Кіріспе
І. Қазақтың қол өнер туындылары
1.1. Қазақтың ұлттық зергерлікбұйымдары...............................................5-11
1.2 Зергерлік бұйымдар сыры.....................................................................12-16
ІІ. Тұмар жасау технологиясы және оқушыларға үйрету жолдары
2.1Тұмардың тарихы..................................................................................17-20
2.2 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан
дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі.........................................................20-24
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зертеудің көкейкестілігі. Тұмар – халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние. Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалта. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді.Қазақтың қол өнері – «алтын кемер белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық сөзін әрдайым адам баласына паш етіп келе жатқан бай қазына. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы.Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін – көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі түркінің «тума иер» - «туған жер» деген сөздерінің кірігуінен пайда болған.
Зерттеу пәні:Мектеп жасына дейінгі балаларға тұмар жасау технологиясын түсіндіру.
Зерттеудің обьектісі:Тұмар
Зерттеу мақсаты: білім беруде мектепке дейінгі жастағы балаларға тұмар жасау технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру және былғарыдан тұмар жасау технологиясының әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-Тұмар туралы түсінік
-Тұмардың жасалу технологиясын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәні:Зерттеу нәтежелерін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақтың қол өнер туындылары
1.1. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары
Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрлерін жалғастыра отырып, ғасырлар тереңіне бойлай енген. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.
Қазақстанның археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс. Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б.д.д. ІҮ ғ.) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.
Әшекейлердің кейбір түрлері, мәселен, қимасында дөңгелек болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс табуда. Оларға ұқсас білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды.
Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.
Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұран ысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған.
Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілігінде және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. Қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.
Кейбір деректер бойынша, қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынын бастап металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркістанның базарларынан сатып алатын болған. Сонымен бірге, материалдарды әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда көптеп келген татар көпестерінен де сатып алып отырған. Күмісті сатып алудың белгіленген бағасы болған. Күміс салмағының бір бірлігі (мысқал) 4 грамға тең келген және 20 тиын тұрған. Күміс кесек-кесекпен сатылып, былай айқындалған: күміс кесегі тайдың тұяғындай (бір тай тұяқ) – 80 мысқалға; қойдың тұяғындай көлемі (бір қой тұяқ) – 45 мысқалға; сиырдың көзіндей (бір сиыр көз) – 30 мысқалға тең деп саналған.
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білеккесалатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.
Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
Жеңілгек – жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.
Күміс отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
Қолтықша – иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |