ғасырдағы Цзубу көшпенділерінің конфедерациясы құрылғанға
дейінгі олардың тайпалар одағы болғандығы туралы мағлұмат
аз. Ғылымдағы барлық мағлұматтарды жанама және нақты
дәлелденбеген деп мойындауымызға тура келеді.
Қалмақ авторлары керейлердің көне тарихын монғолтілді
шығыс халқымен байланыстырады. С.К. Хойттың пікірінше
керейлер-
қидандардың
және қиыр шығыстағы
шивэйдің
бір
бұтағы [27].Г.О. Авляев керейлер ІХ ғасырдың екінші
жартысында оғыз-татар немесе шивэйден бөлініп шыққан
дейді. [28].
Керейлердің
ру-тайпалық
құрамына
талдау
жасағанымызда осы бір орта ғасырдағы этностың бір бөлігін
батыстағы түркітілдес халықпен байланыстыруға болады.
Деректерге сүйенсек, ХІІ ғасырда керейлер керейт
тайпасы, қарқын (харакин) жырқын (джиркин), конкайт (тункаит),
сакаит (сагат) тумаут (дубоут), албат болып бөлінген. «-Ат, -ит»
жалғаулары монғол тілінде көпше түрді білдіретіндіктен
жекеше түрде олар былай айтылады:
Достарыңызбен бөлісу: