Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Пайғамбарымыздың Зәйдті асырап алуы



бет35/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1
17.05.2021-ТОӨЖ-Авраев Е.М.-1күн, Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
Пайғамбарымыздың Зәйдті асырап алуы
Пайғамбарымыз Зәйдтің өзіне шын берілгендігіне қайтарым ретінде оны қолынан жетелеп қалың құрайыш жайлаған Хижр махалласына апарды да, халыққа былай деп үндеді:
“Уа, халайық! Мұнан былай Зәйд менің ұлым болмақ, куә болыңдар. Мен – оның, ол да менің мирасқорым”.
Меккеліктер бала асырап алғанда осылай жар салып, халыққа білдіруді әдет қылған. Пайғамбарымыз да осы әдет бойынша көп алдында жариялап, Зәйдті асырап алғандығын паш етті.
Алғашқыда ештеңенің мәнісін ұқпаған Хариса Хазіреті Мұхаммедтің бұл әрекетінен соң өзінен-өзі көңілі жайланып сала берді. Демек ұлы құл емес, сенімді қолда қалатын болғаны ғой. Ләм-мим деместен Хариса еліне қайтты.
Осы оқиғадан соң Меккеде жұрт Зәйдті Мұхаммедтің ұлы деп атай бастады.
Кейінірек Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар болғаннан кейін Аллаhтан түскен аян бойынша асырап алынған балаларды туған әкесінің атымен атап шақыру бұйырылды. Соған байланысты Зәйдті Зәйд ибн Хариса, яғни Харисаның ұлы Зәйд деп атайтын болды.
Бұл жөніндегі аяттың түсіндірмесі төмендегідей:
Оларды өз (туған) әкесінің атымен атаңдар. Аллаhтың назарында дұрысы да – осы. Әкесінің кім екенін білмесеңіздер, оларды діндес бауыр немесе дос деп санаңдар. (Яғни бауырым не досым деп шақырыңдар. (Ахзаб сүресі, 5-аят)”.
Хазіреті Омардың ұлы Абдуллаһ бұл жайлы былай деп баяндайды:
“Біз асырап алған баланы өз әкесінің атымен атаңдар” аяты түскенге дейін Зәйдті Харисаның ұлы деп емес, Мұхаммедтің ұлы деп атайтынбыз”.
Сондай-ақ сол аяттың үкіміне сәйкес асырап алынған балалар өгей әкесінің мирасқоры саналмайтын болды.
Хазіреті Зәйд Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскеннен кейін Хазіреті Хадиша мен Хазіреті Әлиден соң үшінші мұсылман атану құрметіне ие болған.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдті ерекше жақсы көретін. “Уа, Зәйд, сен өз бауырымызсың” дегенді жиі қайталайтын.
Жанындай жақсы көретін Зәйдті кейіннен өзінің бір кездердегі күтуші-тәрбиешісі Үммү Әйменге үйлендіріп, бұл некеден пайғамбарымыздың ерекше ілтипатына бөленген Хазіреті Усама дүниеге келген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет