АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет23/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

ашты.  Бұл  үйге  қамалған  қара  шыбында  қисап  болмайтын.  Олар  қара

көлеңкеде құрым кигіздің қуыстарына тығылып отыратын да, жарық түссе-

ақ ду көтерілетін.

Қазір де сөйтті. Қонақтар үйге басын сұққан шақта, жарық көрген қара

шыбындар  ду  ете  түсіп,  түп-түгел  ұшқан  еді  де,  құрым  үйдің  ішіне  лық

тола сапырылысқан еді, бəрі үн қоса ызыңдағандықтан, дауыстары құлақты

керең қылатын. Онымен қоймай, үйге кірген адамдардың үстіне жапырлай

қонып, дем тартқан ауыздары мен мұрындарына кіре бастаған соң, сыртқа

қашып шықты. Көмекейіне кетіп қалған бірер шыбынды қақырып түсірмек

болған  Шыңғыстың  жүрегі  айнып  құсты.  Құспағанмен,  Шоқан  да  лоқсып,

көгалға етбетінен жата кетті. Бұл кезде ағалы-інілі Сапақовтар, Шыңғыстан

оңашаланыңқырап,  ақырын,  бірақ  зілді  үнмен  кикілжіңдесіп  тұр  еді:

Тілеміс  Күлеміске  «кірмейтін  үйге  кіргізесің!»  деп,  Күлеміс  Тілемесіке

«барым осы болса қайтпекпін?» деп.

Сол  жанжал  ұлғайып  кетер  ме  еді,  қайтер  еді,  егер  жылудан  толған

қапшықты арқалап Ұлту оның артын шала, қатарласа жарысқан Тілемістің

үлкен ұлы – Ташат пен Күлемістің кіші ұлы – Данияр келе қалмаса. Бүтін

көйлек-жаулығы  бола  тұра,  қаладан  жылу  жинарда,  орыстардың  көзіне

сорлы көріну үшін, Ұлту үстіне əдейі əрі кір, əрі жыртық көйлек-жаулығын

ілетін.  Жат-жарадан  кісі  боларын  білмей,  осы  қалпымен  жетіп  келгенде,

Шыңғыстан  ұялғаннан  Тілеміс  жерге  кіріп  кете  жаздады.  Ойда  жоқта,


алдынан  əдемі  киімді,  алтын  иық  қазақ  төресі  кезіге  кеткенде,  Ұлту  да

сасып  қап,  арқалаған  қапшығын  үйдің  тасасына  тастай  берді  де,  үйге  сып

беріп кіріп кетті.

Ташат  пен  Данияр  үй  маңында  жолаушылар  барын,  олардың  кім  екенін

біліп  кеп  тұр.  «Төре  Шыңғыс  келеді,  баласымен  келеді»  деген  хабарды,

Шоқанмен жасты Ташат əкесінен əлдеқашан естіген. «Төре» дегеннен оның

ұғары  –  ел  басқару  қызметіндегілер,  ондайлардан  əзірге  көргендері  –

орыстар.  «Қазақтан  да  төре  болады»  дегенді  ол  таңырқай  тыңдайтын  да,

көруге құмартатын еді. «Баласымен келді» дегенге, «төренің баласы қандай

болады екен?» деп те ойлап қойған ол.

Күймелі  арбамен  көшеден  өтіп  бара  жатқан  Шыңғысты  көріп,  Тілеміс

соңынан  атқа  міне  қуғанда,  Ташат  пен  Данияр  бір  топ  орыс  баласымен

сиырдың  асықтары  мен  бақайшақтарынан  жасалған  топай  ойынының

үстінде еді. Орыс арасында туып, орыс арасында өскен Ташат та, одан екі

жас  кіші  –  Данияр  да,  орыстың  тілін  орыс  балаларынан  кем  білмейтін.

Оның  үстіне  Ташатты  əкесі  орыс  сабағына  беріп,  зиректік  жағынан

алдыңғы

қатардағы

балалардың

қатарына

қосылатын.

Оған


жаратылысындағы  пысықтығы  мен  өткірлігі  қосылып,  станицадағы

балалардың «атаманы» аталған. Даниярды «шоқынып кетеді» деп, ескішіл

Күлеміс  орыс  оқуына  бермеген.  Сонда  да  оның  орыс  тіліне  жетіктігі

Ташаттан  кем  емес.  Данияр  мінез  жағынан  салмақты,  ақылды  бала.  Төре

келуін,  қасында  баласы  барын  ол  Ташаттан  естіген.  Тілеміс  атқа  міне

шапқанда  екі  бала  артынан  ере  жүгірді  де,  үйге  Ұлту  барған  кезде  жетті.

Бұл кезде Шыңғыс та, Шоқан да жатқан жерлерінен тік түре келісті.

Əскерше киінген, жарқылдағы көп Шыңғысқа таңдана қараған балалар,

қалашалау  киініп  қасында  тылтия  қалған  Шоқанға  назарларын  көбірек

аударды.  Былай  да  тəкаппарсып  жүретін  Шоқан,  өзімен  тұстас  балаларды

керсе  тіпті  кердеңдей  қалатын  еді.  Сол  қалпына  бағып,  көздерін  тіккен

Ташат  пен  Даниярға  «неменеге  таңданасыңдар?»  дегендей  қабағын  түйді.

Одан  əрі  де  айбат  шегер  ме  еді,  қайтер  еді,  егер  көңілін  Тілемістің

Шыңғысқа:

– Кəне, жүрейік төрем! – деген даусы бөліп жібермесе.

– Қайда? – деді Шыңғыс.

– Біздің үйге.

– Қайда еді ол?

– Қалада.

Шыңғыс ризашылық білдіргендей, күймесіне беттеуге ыңғайланған:

–  Сабыр,  төрем!  –  деді  Күлеміс,  –  «қуыс  үйден  құр  шықпа»  деген  сөзі


бар ғой, аталарымыздың? Дəм тат.

«Қайда?»  дегендей  Шыңғысқа,  енді  «үйге  кір»  деуді  ыңғайсызданған

Күлеміс, есік алдында жатқан жуан түбірді нұсқады да:

– Анаған отыра тұр, мен дəм алып шығайын, – деді.

Шыңғыс түбірге отырды да, «не дəм əкелер екен?» деген ойдағы Шоқан,

əкесінің иығына сүйеніп түрегеп тұрды. Əлден уақытта, қайыңның безінен

өзі  ойып  жасаған,  түбі  шұңғыл  үлкен  аяққа  мөймілдеген  əлдене  сұйықты

толтыра құйып Күлеміс шықты. Ол Шыңғысқа сөйлене жақындап:

–  Көже,  төрем.  Тары  көже.  Жалғыз  сиырдың  сүтін  қатамыз  да,  сусын

қыламыз.  Қонсаң  сойып  беретін  мал  да  табам.  Қазір  ата  –  асымыз,  осы

көжеден басқа дəміміз жоқ, – деп аяғын ұсынды.

Ашқылтым  иісі  бұрқыраған  көженің  түсі  қарабурыл  екен.  Шөлдеп

отырған  Шыңғыс,  əуелі  дəмін  татайын  деп  ернін  тигізіп  көрсе,  тəттілігі

тілді  үйіріп  барады.  Содаң  кейін  құныға  жұтқан  көжені,  басына  қалай

көтере салғанын аңғармай да қалды. Аңғарғаны, – іші-бауырын аралап бара

жатқан  көжеден  жаны  рахат  тауып,  сусыны  қанғандықтан,  тұла  бойы

жіпсіп қоя берді, маңдай тері сорғалап кетті.

Əкесінің  бұл  рахатын  айтпай  сезгендей,  өзі  де  сусап  тұрған  Шоқанның

аузынан сілекейі шұбыра қалды. Сондықтан Күлемістің:

– Балам, саған ше? – деген сұрауына;

– Əкеліңіз! – деген сап – берме, жауап қайырды.

Орталау  ғып  əкелген  аяқты  ол  да  қотара  сап,  жаны  жайлана  қалған

сезімін жасыра алмай:

– Мынада екен ғой, құдайдың рахаты! – деп жіберді.

–  Маған  да!  –  деп  дыбыс  берді,  көше  кеңесін  естіп  тұрған  Аба  бері

беттеп.


– Сен үйге кіріп іш! – деді оған Күлеміс.

Ол да үйден қанып шықты.

Сусағанда таңдайына салып сорар пилюлясы бар Драгомиров, «сіз ше?»

деп  шақырғанға  рахмет  айтты  да  келген  жоқ.  Аттанар  алдында,  Тілеміс

ағасына сыбырлап:

– Жеңешем екеуің келіп қонақ күтісіңдер, – деді.

–  Мақұл,  –  деді,  Шыңғыстың  көжені  шіміркенбей  ішуіне  риза  болған


Күлеміс.

Атына  мінген  Тілеміс,  арбасына  отырған  жолаушыларды  бастай

жөнелді.  Қай  тəтемен  жүгіргендерін  кім  білсін,  Ташат  пен  Данияр  да

Тілемістің пəтер үйіне аттылармен қарбалас жетті.

Күтініп  тұрған  Тілемістің  қораға  қамаған  семіз  сарығын  қасап  Күлеміс

ілезде сойып, мүшелеп, ішек-қарнын Ұлту тез аршып, ет асылып та қалды,

самауыр  қойылып,  бауырсақ  пісіріліп,  шай  да  тез  даярланды.  Ас

даярлығының  үстінде  Шыңғыстың  байқағаны,  «ағама  жеңгем  сай»

дегендей,  Тілемістің  қызыл  шырайлы  əдемі  кескінді,  семізше  жинақты

денелі əйелі - Қырмызы, жүрісті байталдай қимылдары шапшаң, алдынан іс

үркіп  жататын  адам  екен.  Əркімдермен  ара-тұра  тіл  қағысып  қалуына

қарағанда,  орысшаға  да  ағып  тұр.  Сұлу  ұрғашы  ұшыраса,  қызыл  көрген

қаршығадай  мойны  қылқадай  қалатын  Шыңғыс,  көздері  жаудырап,  реті

келсе қона түсуге əзір сияқтанып отыр.

Шоқанның  ермегі  басқаша.  Ол  Тілемістің  пəтеріне  келе,  арттарынан

қуып жеткен Ташат пен Даниярға танысып, тез үйір бола кетті. «Бір таудың

текесі»  дегендей.  Ыстаптағы  балалардың  бір  жүйесіне  «атаман»  болып

өскен  Ташат  төре  баласының  əу-жайын  байқағаннан  кейін  дағдылы

менмендігіне  басып,  ырқына  көше  қойған  жоқ.  Өйтпегенде  ше?..  Жас

жағынан екеуі құрдас бола тұра, денесі Шоқаннан ірілеу де, сомдау да екен,

кескін-кейпі  де  одан  сұлу.  Шоқан  бозамықтау,  Ташат  шешесі  сияқты

бетінен қаны тамған қып-қызыл; Ташат орыс тіліне жетік. Шоқан хабарсыз.

Осындай  жақтардан  өзін  Шоқаннан  артықпын  деп  санаған  Ташат,  асық

ойнауға  кірісерде  Шоқанмен  ілінісіп  қалды.  Бұндай  ойын  алдында  сақа

соғыстыру барын, кімнің сақасы алшы түссе, кеней атуды сол бастайтынын

білеміз.  Ташаттық  кенейлері  сиырдың  бақайынан,  сақасы  асығынан  екені

бізге мəлім.

Сақаларды  ең  алдымен  соғыстыру  жолы  қонақ  болғандықтан  Шоқанға

келді. Сақа үшеу: Ташаттікі, Даниярдікі Шоқанның таңдап алғаны.

Сиырдың асығынан шіге жағы майдаланып жасаған добалдай үш үлкен

сақа,  Шоқанның  жіңішке,  нəзік  алақанына  сыймады  ма,  немене,  ол  оң

қолына  ұстаған  сақаларды,  құлаштай  үйіріп,  «қожыр-қожыр  тəйкем  соқ!»

деп жерді тастай беріп еді, Ташаттың сары сақасы алшысынан, Даниярдың

қоңыр  ала  сақасы  бүгесінен,  Шоқанның  күреңі  түсті.  Ендеше,  ату  жолы  –

Ташаттікі. Ол сөйтпек болып еді:

– Жоқ, мен атам, – деді Шоқан.

– Неге, сен атасың? – деді Ташат. – Алшы түскен менікі ғой?

– Рас..


– Ендеше не дауың бар.

– Менікі ойыма түсті. Мен бұрын атам.

– Ондай ойын жоқ қой.

– Бар.

– Бізде жоқ.



– Бəрібір, мен атам.

– Неге?


– «Атам» деген соң, атам.

– Кіммін деп? (Шоқан жауап бермеді). Төремін деп пе?

– Десем не қылмақсың? – деді. Шоқанның ерегіскіштігі ұстап кетіп.

– С... мен, ондай төрелігіңді! – деді, ашу керней қалған Ташат.

Сол секундте жалаңаш тақыр басының шекесіне ауыр қалайша сарт ете

түскенін  Ташат  аңдамай  да  қалды.  Есі  ауытқыған  ол,  айнала  беріп  ұшып

түсті. Данияр бар даусымен, «ойбай не болды?!» деді де, құлаған Ташатты

құшақтай алды.

Даниярдық ащы даусына, терезесі ашық үйдегілер елеңдей қалғанда:

– Өлді! – деген даусы естілді Даниярдың.

–  Не  дейді?!  –  деп  орнынан  ұша  түрегелген  Тілеміс,  үйден  жүгіре

шығып,  дауыс  естілген  тұсқа  барса,  аузынан  көбік  ақтарылған  Ташаттың

былқылдаған басын, Данияр тізесіне сүйей құшақтап отыр!..

– Не болды?! – деп сасқалақтаған Тілеміске:

– Өлтірді, ойбай! – деп жылап қоя берді Данияр.

– Кім?!..

– Əлгі төре бала! – деді Данияр, Шоқанның аты аузына түспей.

– Немен?!.. Қалай?..

– Сақамен.

– Қай жеріне?

– Мына жеріне, – деп көрсеткен Ташаттың шекесін Тілеміс сипап көрсе,

жұдырықтай болып ісіп кеткен, ісіктің үсті жылымшы қан!..



–  Ойбай-ай,  əкеңнің  аузын...  қанішер  хан  тұқымы-ай,  түбімізге  жеткен

екен ғой! – деп Тілеміс құшақтай алғанда Ташат ыңырсыды.

– Жаны бар екен ғой! – деді.

Əлгі  сөздердің  бəрін  естіген  Ташат  жатқан  жерге  жүгіріп  келген

Шыңғыс  –  «үйге  апарайық!»  деді.  Сол  араға  шуласа,  біреулері  жылай

келген жұрт бірталай болды. Драгомиров те бірге келген еді. Ол Ташаттың

тамырын ұстап көрді де:

–  Соғуы  жаман  емес.  Бұған  тиыштық  керек.  Шуламаңдар.  Дəрігер

шақыру  керек.  Оған  дейін  осы  арадан  қозғамаңдар.  Төсеніш  салыңдар,  –

деді.


«Тірі дегенге көңілі көншігендей болған жұрт, шуын доғарды. Ташаттың

астына  көрпе,  басына  жастық  салынды.  Біреу  салт  атпен  əскерлік  емшіге

шапты.  «Ол  келгенше»  деп,  Драгомиров  күймедегі  саквояжын  ашты  да,

спирт  құтысының  түбінде  қалған  жұғынын  ақ  шүберекке  малшып,

Ташаттың  жаралы  шекесіне  басты.  Еті  ашынған  бала  ыңырси  түсті,  ол

дыбыстан, жұрттың қашқан құты жинала түсті.

Олардың есіне Шоқан сонда ғана түсті. Біреулер:

– Сол қанішер бала қайда өзі? – десті.

– Бəсе, қайда? – деді барлығы.

Мана, осы оқиға басталғанда, күймеге қашып барған оны, соның ішінде

дамылдап  жатқан  Аба,  қораның  əлдеқайдағы  бұрышына  үйілген  ескі

сабанның  астына  тығып  қойған  еді.  Ол  Ташат  пен  Шоқанның  сөздерін  де

естіп  жатқан,  қимылдарын  да  көріп  жатқан.  Егер  Ташат  өлсе,  бұл  үйден

тұра  қашпақ  боп,  мініп  келген  екі  атты  да  қолайлы  жерге  байлап  қойған.

Оның ойынша, егер Ташат өлсе туыстары Шоқанды да өлтіреді.

Ешқайдан  табылмаған  Шоқанды,  «əлдекім  өлтіріп,  белгісіз  жерге  тыға

салды  ма»  деп  қауіптенген  Шыңғысқа  бір  қаға  берісте  хал-жайды  айтты.

Оның көңілі көншігендей болды. Ендігі ойы– «əліптің артын бағу».

Дыбысына,  қимылына  қарағанда,  Ташаттың  беті  бері  қараған  сияқты.

Бірақ,  одан  қайғы  -уайым  кеміген  жоқ.  Тілемістің  қайғысы-зақымы  ауыр

боп,  баласы  əрі  салғанда,  өліп  қала  ма,  бері  салғанда  –  кемтар  боп  қала

ма?!.  Шыңғыстың  уайымы  –  аттанып  кету  ұят,  мүмкін  жібермеулері,

аттанбай отырудың лайығы да, сəні де жоқ!..

Олар сол қалыппен сенделді де отырды. Емші табылмады. Ол əлдеқайда

кетіп қалған. Енді не істеу керек?

Бір  мезетте  Шоқан  тығылған  жақтан  шу  шыға  қалды.  Жұрт  жүгіріп

барса,  Күлеміс  тіміскілеп  жүріп  Шоқанды  тауып  алған  екен  де,


қылғындырып өлтіргелі жатқанда Аба бар, тағы біреулер бар, əрең айырып

алған  екен.  Долдануы  үдей  түскен  Күлеміс,  «жібер,  өлтірем,  қасқырдың

бөлтірігін» деп ұстаған адамдардың арасында бұлқынып тұр екен. Өзі хан

тұқымының түп-тұқиянынан түк тастамай сыбай боқтап, еңіреп жылап тұр.

Сол  күйінде  қасына  келген  Шыңғыс  басу  айтайын  деп  еді,  Күлеміс

бəсеңдеу орнына үдеп кетіп:

– Хан болмақ  түгіл құдай болсаң  да, көзіме көрінбей  тез аттан, əкеңнің

аузын... – деп боқтап жіберді.

Шыңғыстың  берекесі  енді  тіпті  кетті.  Əлгінде,  жүріп  кету  жағын

ескерткенде:

–  Асықпа,  төрем,  –  деген  Тілеміс,  ішінен  күйіне  отыра,  сыртынан

сабырлымсып,  –  ажалы  болса  өлер,  бала,  əйтпесе,  құдай  сақтар.  Өзіңе

арналған қонағасыңды жеп аттан.

Тілемістің  олай  деудегі  бір  ойы  –  «балам  не  болар  екен»  дегендік  еді.

Егер өлер болса, қанды қанмен жуып, Шоқанды тірі жібермек емес.

Шоқан табылып, жұрт оны Күлемістен арашалағаннан кейін, есін еркін

жиған Ташат үйіне кіргізілді. Бірақ, онымен тиыштық табылған жоқ. Басы

көнектей  боп  ісіп  кеткен  Ташаттың  ыңқылы,  аунақшуы  күшейді.

Біреулердін,  ақылымен  оның  жарасына  қойдық  шикі  құйрығы  тартылды.

Ақыры,  солай  арпалысып  жатып,  бір  мезетте  қалғыды.  Не  қалғу  екенін

жұрт біле алмады: қалжырауы ма, тишығуы ма?!

«Ішкені  –  ірің,  жегені  –  желім  болған»  жолаушылар,  ұзақ  түнді  көрер

көзімен атқарды да, Ыстаптағы жəмшіктен алған ылаумен, таң біліне жүріп

кетті. Шыңғыс Тілеміске соққан мақсатына жете алған жоқ. «Жоны қашқан

итке  сүйек  жуымайды»  деген  осы  да!»  деп  кейіді  ол  ішінен.  Сонымен

қатар,  көңіліне  медеу  болғаны  –  Ташаттың  тірі  қап,  түн  бойына  жақсы

ұйықтап шығуы. Ол өліп қалса қайтер еді?!.

Үйінен бұл сапарға аттанғанда, Шыңғыстың Есенейге қарсы іске асыра

жүргісі келген бірталай жоспары бар еді, солардың бірі, – Тілеміспен ауыз

біріктіру  еді,  оның  сəті  түспеді.  Одан  кейінгі  соққысы  келгені,  «Қабан

аталатын  станицада  тұрады»  деген  Сатыбалды  шоқынды.  Тілеміс  тралы

ойын  қырсық  шалғаннан  кейін,  Сатыбалдыға  соғу  –  соқпауын,  бірі  –

Капитанға  Құтырлаған  арқылы  кететін,  біреуі  –  Қабан  мен  Қорғанскей

арқылы  кететін  екі  жолдың  айырымына  жеткенше  Шыңғыс  шеше  алған

жоқ.  Ыстаптың  жəмшік  айдаған  шалдау  адамы,  акценті  орысша  бола  тұра

қазақшаға  судай  екен.  Ол  көп  жыл  бойына  Имантау  станицасында  солдат

болып  қызмет  атқарған,  сонда  Сырымбеттегі  хан  тұқымдарымен,  олардың

ішінде  –  Айғаныммен  əкей-үкей  болған  кісі  екен.  Шыңғыстың  кім  екенін

естіген ол, ат жегерден бұрын өзін таныстырып:

–  Сенікі  атай,  əжей,  Сартай,  Апдильда  бəрімен  біз  тамыр  болған,  ох,



қандай жақсы болған олар!.. Алтын адамдар! Бызбен вроде – ағайын!.. Мен

барғанда, қымыз, қатық, сүр, бəрі даяр болған, ox, орданікі тамақ цик тəтті

еді, ех!.. – деп басын шайқап, көзіне жас алған. Аттар жегілгеннен кейін:

– Ал, қайда Чингиз Валиевич? – деп сұрағанда:

– Капитанға қарай, – деген Шыңғыс.

– Айырына жетерде айтармын, – деген.

Даңғыл  жол  екіге  айрылар  тұста,  шал  үсті  кең  тірəшпанға  пар  жеккен

аттардың  басын  тежеп,  қай  жол  қайда  апарарын,  қайсысына  түсерін

сұраған.  Кіркөйлек  жолы  оң  жақтағы  саянға  қарай  ойысады  екен,  Қабан

жолы сол жақтағы қырқаға өскен орманды жиектеп кетеді екен.

– Солға! – деді Шыңғыс, Сатыбалды шоқындыға соғар көңілі сол арада

бекіп.


Шал  ылауға  кеп  жегіліп  қырсау  болған  жалқау  жүрісте  аттардың  бетін

Қабан жаққа бұрды да, кендірден жасалған жуан шыбыртқымен жондарына

осып-осып жіберді. Таяқ еткен аттар тайраңдай жөнелді.

Олар  солай  бара  берсін,  біз  оқырман  көпшілікке  Сатыбалды

шоқындының  кім  екенін  баяндай  тұрайық.  Ол  Керей  руындағы  Сибан

тайпасына  жатады.  Оның  ішінде  -  Жайылғақ  тұқымының  адамы.  Əкесі

Мақыбай  –  кедей,  бірақ,  пысық  болған  жігіт  екен.  Бір  сəтте  пішен  шауып

жүрген  Мақыбай,  Есенейдің  сол  тұсқа  жайылып  келген  қойларынан  бір

марқасын басып қалады да, осы ұрлығынан кейін, Есеней оны шақыртады.

Бара  қалса  не  істейтіні  белгілі:  арқасын  жалаңаштап  қойып  жігіттеріне

Дүре соқтырады. Дүренің саны үштен жиырма беске дейін. Бұл жазалаудан

өліп  кеткендер  де,  өмірінше  кемтар  боп  қалғандар  да  болған,  талай

адамның жонында тыртықтап қалған...

Осындай жазадан қорыққан Мақыбай Қабан станицасына қашып барады

да,  соның  ірі  байы,  əрі  беделді  адамы  –  Қарас  Казинге  қорғалайды.

Қарастың арғы атасы – қазіргі Тюмень қаласының орнында болған. Көшім

хандығының  ордасы  –  Шаңғы  Тұраның  қазысы  екен.  Сол  маңайды  он

алтыншы  ғасырдың,  сексенінші  жылдарында  Ермак  жаулап  ап,  Кешім

Ноғайлы  хандығына  қашқанда,  қазы  (аты  мəлімсіз)  қолға  түскен.  Сонда

Ермак қазыға - «христиан дініне шоқынсаң тірі қаласың əйтпесе өлтіреміз»

деген.  Қорыққан  қазы  шоқынған.  Содан  өрбіген  ұрпақтың  бəрі  –  «Казин»

аталған.


Казиндер  ерте  заманнан  бай  да  болған,  атамандық  чин  де  қолдарынан

кетпеген ірі тұқым екен. 1812 жылдың Отандық соғысында Кирилл Казин

аса  ерлік  көрсетіп,  француздар  жеңілгеннен  кейін  Россияда  бірінші

Александрдың  əрі  –  сүйіктісі,  əрі  –  сарайының  күзетінде  тұратын  сенімді

адамы болған деседі.


Біз  атап  отырған  Қарас  Казин,  сол  Кириллдан  өрбіген.  Біраз  жыл

Ыстаптағы  əскерлік  бөлімде  сотник  болған  ол,  сақа  жігіт  шағында

отставкаға  шығады  да,  Қабанда  тұратын  ағайындарына  келіп,  сонда

үйленеді. Алған əйелі, осы станицадағы мықты жəне бай тұқымның бірі –

Куяновтардың  отырыңқырап  қалған  көртамыштау  қызы  –  Глафира  екен.

Содан басқа баласы болмаған дəулетті əке, біреуді күшік күйеу ғып кіргізіп

алу  ниетінде  жүргенде,  отставкаға  шыққан  Қарас  кезіге  қалды.  Куяновтар

мен  Казиндер  бұрыннан  да  бір-бірімен  қат-қабат  құда  екен.  Олай  үйлесе

кетеді.

Ауыр  дəулеттің  ішіне  кірген  Қарас,  шаруаны  тез  меңгеріп  əкетеді.  Ол



қайын  атасының  егінін  де,  малын  да  əрі  қарай  молайтып  əкетеді.  Бағына

қарай,  əйелі  де  шаруашыл  адам  болып  шығады.  Екеуі  бірігіп  құрастырған

дəулет, аз жылдың ішінде, Қабан түгіл, сол маңайдағы станица байларының

маңдай алдына жетеді.

Мақыбай Қарастың қолына осы кезде келеді. Таныса келе байқаса, Қарас

мейлінше  қазақуар.  Қазақтың  сол  кездегі  байларымен,  билерімен,

əкімдерімен  тамыр-таныс.  Ол  қыс  қалада  тұрады  екен  де,  жаз  қазақ

ауылдарына араласып жайлауға көшіп, ақ киіз үй тігіп, желілеп бие байлап,

қой көгендеп, тамырларымен қонаққа шақырысып үйіне барғанда қазақша

қонағасы беріп... дегендей, қазақ ғұрпын да қолданады екен. Қазақтың тілін

де  білетін  ол,  ауыл  арасындағы  дау-шарды  шешуге  де  араласып,  билік  те

құрады  екен.  Сондықтан  қазақтар  оны  -  «Қарас  би»  деп  те  атап  кеткен.

Қазақтардан  ол,  арғы  атасының  Көшім  хандығына  имам  болғанын,

Ермактан  қорқып  амалсыз  шоқынғанын  жасырмай,  «мұсылмандығын

тастамай  күндіз  шіркеуге  барып  шоқынса,  түнде  үйінде  намаз  оқып,

өлерінде  молдаға  иман  айтқызған»  деп,  «көмгеннен  кейін  көкке  ұшып

кеткенін  көрген  кісі  бар»  деп,  «алда  садағаң  кетейін-ай!»  деп  біреулері

жылап  та  алады  екен.  Қазақтардың  сол  сезімін  күшейте  түсу  үшін,

«бергілеріміздің  де  көбіміз  іштей  ата  жолындамыз,  мен  өзім  де  солаймын,

мысалы, шіркеуге бармаймын, шошқа етін татпаймын» дейді екен. Расында

да ол қала,  далада қара малдың  ғана етін жеп,  қыстыгүні жылқы малынан

қазақша  соғым  сояды  екен  жəне  біреулеп  емес,  бірнешеулеп.  Өйтуіне

жылқысы жетеді екен: білетіндер «оның жылқысының саны мыңнан асты»

деседі.


Қазақтарға  «іштей  мұсылманмын»  дейтін  Қарас,  сенімінде  шын

мағынасындағы  православие  дінінің  адамы  еді.  Ол  тілін  алатын

қазақтардың  бірталайының  əсіресе  жалшыларын  жасырын  үгіттеп,

шоқынуларына  себепкер  болды.  Сондықтан  да  біздің  заманда  үй  саны  үш

жүзден  асатын  Қабанның  тең  жарасына  жақыны  –  шоқынған  қазақтардың

тұқымы.


Есенейден  қашып  барып  қорғалаған  Мақыбайға  да  Қарас  машық  əдісін

қолданды.

–  Есеней  күшті  кісі,  –  деді  ол,  –  шоқынсаң,  ғана  əлі  келмейді  саған,


əйтпесе ұстап тұра алмаймыз.

Мақыбай амалсыз шоқынды.

Бір  сəтте  ол  ауылда  қалған  Қатындарын  ұрлап  əкелді.  Онда  баланың

басы  жеті-сегіз  еді.  Жаңа  орын  жақпады  ма,  əлде  есі  кіріп  қалған  балалар

бұл орынды жатырқады ма, аз жылда өзгелері өліп, ересек жастағы жалғыз

Сатыбалды ғана қалды.

Ол  түр-тұлға  жағынан  да,  кескін-кейіп  жағынан  да,  мінез-құлық

жағынан да аумаған əкесі: екеуі де қара өңді, екеуі де кеспелтек орта денелі,

екеуіне  де  бала  шағында  қалың  шешек  шыққандықтан,  кескіндері  қалық

қара  бұжыр,  екеуі  де  кейкі  танау,  екеуі  де  сығырайған  қыпылық  көз,  екеуі

де тілдерін жылтыңдатып жоғарғы еріндерін сорып отыратын жалақ, екеуі

де жатып атар қу, екеуі де үзеңгінің көзінен өтетін жылпос. Сондықтан да

сыншы біреу, əкелі-балалы екеуіне қарап отырып:

– Жұрт орысты сүгіретші дейді, шын сүгіретші қазақта екен ғой! – депті.

– Неге олай дедің? – деген сұрауға:

–  Қараңдаршы,  анау  əкелі-балалы  екеуіне!  Осылардай  біріне-бірін  дəл

ұқсатқан сүгіретші көрдіңдер ме? – депті.

Қарас ірі сəудегер де болған. Ол: Танша, Атбасар, Қоянды аталатын сол

кездің  ірі  жəрмеңкелерінен  қысыр  сиырларды,  өгіздерді  табындап  сатып

алады  екен  де,  жаздай  жайылымда  ұстап,  семіздерін  Қорған,  Челяба,

Тюмень, Ірбіт, Тобыл сияқты қалалардың қырмандарына күздігүні тоғытып,

арықтарын  жемге  қойып  семіртіп,  қыс  сатады  екен.  Осы  шаруаны  ол

Мақыбайға  басқартқан.  Қабанға  жақын  жерде  Қарастың  «Моховик»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет