Мотивациялық қозғаушы
|
Балаларға қонақтармен амандасуды ұсынады.
-Балалар, сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
-Олай болса, мен сендерді еліміздің әсем де сұлу табиғатына қиялмен саяхаттап қайтуға шақырамын. Қане, барлығымыз көзімізді жұмайық.
-Міне, біз еліміздің сұлу табиғатын тамашалап келеміз. Шыңында аппақ қар жатырған, аспанмен таласқан асқар таулар, мөлдір таза өзендер мен көлдер, жап-жасыл жайқалған ну ормандар, кең жазира далалар, сан алуан гүлдер, жануарлар. Алыстан құстардың әсем әндері естіледі. Табиғат қандай тамаша!
-Көздерімізді ашып,
бақшамызға оралайық.
|
Балалар қонақтармен
амандасады.
-Иә
Балалар көздерін жұмып,
табиғат үндеріне елтіп,
қиялдайды.
Көздерін ашады.
|
Іздену- ұйымдастырушы
|
Балалар, біз қиялымызбен қайда барып қайттық?
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат қандай топтарға
бөлінеді?
-Өлі табиғатқа не жатады?
-Тірі табиғатқа не жатады?
-Кім табиғат туралы тақпақ біледі?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Табиғат дегеніміз-адам, аң-құс, өсімдік,тау-тас, өзен-көлдер, күн, ауа, жер. Бұлардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Осылардың қайсысы адам үшін ең қажеттісі деп ойлайсыңдар? Олай болса балалар,
қызықты көрініс тамашалайық.
Көрініс «Табиғат айтысы».
-Тоқтай тұрыңыздар, дауласпаңдар. Барлығың да қажетсіңдер. Сендер біздің байлығымызсыңдар. Балалар біз бүгін табиғат байлықтары туралы әңгімелесеміз. Табиғат байлықтарын пайдалану нәтижесінде адамдар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, жанар – жағар май, шикізат алады. (Слайд көрсетіп әңгімелейді). Біздің еліміз табиғи байлықтарға бай ел. Соның бірі өзен, көл, теңіздердегі балықтар. Онда сазан, алабұға, албырт, табан т.б. көптеген балықтар бар. Солардың ішіндегі еті жұмсақ, бағалысы бекіре. Бекіре өзіміздің Каспий теңізінде де бар. Олар азайып бара жатқандықтан бекірені аулауға тыйым салған. Балықтарға қалай көмектесе аламыз?
-Табиғат байлықтарына ну ормандарымызды, емдік шөптерімізді қоса аламыз. Қазақстанда жолжелкен, жалбыз, өгейшөп, түймедағы
т.б.емдік шөптер көп. Біздің өлкемізде адыраспан, жусан, итмұрын сияқты емдік шөптер өседі. Емдік шөптердің қандай пайдасы бар?
-Табиғат байлықтарына жерден өндірілетін пайдалы қазбалар да жатады. Мынау көмір, ол ертедегі өсімдіктердің шіріген қалдықтары сазға айналып, жер қойнауында қатып қалуының нәтижесінде пайда болады. Көмір Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі. Көмірдің түсі қандай, оны не үшін пайдаланады?
-Біздің өлкемізде қандай пайдалы қазба өндіріледі?
-Дұрыс, бізде мұнай өндіріледі. Оның түсі қоңыр қошқыл, кейде ашық сарғыш түсті болады. Оны «қара алтын» деп те атайды. Еліміз мұнай қоры жөнінен алдыңғы орындардың бірінде тұр. Мұнай көп жылғы жиналған өсімдік, жануарлар қалдықтарынан пайда болады. Мұнайдан не алынады?
Жанар-жағармайдан басқа мұнайдан иіссу, крем, дәрі-дәрмек, пластмасса
т.б. заттар алынады.
Табиғи байлыққа жататын пайдалы қазбаның тағы бір түрі – тұз.
-Тұз не үшін қолданылады?
-Ас тұзы біздің елімізде Арал теңізінен, Балқаш көлінен, Ертіс, Есіл өзендерінен алынады. Ас тұзынан басқа техникалық, емдік тұз түрлері бар.
Сергіту сәті.
Өзеннен жүзіп өтеміз.
Тауға өрмелеп шығамыз.
Тау-тастардан секіріп,
Ну-орманнан өтеміз.
Ашық алаңға жетіп,
Қуанып біз демаламыз.
Д/о «Табиғат ғажайыптары».
-Балалар, енді мен сендерді табиғат байлықтарының бірі тұзбен сурет салуға шақырамын.
|
Табиғат аясына саяхаттап қайттық.
Табиғат бізді қоршаған орта.
Өлі ж/е тірі табиғат.
Күн, су, ауа, тау, тас т.б.
Адам, өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер т.б.
Тақпақтар айтады.
Зейін қойып тыңдайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Тамашалайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Өзен, көл, теңізді таза ұстаймыз.
Шөптерден түрлі дәрілер жасайды.
Түсі қара, үйді жылыту үшін, үлкен пештерді қыздыру үшін.
Бізде мұнай өндіріледі.
Мұнайдан жанармай, жағармай алады.
Өз білгендерін айтады.
Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Қызығушылықпен ойнайды.
Балалар арнаулы тақтайшаларда тұзбен сурет салады.
|