«Адамды тәрбиелеу – демек, оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу»



бет7/8
Дата11.01.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7468
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
«Қиял әлемінде» қол өнер көрмесі



Дайындаған:Бейнелеу пәні мұғалімі Ж.Бекназарова


Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

«Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар»

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
«Ұжымдық. Достық. Әріптестік»

тренинг

Психолог: Б.Шайхигалиева

«Ұжымдық. Достық. Әріптестік»
Тренинг мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл-күйлерін көтеру.
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болу мақсатында тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1. «Танысу» жаттығуы

Тренингке қатысушылар өз-өздерін таныстырады.
2. Топқа бөліну

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Үш топқа мына аттар ұсынылады.

І – топ: Ұжымдық

ІІ – топ: Достық

ІІІ – топ: Әріптестік
Тапсырма. «Ой жинақтау». Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5 минут уақыт.
Психолог:

Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі.

Достық - адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу - таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау.

Әріптестік дегеніміз - белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, әншілер, құрылысшылар.
«Достық алақаны» жаттығуы.

Ақ парақтың бетіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Астына өз есімдерін жазу керек. Қатысушылар стол үстіне парақтарын қалдырып, өздері парақтан параққа жылжиды. Тапсырма: алақан иесіне жақсы тілек немесе осы адамның бойында бүгін тренингте ұнаған жақсы қасиеттерін жазулары керек.


«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Психолог: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?



Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға көп рахмет! Көктемдей құлпырып, әрдайым бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлап жүрейік. Келесі кездескенше!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет