«Адамды тәрбиелеу – демек, оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу»



бет1/8
Дата11.01.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7468
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім үйлестіру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қ. Изтлеуованың ұйымдастыруымен балабақшамызда «Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

«Адамды тәрбиелеу – демек, оның

ертеңгі қуанышқа ие болатын

келешек жолын тәрбиелеу»

А.С. Макаренко

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»деп атап өткен болатын. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы, МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы жоба бойынша 140 бала тәрбиелеуде. Балабақшамызда тәжірибелі жоғары санатты мамандармен қоса жас мамандардар да еңбек етуде. Балабақша педагогтары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа әдістерін пайдаланып келеді. Республикалық, облыстық білім жетілдіру курстарына қатысып, жаңа бағытта «Тәй-тәй», «Монтессори», «Тұз терапиясы» технологияларын оқу үрдістерінде енгізіп бастадық. Осы оқу жылында Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім үйлестіру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қ. Изтлеуованың ұйымдастыруымен балабақшамызда «Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.



Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту процесіне жаңа технологияларды пайдалану, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.

Семинар практикалық бөлімнен басталып, онда балабақша тәрбиешісі Д.Нұрмагамбетова, А.Ақмолдина, Ж.Бекназарова және ата-ана А.Нурбосиновалар орталықтарда «Тәй-тәй»технологиясымен үлгі сабақ көрсетсе, «Табиғат байлықтары» тақырыбында «Тұз терапиясын» қолдана отырып, жоғары санатты тәрбиешіміз А.Бекмагамбетова, «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі А.Бекмұратова, «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Б.Беришбаевалар десант сабақ көрсетті. С.Тоғызбаева, М.Онайбаева, Г. Жайчибековалар «Балабақшадағы жеке тұлғаға бағытталған үш тілді үйретудегі құзырлылық амалдар» тақырыбында ертегі желісінде ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен ертегілер еліне саяхат жасады. «Біз өнерлі баламыз» атты сазды өнер көрсетілімін ән-саз жетекшісі А.Темиртасова, «Қиял әлемінде» қол өнер көрмесін бейнелеу пәні жетекшісі Ж.Бекназарова көрсетті. Балабақша психологі Б.Шайхигалиева келген қонақтармен «Ұжымдық. Достық. Әріптестік» тақырыбында қызықты тренинг ұйымдастырды. Семинар соңы дөңгелек үстел басында пікір алмасумен қорытындыланды. Нәтижесінде үлгілі сабақ көрсеткен балабақшамыздың тәрбиешілері А.Бекмагамбетова, Д.Нұрмагамбетовалар, «Бәйтерек» балабақшасы аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс» хатымен марапатталды. Семинардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа алған балабақша директоры Ү.Нұрмұханқызының еңбегі ұшан-теңіз. Аудан көлемінде осындай семинарлар ұйымдастырып, жас мамандарға тәжірибе көрсету игілікті істің бастауы болса, біздің балабақшадан азғантай болса да өздеріне қажетті тұстарын алып жатса, біз оған қуаныштымыз.

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр селосы

«Бәйтерек» балабақшасының әдіскері П.Жансап

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

«Гүл шоғы»

тақырыбындағы кіріктірілген оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

(тәй-тәй технологиясымен)

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология, көркем әдебиет, бейнелеу өнері.

Тақырыбы: «Гүл шоғы».

Мақсаты:

Білімділігі: Гүлдер туралы түсінік беру арқылы қызғалдақ гүлін танып атай білуін дамыту, гүл шоғы туралы мағлұмат беру. Бөлме гүлдерімен дала гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру. Аспазшылыққа үйрету.

Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтандыру. Шығармашылық қабілеттерімен,эстетикалық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Табиғатқа, гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Ғылым орталығы: ноутбук, гүл туралы слайд,құмырадағы табиғи қызғалдақ гүл шоғы.

Өнер орталығы: гүлдер жиынтығы макеті, су сүлгі, ермексаз, тақтай.

Көркем әдебиет орталығы: ноутбук, табиғи қызғалдақ гүлінін макеті.

Әдіс –тәсіл: сөздік, зерттеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап.

Жаңа сөз: гүлдің күлтешесі.

Билингвизм: Гүл-цветок, қызғалдақ-тюльпан

Гүл шоғы-букет цветов

Технология: «Тәй- тәй» технологиясы.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Ғылым», «Көркем әдебиет», «Өнер», «Аспаз» орталықтар.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Іздену- ұйымдастырушы

Рефлексті -коррекциялаушы

Іздену-ұйымдастырушы

Рефлексті -коррекциялаушы

Іздену- ұйымдастырушы

Рефлексті-коррекциялаушы

Іздену-ұйымдастырушы

Рефлексті-коррекциялаушы


-Балалар, бүгін тобымыз әсем гүлдерге толы керемет көңіл-күй сыйлап тұр.

-Ал, сендердің көңіл- күйлерің қалай?

Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Ғажайып сәт:

-Гүл күлтешесінен қызғалдақ кейпінде киінген қыз шығады.

- Балалар мен қызғалдақ гүлімін, кең далада жалғыз тұрып зерігіп кеттім, балалар менің достарым жоқ сендер маған дос боласыңдар ма?

Әрине балалар дос болады, дегенмен қызғалдақ біз саған өз достарыңды табуға көмектесеміз, солай ғой балалар олай болса, өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша орталықтарға бөлінейік.



«Ғылым» орталығы

Балалар, Ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Педагог үнтаспа арқылы музыка қосады.

Көктем күн Жер-ананы қыздырып , табиғаттағы бар ті ршілік иелері оянып, гүлдер Жер-анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созады.

-Балалар сендер көктемнің алғашқы гүлдері болып, Жер анадан нәр алып күлтелеріңді аштыңдар.

Қандай сезімде болдыңдар?

Гүлдердің адамдарға тигізетін пайдасы бар ма?

Гүлдер жерге көрік, әсемдік, әдемілік береді. Адамдарға қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайды. Гүлдердің кейбір түрінен түрлі дәрілер дайындайды.

Оларды үш топқа бөлеміз: бөлме гүлдері, бақша гүлдері, дала гүлдері. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бөлме гүлдері айрықша күтімді қажет етеді, бақша гүлдерін уақтында отырғызып, күтім жасап отырады, дала гүлдері табиғатта өз алдына тіршілік етеді, оған күтім жасамайды. Барлық гүлдердің бір-бірінен айырмашылығы пішіні, иістері, сабақтары, жапырақтары жағынан ерекшеленеді. Гүл ауаны улы заттардан қорғайды.

Балалар бүгін көктем мезгілінде шығатын гүлдердің бірі-қызғалдақпен таныс боламыз.

Қызғалдақ көктемнің сәуір, мамыр айларында жазық далаға қырда өсетін өсімдік. Бұл гүлдер құлпырып өсіп, даланың сәнін келтіреді.

Балаларға қызғалдақ гүлін ұстатып иіскету.

Балалар қызғалдақтың иісі қандай?

Гүлдің құрылысымен танысайық:

Тамыры: өсімдіктерді жерде мұқият ұстап сумен қамтамасыз етеді.

Сабағы: жапырақтардың күнге қарай көтеріліп өсуіне көмектесіп оларды көтеріп тұрады.

Жапырағы: қоректі күннің көзінен алады. Өсімдік денесіндегі судың мөлшерін бір қалыпты ұстауға көмектеседі.

Қызғалдақтың 32 түрі бар. Бұлардың биіктігі 3-50 см – дейін өседі. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамыры мен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып , оны құрғақ салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ пиязшықтардың ішінде табиғатта кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланатын өсімдік.

Балалар қызғалдақ орыс тілінде:

Гүл-цветок

Қызғалдақ-тюльпан

Гүл шоғы-букет цветов


Балалар гүлдерге қандай күтім керек?

Балалар біз бүгін қызғалдақ гүлінің құрылысымен таныс болдық. Жинап алып гүл шоғын жасайды. Гүл шоғын мерекелерде аналарымызға сыйлаймыз. Ал, бүгін біз гүл шоғын қызғалдаққа сыйлаймыз.

Дидактикалык ойын: «Гүлдерді ажырату»

Мақсаты: Танымдық қабілеттерін арттыру.

Балалар гүлдерді топтарына қарай қалташаларға саламыз.

Сергіту сәті слайд арқылы көрсетіледі.


-Балалар, бізге кімдер келді?

Балалар бүгін қандай гүлді көрдіңдер?

Кызғалдақ қандай гүл?

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.



«Көркем әдебиет» орталығы

«Көркем әдебиет» орталығына қош келдініздер!

Балалар бізге бүгін кім келді?

Қызғалдақ әбден зерігіп өзіне достар іздеп жүр екен.

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене,балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Ноутбуктен көрсету).

Балалар гүлдің түрлері өте көп.

Гүлдер: бөлме гүлдері, бақша гүлдері, дала гүлдері болып бөлінеді. Гүл –табиғаттың әсем көрінісі. Адамдарға қуанышпен бақыт сыйлайды. Сондықтан гүлдерді үнемі күтіп баптау керек.

-Ендеше, бүгін біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде «Қызғалдақ» ертегісімен танысамыз.

«Қызғалдақ» ертегісі

Ертеде заманда бір қызғалдақ гүл өмір сүріпті.

Қызғалдақтың басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Қызғалдақ жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін қызғалдақтың көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әртүрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Қызғалдақ оны байқамайды. Қызғалдақ тағы да менің достарым жоқ деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан жағына қараса кішкентай –кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Қызғалдақ : «Енді менің достарым көбейді, алақай» -деп қуанады. Содан бәрі әртүрлі гүлдер жерге шыға бастайды.

Гүлдер көбейіп үлкен гүл шоғына айналыпты. Міне балалар осылай қызғалдақ өзіне коптеген достар тауыпты. Балалар енді осы ертегіні ойын-жаттығумен жалғастырамыз.

«Қызғалдақ» ертегісін ойын-жаттығу арқылы бірге сомдайды.

Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейінділікке тәрбиелеу.
Балалар гүлдер туралы қандай тыйым сөздер білеміз?

Иә, балалар гүлді жұлуға болмайды, гүлдер әсемдіктің, әдеміліктің символы, сондықтан әрдайым күтуді қажет етеді.



«Гүлді жұлма, ағашты жастай қырықпа» иә балалар, ағаштарды кесуге, гүлдерді жұлуға болмайды екен.

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар береді.

-Қызғалдақтың досы болды ма?

-Достары қалай пайда болды?


Балалар ертегі сіздерге ұнады ма?

Қорытындылау сұрақтары.


«Аспазшы» - сюжетті-рольді ойын орталығы
Аспазшы балалардың қолдарын жууды ұйымдастырады.

-Балалар, ойын орталығына қош келдіңіздер!

Балалар бүгін бізге кім келді?

Қызғалдақ қандай себеппен келді?

Олай болса, досымызға тәтті тоқаш пісірейік?

Біз бүгін осы кескіштерді пайдаланып тәтті тоқаштар дайындаймыз.

-Тоқаш дайындау үшін ұнға су, тұз, қант, сүт, жұмыртқа, қаймақ қосып қамыр илейміз. Міне, мынадай қамыр дайын болады.

Алдымен сендер тақтайшаны майлап алыңдар. Аспазшы қамырды бөліктерге бөліп балаларға берді.

-Қамырды алақандарымыздың жылуын бере отырып домалақтаймыз. Тақтай үстіне қойып жазамыз. Кескіштерді алып кесеміз.

-Балалар, дайын болған тоқаш кеспелерін ыдысқа салып,пешке қоямыз. (Тәрбиеші көмекшісі жасаған қамырды пешке алып кетеді).

Аспазшы балалардың қолдарын жууды ұйымдастырады.
-Балалар, тәтті тоқаш дайын болғанша мен сендерге «Қызғалдақ» туралы өлең оқып беремін.

Бар сұлулық өн бойынан табылар,

Қызғалдаққа сын барма екен табылар, Ренжігенге қуанышын сыйлайтын,

Сиқырлы оның қасиеті тағы бар.

Көз тартады тіпті санау алыстан,

Сағынысып Жер-Анамен табысқан.

Жасыл шөптен даралап әдейі,

Боялғандай қызыл түсте қаныққан.


Балалар, тоқаштарымыз дайын болған сияқты, кәне дәмін татып көрейік, қалай екен?

(дайын болған тоқаштардан қонақтарға ауыз тигізу)


Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.
-Балалар, бүгін біз не жасап үйрендік?

-Тоқаштар жасаған сендерге ұнады ма?

-Сендерге рахмет! Өз қолдарыңмен тәтті тоқаштар жасап еңбек етіп, үлкендерді қуанттыңдар.

«Өнер» орталығы.

Балалар, өнер орталығына қош келдіңіздер!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде күн жылынып, дала гүлдері жайқалып шыға бастайды. Міне, солардың бірі қырдың қызғалдағы бізге достарын іздеп келіпті, біз қызғалдаққа оқу іс-әрекетіміздің барысында достар тауып береміз, солай ғой балалар.

Балалар мына дала көрінісі макетіне назар аударайықшы.

Балалар көктемде шығатын дала гүлдерінін бірі –Қызғалдақ. Қызғалдақтың түсі қандай?

Қызғалдақ –шөптесін өсімдік. Көктемде далада, тау етектерінде өседі. Әдемі гүл шоқтарын анамызға сыйлауға болады. Біздің елімізде қызғалдақ бейнесін қолөнер шеберлері көп пайдаланған. Зергерлер сақина, білезік, камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына қоржын дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірген. Балалар олай болса, қызғалдақ гүлінен гүл шоғын жасаймыз. Алдымен жұмысқа кіріспес бұрын саусақ жаттығуын жасап аламыз. Саусақ жаттығуы:

Жер қазайық (саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді).

Дән салайық (сұқ саусақпен дән салады).

Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді).

Су құяйық (тамшылатып су құяды).

Педагог керекті заттарды беріп үлгі бойынша жасалу жолдарын үйрету.

-Балалар, қызғалдақ гүлінің күлтелерінің түсі қандай?

Ермексазды алақанға салып домалақтап жұмсарту арқылы ширатып сабағын, алақанмен сәл басып жалпақтап сопақша етіп жапырағын, күлтесін жасау үшін үш бірдей домалақ жсап алуымыз керек. Саусақтарымыздың көмегімен сопақша пішінге келтіріп, оны жалпақтап, екі ұшын сұқ сасақ, ортаңғы сасақ көмегімен доғалдап күлтелерін жасаймыз.


Балалардан гүл шоғын салу үшін ермексаздың қандай түсін пайдаланғанын, немен толықтырғанын сұрап, балалардың жұмысына талдау жасау, мадақтау



-Жақсы.
Балалар қонақтармен амандасады.


-Иә, көмектесеміз

Балалар ноутбукка назар аударады.

-Гүл сияқты сезіндік.

-Бар.Ауаны тазартады, айналаға көрік береді.

Балалар зейін қойып тыңдайды

-Хош иісті

Балалар қайталайды


Гүлге су керек.

Сүйіспеншілік керек.

Гүлге жылу керек.

Гүлге күтім керек
Гүлдердің әрқайсысын өз қалташаларына салады.

-Қызғалдақ гүлі

-Дала гүлі

Қызғалдақ гүлі

Ертегіні мұқият зейін қойып тыңдайды.

Балалар ертегі жүрісі бойынша заттарды ретімен орналастырады.


Гүлді жұлма, бұтақты сындырма.

Жалғыз ағашты кеспе.

Көкті таптама.


-Болған жоқ.

-Қызғалдақ қимыл жасап билейді, тұқымы жерге себіліп, жаңбыр жауғанда достары пайда болады.


-Иә, ұнады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қолдарын жуып келеді.

-Қызғалдақ гүлі.

Дос іздеп келді.

Балалар тоқаш пісіруге дайындалады.


Балалар тақтайшаны майлап, жұмысқа кіріседі.

Алақандарына салып домалақтайды, оқтаумен ысады, әртүрлі пішінді кескіштермен қамырды кеседі.

Балалар қимылмен жасайды.
Әртүрлі гүлді тоқаштар жасап үйрендік.

Иә, ұнады.

-Сау болыңыз.
-Көктем мезгілі.

-Иә, көмектесеміз.

-Қызыл.
-Балалар бейнетаспаға назар аударады.

-Балалар жетекшімен бірге саусақ жаттығуларын орындайды.


-Қызыл


Сабағы мен жапырақтары жасыл

Балалар қалай және қандай түстер пайдаланғанын айтады. Жұмыстарын көрсетеді.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Гүлдер туралы, гүл шоғы туралы түсінеді.

Нені игереді: Қызғалдақ гүлін мүсіндеуді, гүл түрлерін ажырата білді.

Нені білді: Қызғалдақ гүлін танып атады, гүл шоғын жасап үйренді.


Ғылым» орталығында тәрбиеші: Нұрмагамбетова Динара Көмекбайқызы

«Көркем әдебиет» орталығында тәрбиеші: Ақмолдина Амангүл Мұратжанқызы

«Өнер» орталығында бейнелеу пәні мұғалімі Бекназарова Женіс Базарбайқызы

«Аспазшы» сюжетті–рөлді ойын орталығында ата-ана: Нұрбосинова Айман Сұлтанқызы





Түпқараған ауданы

Ақшұқыр селосы

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

Тәрбиеші: А.Бекмагамбетова



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет