Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


Ертедегі  керейлер  туралы  зерттеудің  өзекті



Pdf көрінісі
бет37/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124
Байланысты:
abuev

Ертедегі  керейлер  туралы  зерттеудің  өзекті 

мәселесі-олардың  қай  тілді

  падаланғандығы  жөнінде.  Осы 

тақырыпқа  қалам  тартқан  зерттеушілер  Рашид-ад-диннің 

қарама-қайшылыққа  толы  еңбегіне  сүйенеді.  Кейде  ол  өзінің 

жазған «Түркі тайпасы туралы» бөлімінде керейлердің түркіден 

шыққанын  жоққа  шығарады  да,  «монғолдан  тараған»-деп 

жазады[11].    Ол  керейлер  туралы:  «

в  настоящее  время 

называют  монголами,  однако  вначале  их  название  не  было 

таковым…,  не  столь  давно  получили  имя  монголов

»-деп 


түсіндіреді[12].  Тіпті  ол  монғол  туралы  «

в  древнее  время 

монголы 

былинародом, 

принадлежащим 

к 

тюркским 

племенам

» [13]-деп жазады. 

Сірә  Рашид-ад-дин  үшін  «түркі»  термині  этникалық  та, 

лингвистикалық та емес, әлеуметтік-саяси жағынан «көшпенді» 

сөзінің баламасы сияқты. Сондықтан да ол түркі тайпаларының 

құрамына  тек  түркі  ғана  емес,  сонымен  қатар  монғол,  таңғұт, 

түнгус-манжур тайпаларын да жатқызады.

Керейді 


монғолтілділер 

қатарына 

жатқызушылар 

«

кереит

»  (кэрэит,  кэрээд  т.б.)  термині  монғол  тіліндегі  сөз 

және  ойрат  (батыс-монғол),  қалмақ  тілінде  «қарға»  деген 

мағынаны  білдіреді  дейді.Бұл  термин  яғни  «кэрэ»  сөзі  ойрат-

қалмақ  тіліндегі  «қарға»  сөзі,  ол  көпше    түрде  қолданылатын 

кэраат  (халха-монғолша-хэрэит)  болып  шығады[14].  Кереит 

этнонимінің  монғол  тілінде  оңай  түсіндірілетінін  ескерсек, 

жоғарыдағы  авторлардың  яғни  керейлерді  түркіден  шықты 

117



деген пікірінің қате екенін мойындауға тура келеді[15].

Әбілғазы  «кереит»  сөзін  «қара  қой»  деп  аударып,  

олардың түркі тілдес екендігін айтады[16]. Түркітанушылардың 

басым  көпшілігі  бұл  пікірді  қолдайды  [17].Керейді  атақты 

шығыстанушы  Н.А.  Аристов  та түркілерге жатқызады. Мысалы 

ол      жоңғар  аймағында  «кериет»,  «абагас»  керей  және  абақ 

керей  сөздерінен  айнымайтынын,  сонымен  қатар  «эркэтын» 

түркі тайпасындағы арғын болуы мүмкін екендігін жазады [18]. 

Орыс 

тарихшылар 



Грумм-Гржимайло, 

Санжеев 


Г,. 

Владимерцев  Г.,  Киселев  С.  және  басқа  да  ғалымдардың  

керейді  монғол  тілділер  қатарына  жатқызуы  сын  көтермейді 

[19]. 


Керей  мен  қаңлының  туыстығы жөніндеде деректер бар. 

Бұл  туралы  белгілі  қазақ  зерттеушісі  А.  Қадырбаевтың  қытай 

дерегінен  алынған  мағлұматтарына  сүйене  отырып,  жасаған 

тұжырымын  мысалға  келтіруге  болады:  «… 



В  китайском 

источнике  «Мэнуэр-шицзы»  говорится:  Кереиты  были 

предками  канглы.  Западные  племена  именовались  канглы, 

восточные  –кереями…

»  [20].  Зертеуші  Р.  Храпачевский  өз 

еңбегінде  керейлердің  түрік  екендігін,  олар  түріктің  қаңлы  мен 

оғыздан шыққандығын және тілі түрік болғандығын еске салады 

[21].

П. 


Ратчневский 

керейлердің 

ішіндегі 

монғолдық 

элементтердің  болуын  қидандардың  бір  бөлігінің  керейлерге 

сіңіп  кетуімен  түсіндіреді.  [22].  В.И.  Рассадин  монғолдың 

«Құпия  шежіресінің»  тіліндегі  түркизмге  талдау  жасай  отырып, 

керей  мен  наймандардағы  кісі  есімдерінің  құрамында  түрік 

элементтері  көбірек  кездесетіндігі  ертедегі  түрік  мәдениетінің 

зор  ықпалы  болғандығын  көрсетеді  деген  қорытындыға  келеді 

[23].Р.Г.  Кузеев  ХІХ ғасырдың басындағы керейлерді кейбірінің 

түркіден,  енді  бірінің  монғолдан  шыққан  дейді  [24]..  Н.  А. 

Аристов.  Г.И.  Грумм-Груммжимайло,  В.В.  Бартольд,  Х.Ховорс 

және  басқалар  бастаған  пікірталастың  соңғы  нүктесі  әлі 

қойылған  жоқ,  бірақ  соған  қарамастан  керейлерді  түркіденен 

шыққан  деген  идеяны  айтушылар  қатары  көбейе  түсуде  

[25].Сонымен  қатар  бұл  авторлар  найман  мен  керейлер  тек 

қана  түркітілді  емес  қыпшақ  тілінде  сөйлеген  деп  те  есептейді

[26].

Қорыта  айтқанда,  қалай  дегенмен  көне  керей  тайпалары 



өзінің  геосаяси  жағыдайына  байланысты  қос  тілді  меңгеріп, 

этникалық жағынанда әрқилы болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет