теуіп
молайғанша, Ямышева - шығыс жақтан - қытайлардың, оңтүстік жақтан –
Орта Азия хандықтарының, батыстан -Россияның саудагерлері қысы-жазы
ағылып, сауда қатынасын жасап жататын жерлері болған. Соның бəрін
Аркадий Потанин басқарған.
Ащылыөзек бойына казак-орыстар 18-ғасырдың екінші жартысынан
бастап орнайды. Сол кезде Қызылжар мен Алтынтөбе (Троицк) арасына
бірінші болып ірге тепкен – біз жоғарыда атаған Куқала екен. Осы қалаға
бірінші болып мекен салған адам, Аркадийдің баласы – Илья екен. Ол –
Шыңғысқа Куқалада кезігіп тұрған Николайдың əкесі.
Илья Николайды 1813 жылы казак-орыс балаларынан офицерлер
даярлау мақсатымен Омбыда ашылған училищеге оқуға береді, Николай ол
оқуды 1816 жылы жиырма жасында корнет чинімен бітіреді. Содан кейін
біраз жыл училищенің өзінде, ішкі тəртіпті сақтайтын урядник қызметін
атқарады. Осы кезде Шыңғыс училищенің азиялық бөліміне оқуға түседі.
Қазақуар Николай Шыңғыстың шешесі Айғаныммен де танысып, аралас-
құралас болып кетеді. Шыңғыс оқуын бітіргенше сол үймен тығыз
байланысты болады.
Николай Ильич пысық та, зирек те, соғыстың сол кездегі айла-əдісіне
білгір де адам екен, сондықтан Қоқан хандығының 1829 жылы Петербургке
келіп, патшаға жолығып, сыйлар алып Омбыға келген өкілін Қоқанға дейін
жеткізіп салған казак-орыс жүздігін басқарады. Осы сапарында ол, Қоқан
хандығын Россияға қалай бағындырудың алғашқы жоспарын жасап
қайтады. Кейін, Арқадағы қазақтардың көтерілісін басқан отрядпен,
Николай Созақ қаласы арқылы Шымкентке дейін барып, бұл жолы
Түркістан мен Ташкентті Россияға бағындырудың жоспарын жасайды. Сол
жорықтан қайтқаннан кейін отставкаға шығады да, туыстары тұратын
Ямышеваға оралады. Баян аула станицасына келіп, артиллерия капитаны –
Турниннің Варвара Филипповна есімді қызына үйленеді. Содан кейін
Ямышевада жыл ғана тұрып, Баян аула дуанының аға сұлтаны,
Шыңғыстың балдызы – Шорманның Мұсасына тілмаш боп қызметке
кіреді. Тағы біраз жылдан кейін капитанға ауысады да, бір жағынан
сондағы əскери бөлімшенің штаттан тысқары атаманы болып, екінші
жақтан, саяхат сапарларын сипаттайтын еңбектер жазуға кіріседі. Чині –
подполковник.
Ол Варварадан жеті-сегіз бала көреді. Үлкен ұлы – Григорий
Ямышевада, одан кейінгі екі-үш баласы – Баянда, кейінгілері – Капитанда
туады.
Өзінен бастап, семьясының барлық мүшелері қазақтармен аралас
өскендіктен, бəрі де қазақ тіліне мейлінше жетік. Григорий кейін, қартайған
шағында жазған өмірбаянында: «Жалпы Ямышеваның тұрғындары,
олардың ішінде - біздің семья орыс жəне қазақ тілінде қатар сөйлейтін еді,
казак-орыстың қыз, бозбалалары үйде де, көшеде де орыс əндерімен қатар
қазақ əндерін айтушы еді, қазақ ғұрпын орыс ғұрпымен бірдей қолданушы
еді» дейді.
Міне, сондай семья Николай Ильич Шыңғыспен кездескенде,
Капитаннан Куқаладағы туыстарына келіп қонақтап жатыр еді.
Шыңғыс пен Николай құшақтарын жаза бергенде, қақпа ішінен кадет
корпусы шəкірттерінің жазғы формасындағы Григорий шыға келді. Жат
жолаушыларға таңырқай қарап тоқтай қалған оны:
– Үлкен ұлым. Қазақша аты – Күркерей, орысша аты – Григорий, – деп
таныстырды Николай Шыңғысқа.
– «Қазақша ат дегені несі?» дегендей қараған Шыңғысқа:
– «Ақсары Керей, Құрсары Керей» дегендер бар емес пе, қазақта? – деді
Николай күлімсірей қарап.
– Бар.
– «Күр» деген сөздің не екенін білмеймін. Бірақ «қазақ білмей
қоймайтын шығар, ондай атты» деп, мен «Күрсары Керейге ұқсас болсын»
деп, «Күркерей» қойдым, егер оны атау қиын болса, «Керей» дей бер, –
деді.
Шыңғыс Николайдың қазақша жақсы білетіндігіне риза болғандай күлді.
– Əкеңе сəлем бер! – деді Николай баласына, Шыңғысты нұсқап. Бала
тайсалмастан таза қазақша:
– Ассалау мағалайкүм! – деп, қолын ұсынды. Бұнысына тіпті риза болып
кеткен Шыңғыс:
– Уағалайкүм-əссəлəм! – деп қолын алды да, – өркенің өссін, бақытты
бол! – деп арқаға қақты.
Қызғаншақ Шоқан, орыстың «төреше» киініп тылтия қалған баласын
ұнатпады. Оның таңданғаны: əкелі-балалы екеуінің қазақ тіліне судайлығы.
Оның өткір көзі əке мен баланың біріне-бірі айна-қатесіз ұқсайтынын да
тез шалды: əкесі шарғалау бойлы, баласынын, да денесі сондай болатын
сыйқы бар; əкесі қоңырлау өңді, баласы да сондай; əкесінің сақал-шашы
қара сарғылт, баласынын, шашы да сондай, басын дударланған қалың шаш
жауып тұрғанмен, «тақия сыймас шекелім» дегендей, əкесінің шекесі
жалпақ, екен, маңдай жағына кекіл ғана қойған баласының да шекесі
сондай, бетінің көзінің асты мен мұрнының үстінен басқа жерін қалың қаба
сақал-мұрт жапқан əкесінің бет сүйегі шығыңқылау, қалмақ кескінділеу
екен, баласының беті де сондай, əкесінің кішірек мұрны таңқылау, баласы
да сондай, əкесінің көздері шүңіректеу, кішілеу, баласы да сондай.
Біріне-бірі айнымай тартқан əке мен балаға қарай қалған Шоқанды,
Шыңғыс Николайға:
– Балам. Оқуға əкеле жатырмын, – деп таныстырды да. – Түс,
Қанашжан, сен де сəлем бер, бұл кісіге! – деп Николайды нұсқады.
Қазақтың орысқа мұсылманша сəлем беруін бұған дейін көрмеуден бе,
əлде қирақылығы ұстай қалды ма, Шоқан бетін теріс бұрды да, арбадан
түспеді. Ол қылығын ұнатпаған Шыңғыс, «Николайдың көңіліне келмесін»
дегендей:
– Орыс арасына үйренген жоқ еді, əрі еркелеу, – деді.
– Оқасы жоқ, – деді Николай. – Ал, қалай болады бұл, Шыңғыс
Валиевич? Менің үйім – Капитанда. Мұнда туыстарым тұрады. Соларға
қатыныммен, балаларыммен қонаққа келіп жатырмын. Менімен бірге
қонақтайсың ба, əлде Капитанға барамыз ба?
Мол ет қала тұра, «бұл əкең – Уəлінің сыбағасы» деп құлын сойғызды.
Үшінші күні «шешең - Айғаным бəйбішенің сыбағасы» деп ту қой
сойғызды. Төртінші күні де қой соймақ еді, «қанын ішеміз бе оның. Осы
үйдегі өлі ет жетеді» деп Шыңғыс ұлықсат етпеді. Бесінші - аттанар күні
«өз сыбағаң, жəне балаңның сыбағасы» деп екі марқаны қатар сойғызды.
Сонда, соншама етті Шыңғыстың өзіне ғана жегізе берген жоқ. Маңайдағы
Көшебе руының Шыңғысқа зыйттығы барын естіген ол, өзінің де,
Шыңғыстың да беделін көтере түсу үшін, сол рудың байлары мен билерін
қасақана шақырып, табақтас етті. Олардың келмеске шарасы жоқ
Потанинның бұл станицада беделді адам екенін біледі, өшіге қалса, азулы
да адам жəне оларды шақырудың залалы да жоқ, əскер тұрған станицада
Шыңғысқа қарсы қылық көрсете алмайды... Қонаққа амалсыз келген
Көшебелер, сыпайылық қып Шыңғысты қонаққа шақырған болып еді:
– Күтіп жіберуге күшім жетеді, – деп Потанин жібермеді. Барғысы келе
қоймаған Шыңғыс «Потанин біледіні» сылтау етті.
Николай əңгімелерін жұрт көзінше де айтады, оңашада Шыңғысқа да
айтады, қандай жағдайда айтса да Шоқан қарама-қарсы жүресінен отырып
алады да, зейін қоя бар ынты-шынтымен, көздерін айырмастан тыңдайды
да отырады. Түнде де сөйтіп, қалжырап барып қалғиды.
– Мынау балаң ба, Шыңғыс Василиевич, – деп қояды Николай Потанин
сондай шақтарда, – тірі болса, бұл балаң нағыз саяхатшының өзі болады.
Потанинның үйінде жатқанда, Шыңғыстың, қорыққаны, «баласы оның
баласымен шекісіп қап, тағы да шырқ бұза ма» дегендік еді. Шоқан
Григорийге алғаш осқырына қарағанмен, арты олай болмады. Мүмкін, өр
кеуде балаға жаны өш Шоқан, алғашқы осқырынған қалпымен кете барар
ма еді, қайтер еді, егер жанасуды момын, жатық мінезді Григорийдің өзі
бастамаса. Ол Шоқанмен түйдей құрдас екен. Кішкене күнінен қазақ
балаларымен аралас өскен ол Шоқанның да қыбын тауып өзіне тез үйір ғып
алды. «Григорий» деуге тілі келе қоймай, «Күркерей» деуді де қиынсынып,
атын «Керей» қойып алды да, одан жұбын жазбай, кеңеске алданбаған
сағаттарының бəрін бірге өткізді. Асықты да бірге ойнады, атқа да бірге
мінді, станица іргесіндегі шалқар көлге де бірге шомылды, асты да бірге
ішті, «балалар бөлмесіндегі» жалпақ ағаш кроватьқа да құшақтасып бірге
ұйықтады.
Шоқан бұның бəрін əдейі, белгілі бір мақсатпен істеп жүр. Сұрап
білуінше, алғаш Капитанның бастауыш школасын бітірген Керей, 1845
жылдың күзінде училищеден Кадет корпусына айналған оқуға ауысқан
екен де, 46 жылдың басынан оқып, биыл көктемде корпустың бір курсын
тауысып, үйіне жазғы демалыста келген екен, Омбыға жуық арада жүрмек.
Оның естуінше Шоқан да сол оқуға түскелі бара жатыр. Сондықтан елеусіз
түрде школа жайын сұрастырып алмақ.
Шоқанның əкесі сол мақсатпен əкеле жатуын естіген Григорий,
қызықтыру үшін, школа тіршілігін көтермелей сөйледі. Шоқан сабақ
жайларын да сұрастырды. Училище кезінде бұл школада татар тілінің
сабағы болған екен, кадет корпусына айналғаннан кейін, сабақ түгелімен
орыс тілінде жүретін болған.
– Сонда, мен ол сабақтарды қалай үлгерем? – деген сұрауға:
– Түк қиындығы болмайды, – деп жауап береді Григорий, – Сібірде
тұратын монғол жəне түрік тілдес халықтардан да талай балалар оқиды,
олар орыстың тілін бір қыста біліп шығады.
Григорий Шоқанға орыс тілінің əліппесін көрсетіп, əріптермен
таныстыра бастайды.
Өткен қыстың оқуында, Григорий татар тілінің сабағына үздіксіз
қатынасқан еді, сонда арабша əріптердің бəрін де біліп, татарша жазуға да,
оқуға да төселіп қалған. Оның сондағы «татарша» дегені - қазақша болып
шығады, қазақ тілін жақсы білетін ол, татар сөздерін қазақшылап оқиды.
Григорий үйіне татар тілінің де əліппесін ала келген еді. Шоқанның
мұсылманша хат тануын естіп, татар кітаптарын көрсетсе, саулатып оқи
жөнелді. Сауаты сондай Шоқан Григорийдің жəрдемімен, орыс əріптері
мен араб əріптерін салыстырып, Капитанда жатқан төрт-бес күнде, орыс
əріптерін де біліп алды. Ендігі қажеті - орысша сөздерді құрастыру. Одан
Капитанда білгені, я – мен, ты – сен, он - ол, су - вода, нан - хлеб, мен
жеймін - я кушаю, сен жейсің - ты кушаешь, ол жейді - он кушает...» деген
сияқты азғантай ғана сөздер...
Балаларының бұлайша үйірсектенуіне екі əке де қуанды. Шыңғыстың
қуанышы, -баласына бірге оқитын, қазақ тілін білетін, мінезі, қылығы
жақсы орыс баласының табылуы Николайдың қуанышы - сол школада
оқуға қазақ балаларынан бірінші болып Шоқанның бара жатуы.
Монархиялық ұғымдағы адам болғанымен, қазақтармен көп араласқан,
олардың арасынан көптеген достар тапқан, қазақ елінің тарихынан,
этнографиясынан, мəдениетінен хабары бар, оны «ақ көңіл, адал халық»
деп түсінетін, сондықтан жақсы көретін Николайдың қазақ халқын орыс
мəдениетіне байланыстыру, сөйтіп азаматтық өркендеуіне жол ашу, ол үшін
қазақ балаларын орыс оқуына тарту, үлкен армандарының бірі еді. Сол
мақсатпен, өзімен достасқан талай қазаққа «баланды орыс оқуына бер»
деген ұсыныс айтқан, бірақ біреуіне де тілін алдыра алмаған, міне, енді,
көктен тілегені жерден табылғандай Шыңғыс баласын орыс оқуына əкеле
жатыр!..
Шоқан мен Шыңғысты Қызылжарға Николай Ильичтің өзі апарып
салды. Оларға Григорий де ерді. Қызылжар мен Капитанның екі арасы,
мықты пар атпен ерте шығып кешке жететін жер еді.
– Қызылжарда көңілдес байым бар еді, – деді ол жолға шыға Николайға,
– мен, тегі, соның үйіне түсермін.
Линиямен жүрген пар атты жолаушылар жорта берсін, біз оқырман
көпшілікке, Шыңғыспен көңілдес байды таныстыра тұрайық.
Абылай ханның əйелдері де, балалары да көп болғанын білеміз. Көп
əйелдің біреуі қашқарлық ұйғырлардың бегілер-бегі сыйға жіберген Бабақ
сұлу екен. Одан туған көп ұлдың біреуі – Рүстем деген болыпты.
Абылайдың көп ұлдарын, Ұлы жəне Орта жүздегі қазақ рулары
сұлтандыққа сұрап алатыны мəлім. Сонда Рүстемді, Балқаш көлінің
теріскей-шығысынан құятын Тоқырауын өзеніндегі Дадан – Тобықты сұрап
алған екен дейді. Рүстем Кенесарының əкесі – Қасымға жақтас болған, ол
Россияға бағынбай жанжал жасағандардың біреуі. Қасым сол бетінде
Қоқан хандығына ауып барады да, оны сенімсіз көрген хан басын алған.
Қасымның бəйбішесінен Есенгелді, Саржан, тоқалынан – Кенесары,
Наурызбай туған. Бəйбіше балалары да Россиядан қашып Қоқанға барса,
хан олардың да басын Шабады.
Осы хабарды естіген Рүстем аты «өзбектің» бəрін Жау көріп, еліне
келгендерін өлтіре береді.
Бір мезетте Рүстем Ұлытау бойын жайлаған Бағаналы руында
қонақтайды да, сол елдің атақты ақыны - Жанақты қасына ертіп жүріп,
мекеніне ораларда «алдағы жазда қонаққа кел» деп шақырады.
Уəделі уақытта Жанақ іздеп барса, Рүстем Тоқырауын бойындағы
жылқыларының арасында жүр екен.
– Сен бара бер, мен кешірек барам, – деп Рүстем Жанаққа аулының
жобасын сілтейді.
Жанақ барса, Рүстемнің «орда» аталатын ақ үйі, көп үйлі ауылдың
төрінде екен. Үйге кірсе, тораңғы төсектің астынан өзбектің жас шамалары
алты-жетідегі екі ұл баласының көздері жылтырайды, кескіндері үрейлі
төсектің бас жағында, бес биенің сабасындай, қара қоңыр енді қартаң əйел
отыр. Оның өңі де солғын...
Жанақ бұлардың неге бүйтуін білмей отырғанда, сырттан ат дүбірі
естілді. Көп кешікпей Рүстем келді. Балалардың жетім екендігін, құм
арасынан тауып алғанын айта кеп, алыстағы ауылдарға апарып тастауын
өтінді. Жанақ көнді. Рүстем берген түйеге екі баланы мінгестіріп алды.
Үлкенінің аты Малтабар да, кішісінің аты Құлтабар екен.
Жанақ, Малтабар мен Құлтабарды Қорғалжын бойын жайлаған Бөрші-
Темеш руларына жеткізіп тастайды, сөзі: - «Балқаштың шөлінде қаңғырып
жүрген жерінен тауып алдым».
Қаршадайынан ел ақтап, қайыр сұраған екі бала, нелер адамдарға
жалшы болып, нелер қорлықтарды керіп, жастары он төрт, он бесті
қусырғанда, Айыртау төңірегін мекендеген Қарауыл руындағы атақты бай,
Байсарының Шебегіне кездеседі. Екі жасөспірімді ол қойларын бағу
жұмысына салады.
Байсары да, Шебек те Айғаныммен дос-жар екен. Олар жаз – бір, күз –
бір, қыс – бір үйіне қонаққа шақырып сыбағасын жегізеді екен.
Бір сəтте Айғаным Шебектің үйіне келеді де, қорлықта жүрген қос
жетімді кереді. Жетім-жесірді есіркегіш Айғаным екі жетімге ерекше көңіл
бөледі. Екеуінің де кескін-кейіптері өзбек. Қожа тұқымынан шыққан,
қожалардың арғы түбі – өзбектер деп түсінетін Айғаным, кездескен
өзбектерге жан тартып, жақсылық жасауға бейім тұратын еді. Ата тегін
білмейтін, бірақ, өзбек балалары екендігінде шəк жоқ екі жетімді, Айғаным
«менің қолымда болсын» деп, Шебектен сұрап əкетеді. Олар Айғанымның
қолында жігіт бола бастайды. Мінез, қылықтары екі басқа: Малтабар
пысық, өткір, жылпос, таза, ақылды. Құлтабар жуас, болбыр, иіс – алмас.
Бір сəтте Қызылжардан Көкшетау еліне келіп жүретін, Айғанымның,
жыл тəулігіне жетер қант-шайын тегін беріп кететін татар саудагері,
Малтабарды қалап əкетеді де піркəншігі ғып ел аралатады.
Сол кезде, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданындағы
Мүсін (Явленко) жəне Ақжар (Петровка) дейтін поселкаларының аралық
тұсында, Зілғара, Шапан дейтін екі ірі бай болған. Шопанның
Қосшығұлында бес мыңдай жылқы, он мыңдай қой болған деседі.
Мейлінше діндар болған, Мекеге əлденеше рет хажылыққа барған, көп
жерге мешіт салдырған, ескішіл Қосшығұл, «орыс ақшасында кірештің
таңбасы бар, оны иемденген адам шоқынғанмен бірдей» деп, малдарын да,
олардың жүн-жұрқа, тері-терсек, қыл-қыбырларын да ақшаға сатпайды
екен.
Қызылжарға орныққан Малтабар, қызметін атқарған саудагерінің
жұмсауымен, қазақ арасына шығады да, Торанғұл аталатын шалқар келді
жайлайтын Қосшығұл аулына кездеседі. Бұл күзгі күземнің уақыты екен.
Мыңдаған қойлардан қырқылған мая-мая жүнді Қосшығұл үйі ас
қайнататын жер ошаққа отын ғып жағады екен. Малтабар соны көреді де,
бір жəшік қант пен шайды тегін беріп, бір мая жүнді тегін алады.
Осы «айырбасты» Малтабар жыл сайын үдетіп, Қосшығұлдың маялаған
жүндерімен, шемелеген қыл-қыбырын түгелімен түйелерге теңдеп əкетіп
жүреді...
Солайша байыған Малтабар, біраздан кейін ірі саудагерге айналып,
шығыста Алматы, Қапал жағынан мыңдаған қазақы арзан қойларды
Қызылжарға əкетеді де, онда завод ашып, жаз қойдың майларын
шыжғыртып, етінен консерва жасатып, ішкі Россияға жүздеген ылаумен
жөнелтеді, қыс айларында, сол қойлардың жаздай мұздаққа қатырған
терілерін илетіп, жəрмеңкелерге ылау-ылау тондар жөнелтеді. Сонымен ол
аз жылда Қызылжар түгіл Сібірдегі атақты миллионерлердің біреуі болады.
Шыңғысты бала күнінде Омбыдағы оқуға апара жатқан Айғаным,
Қызылжардағы Малтабарға піркəншік кезінде соққан еді. Ол кезде
Малтабар «крестовой» аталатын төрт бөлмелі қарағай үй ғана бар.
Ауылмен салыстырғанда, Айғанымға соның өзі «Мүсір -шəріндей» көрініп,
«Апырау, аз жылда мұншама қалай түзелген!» деп қайран қалған. Кейін
Малтабардың одан да керемет болып, первый-гильды саудагер атағына ие
болғанын, Шыңғыс жігіт шағында естіген. Қызылжарға бірер соққанда,
жаңадан салынған жұрттарын көрген. Бір орамды тұтас қаусырған бұл
орамның бір қабырғасында, «Ақтас» аталатын, терезелері кең, биік, аумағы
үлкен үй, екінші қабырғасында, түсі сондай, бір-ақ этажды бір ғана дүкен,
тағы бір қабырғасында екі мұнаралы үлкен мешіт, төртінші қабырғасында
қызыл кірпіштен қаланған медіресе тұрған. Сонша байлық пен салтанатты,
«кеше есігінде жүрді» деген Малтабарға Шыңғыс қимай, үйіне барып
жолығуды хан басына кемшілік көріп, қақпасынан бас сұқпай кеткен...
Енді, Шоқанды оқуға əкеле жатқан мына сапарында, кекірейген басын
амалсыз имек. Олай еттіретін нəрсе – ақша. Енесінен туып ес білгеннен
бері, Шыңғысқа ақшаның зары дəл осы сапарындай еткен емес.
Ақшасыздығын, ең алдымен туған ұлы – Шоқан бетіне басып, жəмшік
жолындағы кідірген жерлердің бəрінде көзге шұқыды, бала орыс
селоларында бірдемелерге қызығып алайын десе, бəрі де сатулы, оған
төлер ақша жоқ!.. Ақшаның зары сонша өткен Шыңғыс, ертең, Омбыға
барғанда тіпті зарығарын еске ап, реті келсе, Малтабардан ақша ала
кетпек...
Дес бергенде, Малтабар Шыңғысты өте жақсы қабылдады. Шыңғыс кеп
атының басын қақпасының алдына тірегенде, астыңғы бөлмелердің бірінде
түскі шайын ішіп отырған ол, «кім екен, біліп келші!» деп бір жігітін
жұмсады да «Шыңғыс хан екен» деген хабарды алғаннан кейін, терлеп-
тепшіп, жалан, аяқ, жалаң бас отырған қалпымен, аяғына резеңке галошын
іле сап тысқа жүгіріп шықты. Ылауға жақындай, қолдарын кеудесіне баса,
белін ие, басын төмендете, əлденеше рет құлдық ұрған бейне көрсетті.
Шыңғыс оны анадайдан тани кетті. Алғашқы көргенде қырбық қара
мұртты ғана жігіт еді. Енді иегіне дөңгелетіп татарша сақал қойыпты.
Бұрын орта бойлы, талдырмаштау еді, қазір толығып, төртпақтаныпты.
Таныған Малтабарға Шыңғыс арбадан қарғып түсіп амандасты.
Шоқанға ол Малтабардың тарихын қысқаша айтып берген еді де, ақша
сұрау ниетін сездірмеген еді. Өркеуде Шоқан Малтабарға да кекірлік
көрсетіп, əкесі таныстырғанша, Малтабар иба көрсеткен бейнемен «түсіңіз,
мырза!» дегенше орнынан қозғалған жоқ.
Малтабар Шыңғыс пен Шоқанды үйінің үстіңгі этажындағы салтанатты
бір бөлмесіне, өзгелерін соған қатар екінші бөлмесіне орналастырды.
Дастарқанды үшінші бөлмеге жайдырды. Қала мұсылмандарының
ғұрпымен ол, бірі – қазақ, бірі – татар, бірі – өзбек, үш əйелінің, біреуін де
Шыңғысқа көрсетпей, тамақтарды жігіттеріне тасытты, ыдыстарды
Шыңғысқа өз қолынан тосып, етті өз қолынан турап... дегендей, құрақ
ұшты. Татар мен қазақ ғұрпын араластыра қолданатын оның дастарқаны
мейлінше бай, тағамдарының түрлері мейлінше көп жəне бəрі де тілді
үйіретін тəтті екен!.. Мұндай дастарқанды Шыңғыс баяғы оқып жүрген
кезінде, Сейф-Саттардың үйінде ғана көрген, одан бері кездестірген емес.
Қандай хан-қара, би-төренің, жақсы-жайсаңның, мырза, шораның
үйлерінде қонақтай жүре, Шоқан да бұндай салтанатты дастарқанды
бірінші рет көрді!..
Астардың арасында Шоқан мен Григорий Малтабардың орамындағы
сəн-салтанаттың бəрін де аралап шықты, тұрқы ұзын дүкеннің іші түрлі
түсті сатарман мүлікке тұнып тұр, бəрі де тамаша!.. Мешіттің ашық
есігінен сығыла, кең залға лық толған діндарлар, мехраб тұсында жалғыз
тұрған ақ сəлдесінің үлкендігі қара қазандай, жотасы жуан астаудың,
төңкерілген түбі сияқты жап-жалпақ имамға ұйып, еңкейе, тоңқая
құлшылық қып жатыр. Шыңғыс пен Малтабар да осы қалың топтың ішінде
болуға тиісті. Бірақ олар көп адамның арасына батып кеткен, көрінер емес.
Балалар сол қалыптарында ұзақ тұрып қалар ма еді, қайтер еді, – егер,
босағаға жақын тұрған біреу сыбдырларын есітіп, алая қарап «кет!» деген
жекуін көздерімен білдірмесе!..
Ремонттағы медіресенің есіктері жабық. Оның ішін балалар темір торлы
терезелерінен сығалап қана қарады. Бөлмелері кең, терезелері жарық,
төбелері биік.
Ол күн сонымен өтіп, ертеңіне Малтабар қонақтарына заводын көрсетті.
Есіл өзені ол маңайда Қызылжардың батыс жағын орай ағады. Биік жардың
Есіл ағатын өлкесі «Алқап» аталатын кең ойпат. Көктемде Есіл тасығанда
осы ойпатқа су толып теңіз боп кетеді де, су тартыла қалың шалғын
шығып, шабылған кезінде жүздеген мая тұрады. Малтабар осы алқаптың
көлемі кең бір тұсын, жыл сайын қазынадан жалға алады екен де, «жүздік»
шаптырады екен, онысы – «жүз шөмеле шөп» жүздіктің құны, – бір қой.
Толтыра алмағандарға ақша төлемейді, көп адам қарыздар болып қалады
екен де, көпке дейін өтей алмай, жылдан жыл борышқа батумен соры
қайнайды екен. Шөпке ол, қысқа дейін өтпей қалған сауда малын қояды.
Завод сол алқаптағы қалың қара талдың падалы қойнауына орнаған екен.
Мыңдаған пұт майды шыжғыратын, мыңдаған терілерді илейтін заводтың
іші түгіл, маңайы да мұрынға жағымсыз иіс-қоқыс екен. Оған
жолаушылардың бала жақтары түгіл, ересектері де шыдамай, өндіріс
жайларымен сырттай, ауызша ғана танысты. Одан Шоқанның есінде
қалғаны: Алматы, Қапал жағынан сатып алатын құйрықты ту қойлардың əр
бірінің бағасы бір сомның, төңірегінде, ал, Қызылжарда шыжғырып
қазынаға өткізетін тоң майдың бір пұты сексен тиын, шыжғырғанға бір ту
қойдан пұт жарымдай май ағады, сонда қойдың еті мен терісі Малтабарға
тегін түседі. Малтабар күзеп соятын қойлардың жүнінен кигіз бастырып,
ішкі Россияның қалаларына ылаулап жөнелтеді екен.
– Сонда, жылына қанша ылау? – деген сұрауға:
– Көбіне бірер жүз, кей жылдары бірнеше жүз, – деп жауап береді
Малтабар.
– Түсімі?
– Бір кесек кигіз екі қойдың бағасын шығарады...
Осынша шалқып жатқан дəулетті естігеннен кейін, Шыңғыс ақша жағын
ескертіп еді:
– Бұйырғаны болар, – деді Малтабар іркілместен. - Бұл жолы ғана емес,
бұдан кейін де керек болған ақшаны қымсынбай сұрай беріңіз. Осы
дəулетке мені, кешегі хан əжем жетектеп кіргізді.
Малтабардың іші-сырты басқаша. «Түбінде бір керек-ау» деген адамды
ақшамен осылай шырмап қою оның əдетіне айналған. – «Аға сұлтандық
қызметінен түсті» дегенмен, Шыңғысты «тұғырынан біржола түскен»
адамға есептемейді, əлі де «тісі мен тырнағы бүтінге» санап, пайдасы
тиюіне есек-дəмелі. Шоқанға да осы дəмемен қарайды.
Малтабардың сəн-салтанатымен, байлығымен танысып жүрген күндері,
Шоқан оның інісі – Құлтабармен кездесіп қалды. Малтабар үйінен келімді-
кетімді кісілер арылмайды екен. Солардың «тəуір» дегенін Малтабар үйіне
қонақтатады екен де, «былайғы», аталатындарын қора ішіндегі сарайға
орналастырады екен. Шыңғыс келе ол, «оңаша күтетін қасиетті қонағым
бар» деген сылтаумен «тəуір» дегендерді де сарайға тоғытты, Құлтабарға
ол, осы қонақтардың неткен адам екендіктерін білу мақсатымен
араласқанда танысты. Дүнияда ондай адам барын Шоқан əкесінен естіген.
Малтабар жайын баяндаған ол, Шоқанға «сонымен, сол інісі елде қала
берген. Естуімше, əлде де елде болса керек. Бірақ біздің ауылда емес, бала
күнінде үйреніскен ауылы – Байсарының Шөбегіне қайтып барып қоңсы
болған. Дəулеті болмаса керек. Шөбектің жалшы-қоңсыларының бірі болса
керек» деген.
Шыңғыс Шоқанды Қызылжарға ертіп апарған жылы Малтабар қырық
жетіде, Құлтабар қырық бесте екен. Малтабар екі беті шиқандай жап-жас,
сақал-мұрттары қап-қара, ал, Құлтабар қырып жүретін басының қылтан
шаштары – ақ бурыл, ұйыса қалың өскен сақал-мұрты қара бурыл. Оның
киімдері де өте жобалғы жəне көбінің тозығы жеткен екен. Осындай халын
көр Шоқан, тіл тартып:
– Ағаң бай, бұлайша жүдеп жүруіңнің мəні қалай, ақсақал? – десе,
Құлтабар:
– Малды оған да құдай берді. Мені де құдай кедей қылды. Барыма
қанағат, – деп жауап берді.
– Өзі біліп қараспай ма, саған? – дегенге:
– Қараспайды, – деп турасын айтты Құлтабар, – «тышқанға жүн біткен
сайын қалтырауық» дегендей, бұл ағам байыған сайын сараңдана түседі.
Шыңғысты Омбыға Малтабардың өзі апарып салатын болды.
Сыпайылық көрсеткісі келген Шыңғыс:
– Жабдықтарын, көп көрінеді қайтесің, уақыт кетіріп? Бір пар атың мен
бір жігітіңді берсең болады, өзіміз кете барамыз, – деген.
– «Жақсылық қылсаң бүтін қыл» деген. Үйіме əдейілеп кеп түскен соң,
мына тұрған Омбыға апарып салмасам, кім болғаным? Ол жағынан сөз
қозғамаңыз, – деп, Малтабар кесінді сөз айтты. Малтабар Шыңғыссыз да
Омбыға жиі барып жүретін кісі еді. Онда да шаруашылық жұмыстары көп.
«Қызылжардан 180 шақырымы» дейтін Омбыға мықты, жүргіш, күйлі пар
атпен ерте шығып, кеш жете береді. Аттанар алдында Малтабар
Шыңғысқа:
– Тақсыр, əлгі бір «тиын-сиын» жағын құлаққағыс қылған едіңіз, қанша
аласыз? - деп еді, көп ақшаны иемденіп көрмеген байғұс аузын тар ашып:
– Бір жұдырық берсең жетеді ғой, Мəке, – деді.
«Жұдырықтың» «жүз», я «мың» екенін біле алмаған Малтабар:
– Оныңыз қанша? – деді.
Шыңғыстың ойға алғаны – «жүз» еді. «Малтабар да солай түсінген
болар» деп жорыған ол, қайталап сұрауына қарап «көпсінді ме?» деген
түйткілмен:
– Артығын берсең де жетеді – деді.
Онысының «елу», «бес жүз» екенін біле алмаған Малтабар, əрі қарай
арбасқысы келмей:
– Тақсыр, ауылдан кеткеніме көп болды ғой менің мөлшерлей алмай
тұрмын, керек ақшаңыздың цифрын атасаңызшы! – деді.
Малтабардың бұлай егесуінен, «бергісі келмей отыр ма? Əлде аз бергісі
келе ме?» деп ойлаған Шыңғыс, «не болса да тəуекел» деп:
– Елу сом! – деген сөзді қойып қалды. Ол да аз сума емес еді: дыңдай
төрт аттың құны. Малтабарға түк те емес ол. Орыстың саудагерлеріне де
араласып кеткен Малтабар, қысы-жазы біріне-бірі жалғасып жататын
жəрмеңкелерге жиналғанда, «пайдасы тиеді-ау» дегендерді қонаққа
шақыратын, сонда, көбіне он шақты аттың, жүз шақты қойдың құнын төге
салатын.
Шыңғыстың қорғалай соғуын «борышқа батудан қорқуы» деп түсінген
Малтабар, «үнемі сұрай бермес, бір сұрағанда құмықтырып тастайын» деп
ойлады да, алдымен көңілін көншітпек боп:
– Тақсыр, аз ал, көп ал, ешбір борыштығы жоқ. Ол менің хан - əкеме
қарызымды, өтеуім, – деп төс қалтасында бос жүретін ұзынша «көк-
аланың» жап-жаңа екеуін суырды да, жақын отырған Шыңғысқа, еңбектеп
кеп, «мінекей» деп алдына қойды.
«Көк ала» жүз сомдықтар!.. Аса бір ірі сəудегерлер болмаса бұлар
чиновниктер түгіл, анау-мынау уақ саудагерлердің де қалталарына
түспейді... Екі жүз сом!.. Жиырма шақты жақсы аттардың құны!.. Мұншама
атты кімге кім сыйға тартқан?!. Неше жыл аға сұлтан боп елді билегенде,
кейде «соғым» деп, кейде «сый» деп пара ұсынғандар да бірер жылқыдан
артық бермейтін. Мынау – жиырма ат!
Алдына тастаған көк-алаларды бас салуға ұялған Шыңғыс, сытырлаған
жаңа қағаздарды көргенде, қазақтың бұл не деген батпан құйрық, далада
тегін жатқан құй деген мақалын еске түсірді. Мақалдың шығу тарихын
қазақтар былайша баяндайды, əлдене елде, əлдеқайдағы қасқырлар, əлдене
ауылдың, қойларына дамыл бермей, шығынға ұшыратады да жүреді,
мазасы кеткен ауылдар қойдың май құйрығына у себеді де, қасқырлар
жататын апанның төңірегіне тастанды, ұялы қасқыр ішінен, жортуылға ең
алдымен ана қаншықтың шығатыны белгілі, күндіз апанында ұйықтайтын
сондай қаншық қызыл іңірде жортуылға кетпек боп шыға келсе, мұрнына
шикі майдың исі сезіледі; тіміскілей барса, қойдың кетпектей май
құйрығы!.. Сонда, ақылды қасқыр «бұл не деген батпан құйрық, далада
тегін жатқан құйрық?!» деп күдіктенеді де жемей кетеді...
Ол – қасқыр. Шыңғыс – адам. Мынау – екі көк-ала да сол құйрық
сияқты, алдына тегін келіп түсті. Неге?!.. Не үшін?!..
Осындай оймен кідіріп қалған Шыңғысқа:
– Алыңыз, тақсыр! Борыш-қарышы жоқ! – деді, еңбектеп келген
қалпынан əлі шегінбей, жүресінен шөккен Малтабар.
Шыңғыс көздерін мөлие тіккен Малтабарға рахмет айтты да, ақшаны
қалтасына салды. Олар кешікпей пəуескеге жеккен бір пар атпен
тарантасқа жалғыз жеккен атпен жолға шықты. Пəуескеге – Шыңғыс,
Шоқан, Григорий жəне атшы – төртеуі отырды. Жеке тарантасқа
Малтабардың жалғыз өзі отырды. Григорийдің Шоқанмен дос болуына көзі
жеткен Шыңғыс, «Гриша бізбен барар» деп, кеше Николай Ильичті үйіне
қайырған.
Қызылжардан ерте шығып, кешке баратын Омбыға, бұлар төрт-бес
күнде əрең жетті. «Жолдыөзек» аталатын жолшыбайғы ұзын сайдың өн
бойы Керей руының «Сақал» аталатын бұтағымен, Уақ руының «Шоға»
аталатын бұтағына қарайтын ауылдарға тұнып отыр екен. Əкімшілік
жағынан бұлар Көкшетау дуанына қарайды. Оның аға сұлтаны, – Атығай
руының Андағұл аталатын бұтағынан шыққан – Зілғара. Ол аға
сұлтандықты Абылай тұқымынан тартып алған. Одан жапа шеккен ел Уəлі
заманын, Айғаным заманын көксейтін еді. «Ел құлағы елу» дегендей,
Шыңғыстың Құсмұрындағы аға сұлтандығынан түскенін, Омбыға келе
жатқанын бұл елдер де естіп отырған. Өсекшілер осы хабарға өз
жандарынан сөз қосып, «Құсмұрын дуаны енді жойылып, елі Көкшетау
дуанына қосылады дейді, біріккен дуандардың бастығы Шыңғыс болады
дейді» деген қауесет таратқан. Кім билесе жеңіл боларын білмейтін халық,
«Шыңғыс Зілғарадан тəуір болар ма» деген дəмемен, біріне-бірі
хабарласып, оны жолшыбай күтіп жібермеу қамында отырған.
Күтім көрген Шыңғыстың басы, Омбыға барғаннан кейінгі күні не
боларын ойлаумен қатуда. «Екі дуан бірігеді - мыс, аға султаны Шыңғыс
болады-мыс» деген қауесетті оның да құлағы шалады. Бірақ ресми сөз əлі
жоқ. «Жел болмаса шөп басы қимылдамайды» дейді қазақ. Төркінсіз болса
қайдан шығады бұл сөз?!.. Шыңғыстың арманы, – қауесеттің шын болуы.
«Ылайымда солай болғай» деп ол екі аруақ, бір құдайға сыйынуда.
Ал, Шоқан ше?
Шыңғыстан көз таса жерде, оның ермегі Григорийден орыс тілін, орыс
сабағын үйрену. Ол Омбыға жеткенше орыс əліппесін түгел меңгеріп,
былдырақтатса да орысша сөздердің басын құрап, бірдемелерді
ұғындырарлық болып қалды. Ойын есебінде ермек қып жүрген бұл оқуды
Шоқанның осынша тез қағып алуына Григорий таң-тамаша!.. Ол «мына
қалпымен оқу шыдатпас!» деген ойда. Өз ара шарттары: оқумен бұлай
шұғылдануларын өздерінен басқа жан адам сезбеуге тиіс.
Басы оқудан бос шақтағы ойы, – туған ауылынан осы сапарға
шыққаннан бергі көрген-білгені. Соларын шамалап байқаса, бұл жолғы
көргендерінің қасында, таудың қасындағы төмпешікке ұқсайды.
Есін білгелі бауырында өскенмен, əкесін де ол, осы сапарда ғана еркін
таныған сияқты. «Тышқанға мысықтан күшті аң жоқ» дегендей, ауыл
арасында дүрдиіп жүретін ол, мына сапарда пыштай. Оны балықшылар
қаласындағы Керала да басынды... Ыстаптағы Күлеміс те басынды...
Қабанда Сатыбалды шоқынды да басынды... Енді, міне, Қызылжарға келе,
ол Малтабардың құлы сияқты боп, жатса да айтары – Малтеке, тұрса да
айтары – Малтеке, қымс етсе – «Малтеке» де, «Малтеке!...»
Басында дəурен тұрған шақта, естіп пе еді Шыңғыс?!.. Жалшы-
жақыбайлар, саудагер-маудагерлер былай тұрсын, «қас батыр, қайран
жақсы» дейтіндердің талайын менсінуші ме еді?.. Ондайлардың талайы,
еркінсіп қасына келу түгіл, тіл қату түгіл, ол отырған үйге, өзі ұлықсат
етпей басын сұға алушы ма еді?.. Өзін «хан тұқымымын», «ақ сүйекпін»
дейтін Шыңғыс, қара сүйектен, яғни қазақтан шыққанның «атақты биі»,
«ірі бай» дегендерімен жанасқанда, іштей менсінбей отырып, сырты ғана
жылтырайтын, Бір сəтте, Орынбордың, бергі бетіндегі қазақтарды түгел
билеп аға сұлтан боп жүрген Ахмет Жантуринмен оңаша кеңесіп отырып,
Шыңғыстың:
– Амал жоқ есептесеміз де, қара сүйектен шыққан «жақсы-жайсаң»
дегендермен! Əйтпесе ақ сүйек – біздің теңіміз бе олар?! Əттең, не керек,
хандық дəуіріміз жоқ, əйтпесе, мен оларды бір тарынын, қауызына
сыйғызар ем! – дегенін Шоқан құлағымен естіген.
«Ақыр байдың түбі аштан өледі» дегендей, менменсіп жүретін Шыңғыс,
міне енді, ақырында өзі бір тарының қауызына сыйғандай болып келеді:
сұлтандықтан түсті, «дəулет» дегені мал ғана, онысы да көп емес,
жылқыдан төрт - бес жүздей ғана, қойы мыңға жетпейді, көштен артылар
түйесі де жоқ. «Мал бір жұттық» дегендей, тұяғынан жайылып күн көріп
жүрген бұл малдары бір жұтта қырылып қалса, «кедейліктің тақырына
отырды» деген сол болады. Тіпті жұтамаған күннің өзінде, қаншаға
шыдайды ол мал? Малтабардың есебімен қарағанда, оның бір базардан
түсіретін пайдасының жүзден біріндей-ақ сияқты. Ақша – Шыңғыста жоқ.
Ақша!.. Оның қымбаттылығын Шоқан өмірінде бірінші рет осы сапарда
көрді. «Нағыз қымбат, жұтамайтын қымбат ақша екен ғой!» деген
қорытындыға келді Шоқан. Қазақтың «талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса
қалтаңда» деген мақалының рас екендігіне көзі осы сапарда ғана жетті.
Бірақ, бұл «қымбат» əкесіне жеткізбейтін аң сияқты. Сонда, қалай күн
көреді ол байғұс?!..
«Əкесіне жеткізбейді» деген байлықты, əсіресе – Малтабардың
байлығын ойлай тұра, Шоқан «кедейлік» деген сөздің, үстіне қонып,
тұғырда қалғыған үкідей, кезін тарс жұмған күйде, үн-түнсіз отырып
қалады.
Ауыл кедейі оған есін білгеннен бері мəлім. Əсіресе, – хан тұқымына
тəуелді –қарашылардан. «Ең сорлылар осылар шығар» деп жүргенде,
алдынан балықшылар кездесті. Қарашыларда қара да болса, жыртық та
болса «өзімдікі» деген баспана бар, əр семьяның өзіндік қуысы бар,
əркімнің азды-көпті өзіндік жолы бар. Балықшыларда олардың бірі де жоқ.
Балықшылардың баспанасы – қамыстан үлкенді-кішілі ғып жасаған қостар.
Жаз ептеп-септеп тұрар, оларда. Ал, күн суытқанда ше? Қысқы күндерде
ше? (Бұндай күндерде қайтетіндерін Шоқан балықшылардан сұрамапты).
Сондай баспаналарын бұлар өртеп кетті!.. Енді қайтпек, балықшылар?..
Күн көрісін де көрді Шоқан, олардың көліктері - қайықтары, желісі мен
көгені - аулары, бағатын малдары -судағы балықтар, олар айғайға көніп,
айдауға жүре ме? Сондай халдегі балықшыларды, олардың мекендері
өртелуін, Таңатардың үйін, оның өзі атын қойған кішкене Шоқанын еске
түсіргенде, Шоқанның басы дыңылдап, миы айналып кетті...
Байлар мен кедейлердің тұрмыстарын салыстыра келгенде, Шоққанның
есіне Ыстаптағы Тілеміс пен Күлеміс, Қызылжардағы Малтабар мен
Құлтабар түседі. Қызылжарға жеткенше, «ағасына қараспайды екен» деп
Тілемісті сөккен Шоқан, Қызылжарға келіп Малтабар мен Құлтабарды
көргеннен кейін сөкпейтін болды. «Тілемістің өзінен артылары аз екен, -
деп ойлады ол, ал, Малтабардың байлығы ағыл-тегіл ғой? Түгі де кетпейді
ғой, кедей інісіне мол тұрарлық əл-ауқат жасап берсе? Өйтпейтіні несі
мұның? Тас бауырлық па? Дүние қоңыздық па?» Қайсысы екенін Шоқан
ойлап таба алмайды.
Шоқанның Жаманқұл ақыннан естуінше, қазақ халқының ертерек
кезінде, Асан қайғы деген адамы болған. Ол халқына жақсылық іздеп,
«Желмаясына» мінген де, «Жерұйықты» іздеген... Таба алмаған.
Жортуылдан қалжыраған ол үйіне қайтқан да, қайғылы сөздерін соға
берген... Сонда, адам түгіл, басқа мақлұқаттардың қамын қайғырып,
құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ,
жылан қайтіп күн көрер!» деген екен. Сол айтқандай тіршілігі нашар
адамдардың хал-жайын ойлағанда, Шоқан да сары уайымға түседі, бірақ
Асан қайғы сияқты, оның да ойы əлдене тұманға сүңгіп, өзгені көру түгіл,
өзі де жоғалып кетеді...
Міне, осындай ойлардың үстінде, олар Омбыға да таялып қалды.
«Омбы» аталатын өзеннің Ертіске құятын жеріне қаланың іргесі 1716
жылдың күзінде қаланған. Шоқан барған кезде, Құйылыстың солтүстік жақ
биік жарының үстінде ғана еді. Кейін Омбы өзенінің оңтүстік жағындағы
ойпатына орнаған. Қазір қаланың ең үлкен бөлімі болып кеткен жағы ол
кезде жоқ. Бары - сол ойпатта, Омбы мен Ертіс түйіскен тұста Кадет
корпусына арналып сол жылғы көктемде ғана салынып біткен, көлемі екі
орамдай жерді тұтас қамтыған, сыртын ақпен сылаған, төрт этажды ұзын
үймен, соның қажетіне арналған құрылыстар. Октябрь революциясына
дейін Кадет корпусы аталып келген бұл үйге, совет заманында жаяу
əскерлерге қызыл командирлер даярлайтын школа орнаған. Қазір онда, М.
В. Фрунзе атындағы қызыл тулы училище.
Қызылжар жағы «Жолдыөзектің ойпаты» болып келетін бұл беттен,
Омбы қаласының дөңестегі бөлімі тіпті жырақтан көрінуші еді. Əсіресе,
дөңнің жар қабағына орнаған, көлемі кең, əр бұрышында қарауылдық
мұнаралары бар қамал. Қарағайдан қиылған қамалдың қабырғалары биік,
үші істік, мұнаралары сорайған ұзын. Қамалдың қорасындағы кішірек
шіркеу, биік жардың басынан тіпті сорайып көрінеді.
Бұл қаланы жақсы білетін Григорий Потанин, қамал мұнараларының
басы, шіркеудің кірешті күмбезі көзіне шалына бастаған кезде:
– Əне, Омбы! – деді, қалғыңқырап келе жатқан Шоқанға.
– Кəне? – деді ол жұмылып келе жатқан көздерін ашып ап.
– Анау! – деп Григорий Шоқанға қолымен сорайған биіктерді нұсқады.
– Ол не? – деді, көзі мұнараларды шалған Шоқан.
– Крепость.
– Ол не?
Григорий крепость қазақша не деуін таба алмай:
– Кісі қамайтын жер, – деді.
– Кісі?!
– Ие.
– Кісі қамайтын жер бола ма? – деді, бұған дейін ондай сөзді естімеген,
сондықтан мəні не екенін білмейтін Шоқан.
– Болады.
Ар жағын Шыңғыс айтқызбады. Крепостін не нəрсе екенін, оған қандай
кісілер қамалатынын жақсы білетін Шыңғыс, Григорийдің Шоқанға ол
жəйді түсіндіруін ұнатпады, сондықтан сөзін бөліп, баласының құмарын
қоздыра түсу ниетімен:
– Шіркін, Омбы, жақсысың-ау!.. Тамашасың-ау! – деп, көруге аңсап
жатқандай, демін соза алды.
Бұған дейін де көруге ынтығып келе жатқан Омбы қаласына, Шоқан
енді тіпті құмарта түсті.
|