ХАЛЫҚТЫҢ ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕРЛІГІ
Оразаева Ж.Ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
Ақтөбе қ.
zh.orazaeva@mail.ru
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы
Күштерінің
жеңіске
жетуіне
елде
қалған
еңбекшілер
жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы
айларынан
бастап,
Қазақстандағы
экономиканы
соғыс
мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам
ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар
неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп
келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға
барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының
өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары
орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паровоз жасау
зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және
басқалары бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп
орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика
негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Майдан шебінен көшіп келген
кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2 300 мың
шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен
бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын
бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен,
басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті. [1: 360]
Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді.
Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс
істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар
соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе
отырып,
еңбекте
жаппай
ерлік
көрсетті.
Қазақстанды
майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери өнеркәсіп
ошағына
айналдырды.
Мұның
өзі
жалпы
одақтық
экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты
жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап
етті. Оған Батыс аудандардан соғыс кезінде көшіріліп келген
220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы
156
болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар
ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған
кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы
республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе
ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады.
Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода
шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты
шөптен
дәрі
жасауды
игерді.
Теміртауда
Қарағанды
металлургия комбинатын салу қолға алынды. [2: 207]
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының
бірінші
кезегі,
Өскемен
мыс
зауыты
іске
қосылды.
Республикада қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі
қалыптасты.
Соғыс жылдары Қарағанды көміршілері Сібір, Орал,
Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген
көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген
лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті.
19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Мұнай
кәсіпшілігінің қуатты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай
мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында
Қазақстан 2472,2 мың тонна сапалы мұнай өндірді.
Соғыс кезінде Қазақстан өнеркәсіп потенциалының күрт
артуы электр қуатын көп тұтынуды қажет етті. 1941 жылғы
қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын
өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға
дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш,
шахта және басқа өндірістер салынды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол
транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде
маңызды рөл атқарды. 1943 жылы темір жолда әскери жағдай
енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат
тасуды жақсартты.Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер
атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды.
Республикада көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуына
байланысты темір жолдың жаңа желісін салу жұмыстары
қарқынмен жүргізілді. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-
Қандағаш темір жолдары іске қосылды.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен
аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке
қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз-совхоздарында
жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып
алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің
үлгісін көрсетті. Солардың бірі Батыс Қазақстан облысының
157
Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы
Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен
тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау
тапты. [3: 182]
Жауды жеңуге республиканың оқыған зиялылары да
өздерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары еліміздің батыс
аудандарынан уақытша көшіп келіп паналаған ғалым, жазушы,
әртіс, ұстаз, дәрігерлермен т.б. толықтырылды.
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық
шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның
негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик
В.Л.Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының Қазақ
бөлімшесі
Президумының
төрағасы,
көрнекті
ғалым
Қ.И.Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары
қатысты.Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын
ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.
Қазақстанның бүкіл экономикасы мен адам күшін Ұлы
Отан соғысы майдандарының талаптарына сай жан-жақты
жұмылдыруда республика партия, кеңес және шаруашылық
органдары үлкен айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын
жүзеге асырды. Соғыс жылдары республика басшылары Н.А.
Скворцов, Н. Оңдасынов, Ә. Қазақбаев, Ж. Шаяхметов және
басқалары
соғыстың
қиын-қыстау
жағдайында
әскери-
мобилизациялық жұмыстарын жүргізді. Олар Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінің барлық
салаларына
басшылық
етуде
өздерінің
жоғары
ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.
Достарыңызбен бөлісу: |